Талғар қаласының бұрынғы әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы қызметінен кеткеннен кейін такси жүргізушісі болып жұмыс істеп жүр. Бұл туралы экс-шенеуніктің өзі берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта ол автокөлікті жалға алып, нәпақасын тауып жүр.
Бұрынғы қала басшысы өз таңдауын отбасылық жағдайымен түсіндірді. «Үйде әрекетсіз отыруға болмайды, отбасымды асырауым керек. Сондықтан таңғы үшке дейін жұмыс істеймін. Күнделікті жоспар бойынша 18 500 теңге төлеуім қажет», — деп атап өтті ол.
Еске сала кетейік, Талғар қаласының әкімі лауазымынан шамамен бір ай бұрын босатылған болатын. Ресми мәлімет бойынша, оның қызметтен кетуіне денсаулық жағдайы себеп болған. Ол әкімдік тізгінінде жүргенде әлеуметтік желілерде, атап айтқанда TikTok-та белсенділігімен танымал болды.
Сұхбат барысында экс-әкім өзінің кәсіби тәжірибесіне де тоқталды. Ол мемлекеттік қызметке қайта оралу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Егер тиісті ұсыныс түсіп, денсаулығы мүмкіндік берсе, ел игілігі үшін жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Айта кету керек, Талғар қаласы әкімдігіндегі ауыс-түйістер соңғы уақытта қоғам назарында. Арыстанбек Әбілқайырұлының отставкасы аймақтағы бірқатар кадрлық өзгерістермен тұспа-тұс келді. Қазіргі уақытта қала әкімінің міндетін басқа тұлға атқаруда.
Желі қолданушылары бұрынғы шенеуніктің бұл әрекетін түрліше қабылдады. Кейбіреулер оның еңбекқорлығын қолдаса, енді бірі бұл жағдайды мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктерімен байланыстыруда.
Метка: талгар
-

Мемлекеттік қызметтен таксиге: Талғардың бұрынғы басшысы желіде трендке айналды
-

Жылқы үшін жанжал: Талғарда ер адамды өз үйінде ұйықтап жатқанда өлтіріп тастаған
14 ақпанда Алматы облысының Талғар қаласында жеті баланың әкесін аса қатыгездікпен өлтіру дерегі тіркелді. Мәліметтер бойынша, марқұмға 30-дан астам пышақ жарақаты салынған. Бұл қылмысқа күдікті ретінде марқұмның әйелі мен қайын енесі ұсталды.
Зардап шеккен жақтың адвокаты қанды оқиғаның шығу себебін баяндап берді. Оның айтуынша, ер адамның әйелі күйеуіне айтпастан оның жылқыларын сатып жіберген. Осыған байланысты ер адам полицияға ресми түрде арыз жазған. Болжам бойынша, әйел мен оның анасы осы әрекеті үшін кек алу мақсатында ұйықтап жатқан ер адамға тұтқиылдан шабуыл жасаған.
Қазіргі уақытта «Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалды. Марқұмның артында жеті баласы қалды.
-

Талғарда ана мен бала суға кетіп, қайтыс болды
Алматы облысы Талғар өзенінде қайғылы оқиға тіркелді. 22 маусымда 10 жастағы бала мен анасы суға құлап, батып кеткен. Әйелдің денесі табылғанымен, баланың мәйіті әлі іздестіріліп жатыр.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқару жұмыстарына 110 адам мен 20 техника жұмылдырылған. Үш күн өтсе де, бала әлі табылмады.
Куәгерлердің сөзінше, әйел баласын құтқаруға тырысып, соңынан суға секірген. Қатты ағыс екеуін де алып кеткен. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
-

Талғарға жаңа әкім сайлайтын күн белгілі
Алматы облысы Талғар қаласы әкімін сайлау күні 15 желтоқсанға белгіленді.
Қоғамда резонанс тудырған оқиғадан кейін 15 қазан күні Талғар қаласының әкімі Бахыт Күрішбеков және орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылған.
Артынша, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті. Ал, Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков және оның орынбасары Айбек Дүйсембекұлы Бидаев сөгіс алды.
-

