Метка: құтқару

  • Жетісуда қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды

    Жетісуда қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды

    Жетісу облысының Алакөл ауданында құтқарушылар қар құрсауында қалған алты адамды эвакуациялады. 112 пультіне Үшарал–Достық республикалық маңызы бар автожолының 40-шы шақырымында жеңіл автокөлік қарға батып қалғаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды Sona.kz 112 Jetisy-ға сілтеме жасап.

    Көлікте болған алты адам құтқару қызметінен көмек сұраған. Оқиға орнына дереу Ақши ауылдық жедел-құтқару бөлімшесінің қызметкерлері барып, көлікті қар құрсауынан шығарып алды.

    Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге қолайсыз ауа райында жолға шықпауға, ауа райы болжамын алдын ала тексеруге және жол жағдайын ескеруге кеңес береді.

  • Алматыда ер адам өзенге құлаған баланы құтқарып қалды

    Алматыда ер адам өзенге құлаған баланы құтқарып қалды

    Алматыда өзенге құлаған баланы жақын жерде өтіп бара жатқан ер адам құтқарып қалды. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

    Желідегі мәліметке сәйкес, оқиға Алматыдағы Есентай өзенінде 27 қазан күні болған. Бейнежазбадан ер адамның киім-кешегін шешпестен баланы судан шығарып алғанын көруге болады. Сондай-ақ судан шошып қалған баланың «рахмет, аға» деп алғыс айтқаны да естіледі.

     

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от SONA.KZ — НОВОСТИ КАЗАХСТАНА (@sonanews.kz)

  • Астаналық тұрғын жасөспірімді өрттен аман алып қалды

    Астаналық тұрғын жасөспірімді өрттен аман алып қалды

    Астаналық тұрғын жасөспірімді өрттен аман алып қалды

    Бүгін таңертең Сығанақ көшесіндегі 12 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты. ТЖД мәліметінше, жоғарғы қабаттағы пәтерде жиһаздар мен заттар өртенген.

    Куәгерлер ер адамның қорғаныш құралдарынсыз балкон арқылы өртеніп жатқан пәтердің терезесіне кіріп бара жатқанын видеоға түсіріп алған.

    «МӨС-3 аға инженері азаматтық қорғау капитаны Серік Рахымжанов пен тағы бір азамат 2009 жылы туған қызды құтқарды. Ер адам көрші пәтерден балкон арқылы кіріп, қызды газ-түтіннен қорғау қызметіне тапсырды. Азамат туралы мәліметті анықтаймыз», — делінген хабарламада.

  • Ақтөбеде өрт кезінде 7 адам құтқарылды

    Ақтөбеде өрт кезінде 7 адам құтқарылды

    Ақтөбе қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы азық-түлік дүкенінде 4 ш.м. алаңда тоңазытқыш өртенді, деп хабарлайды Sona.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    «Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт шақыру түскен сәттен бастап 20 минут ішінде жойылды», — деп жазды ТЖМ.

    Ресми мәліметке сүйенсек, төтеншеліктердің күшімен баспалдақ маршымен 7 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала, жоғарғы қабаттардан 5 бала және 11 ересек адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

    ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

  • Талғарда өзенге батқан баланы құтқарған азамат марапатталды

    Талғарда өзенге батқан баланы құтқарған азамат марапатталды

    Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков ерлік жасаған Серікжан Сембайұлына алғыс хатпен, сыйлыққа соңғы нұсқасындағы Ipad-ты табыс етті.

    Аудан басшысы Ботан Серікжанның ерен ерлігі үшін Талғар ауданы жұртының атынан шексіз алғысын білдірді. 

    «Нағыз ер адамның қолынан келетін әрекеттер назардан тыс қалмауы керек. Еліміз өз батырлары туралы білуі қажет», — деді аудан басшысы.