Алматыда жер сілкінді
Бүгін Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді.
«ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 05 қарашада Астана уақытымен 10 сағат 01 мин Алматы облысы мен Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді», — делінген хабарламада.
-

Тергеу изоляторынан қашқан күдікті: Өз ісіне салғырт қарағаны үшін кім жазаланады?
Бұл мәселеге қатысты журналистердің сұрағына Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Игорь Лепеха пікірін білдірді.
Айта кету керек, Талғарда уақытша ұстау изоляторынан зорлау қылмысы бойынша күдіктінің қашып кеткеніне қатысты өз ісіне салғырт қараған қызметкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Игорь Лепеха қазірдің өзінде кінәлілерге қатысты қызметтік тергеу басталғанын айтты.
«Біз бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Күдіктіні іздеуді жалғастырамыз. Барлық шара қолданылады. Барлығы жазаланады, өз ісіне жауапкершілікпен қарамағандар үстінен іс қозғалды, біз кінәлілерді жауапқа тартамыз», – деді Игорь Лепеха.
Посмотреть эту публикацию в Instagram -

Талғарда изолятордан күдікті қашып кетті
Зорлау қылмысына күдікті 33 жастағы Бекарыс Қалмырзаев Талғар қаласындағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті.
Ол айыпталып отырған бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылу қаупі бар. Бұл оқиға туралы алғаш болып «Президентке хаттар» телеграм арнасы хабарлады.

Алматы облысының полициясы дереу «Сирена» жоспарын жариялап, қашқынды ұстау мақсатында негізгі бағыттарда блокпосттар қойды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, барлық күштер мен құралдар күдіктіні іздеп, ұстау үшін жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, қалай қашқанын анықтау үшін қызметтік тексеру басталды.
-

Талғардағы Шерзат өлімі: аудан прокуроры қызметінен кетті
Әлеуметтік желіде Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылғаны жөнінде хабар тарауда. Әзірге құзырлы орган ақпаратты растамады.
Бұған дейін Талғар ауданы әкімінің аппарат басшысы Аслан Қасымбаев та қызметінен кетті.Сондай-ақ, Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Бахыт Күрішбеков пен оның орынбасары Сағындық Матан да өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылғанын хабарлаған болатынбыз.
-

Талғар әкімі мен оның орынбасары қызметінен босатылды
Талғар әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық қызметінен босатылды. Олар «өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін» қызметінен кеткен.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың маусым айында Талғар қаласының әкімін сайлауда «АМАНАТ» партиясынан үміткер Бақыт Күрішбеков жеңіске жеткен еді. Бақыт Күрішбеков Талғар қаласында дүниеге келген. Ол 34 жаста. Мамандығы бойынша – экономист.Сайлауға дейін «АМАНАТ» партиясы Талғар аудандық филиалының жауапты хатшысы қызметін атқарған.
-

Шерзаттың әкесі халыққа тағы да үндеу жолдады
«Алматы облысы Қонаев қаласының ішкі істер департаментінен келдім. Ол жерде іс оңынан қаралып жатыр. Адвокаттар келіп көмектесіп жатыр. Марқұм Салтанаттың ағасының көмегі бар. Ол кісіге де ерекше алғыс айтамын», – дейді Қаржаубай.
Сондай-ақ ол халықтан митингіге шықпауын өтінді.
«Қантөгіс болмасын. Адамдар шоғырланған жерге менің жауларым келіп пайдаланып кетуі мүмкін. Ертеңгі күні мені аяқтан шалу үшін көтеріліс ұйымдастырып, бауырыма қастандық жасауы мүмкін. Мен заң аясында дұрыс шешім шыққанын қалаймын», – деді Шерзаттың әкесі.
Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Белсенді Айтбек Амангелді қаза тапқан жасөспірімнің отбасына адвокаттар тауып берген еді. Ол отбасыға тегін қызмет көрсетуге келіскен үш адвокатты ұсынған.