Метка: Тамара Дүйсенова

  • Тамара Дүйсенова президенттің көмекшісі болып тағайындалды

    Тамара Дүйсенова президенттің көмекшісі болып тағайындалды

    Тамара Дүйсенова Тоқаевтың көмекшісі болып, жаңа қызметке тағайындалды.

    «Мемлекет басшысының жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген Ақорда хабарламасында.

    Айта кетейік, ол осыған дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарып келген.

  • Метапневмовирус: Мектептерде шектеу енгізіле ме?

    Метапневмовирус: Мектептерде шектеу енгізіле ме?

    Біздің елдің білім беру жүйесі кез келген сын-қатерге дайын екенін көрсетіп отыр. Бұл пандемия кезінде жинақталған тәжірибенің нәтижесі. Барлық колледждер мен мектептер мұндай жағдайларда қажетті құралдармен толық жабдықталған. Дегенмен, Денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күту қажет деп ойлаймын. Егер шешім қабылданса, біз әрдайым қиындықтарға дайынбыз, – деді Ғани Бейсембаев Үкіметтегі брифингте.

    Өз кезегінде Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДСҰ) сұрау салғанын атап өтті.

    – ДДСҰ бізге алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді. Бұл вирус ұзақ уақыттан бері елдерде айналымда жүр, оны емдеу жолдары бар. Профилактикалық шараларды жүргізу қажет. Біз осыған сүйенеміз. Бұл кезеңді бірге еңсеруіміз керек, – деді ол.

  • Семейде шыршадан құлаған мұғалім ауруханадан шықты

    Семейде шыршадан құлаған мұғалім ауруханадан шықты

    Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Семейде шырша безендіремін деп биіктіктен құлап кеткен мұғалімге қатысты тың деректерді айтты. Ал премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мұғалімнің жұмысқа тартылғаны өндірістік жарақатқа қандай жағдайда жататыны туралы түсіндіріп берді.

    «Бұл мәселемен қазір әкімдік айналысып жатыр. Бүгін таңертең ғана мұғалімнің ауруханадан сауығып шыққаны туралы маған хабар жетті. Бұл мәселені үнемі бақылауда ұстап отырмын. Қазір бірінші кезектегі тиісті шаралар қабылданды. Бұл жұмыс ары қарай да жалғасатын болады деп есептеймін. Жазаланатындар жазаланды. Бұл бәріне тиісті үлгі болуы керек. Тексеру толықтай аяқталғаннан кейін тиісті шаралар қолданылады деп есептеймін», – деді министр.

    Министр атағандай, 2019 жылы қабылданған заң аясында мұғалімдерді өзінің мамандығына сәйкес келмейтін қандайда бір қосымша жұмыстарға тартуға болмайды.

    «Осы заң орындалуы керек. Бұл заңның жергілікті жерлерде қаншалықты орындалып жатқанында. Осыған қатысты мен тапсырма бердім. Жергілікті жерлерде сапаны қамтамасыз ететін департаменттер бар. Қазір олар тексеріс жасап, мониторинг жүргізіп жатыр. Мұғалімдерді жергілікті жерлерде, әсіресе аудандарда қажетсіз, өзінің мамандығына сәйкес келмейтін жұмыстарға тартудың бар-жоғы анықталып жатыр. Енді еріктілерге қатысты мәселе біздің министрліктің құзыретіне кіретін заңнама емес. Ұсыныс қажет болса, біз оны міндетті түрде оны көтереміз», – дейді Бейсенбаев. 

    Ал премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова егер мұғалім жұмысқа құжат бойынша тартылса, оқыс оқиға өндірістік жарақат ретінде саналатынын айтты.

    «Көбіне мәселе осыған байланысты туындайды. Жұмысқа тартылса да, құжат жүзінде ол тіркелмей қалады. Сол себепті қазір еңбек инспекциясы мен білім басқармасы осы мәселені зерттейді. Егер құжат рәсімделмесе, еңбек кодексіне сәйкес актілер толтырылуы керек. Шартсыз тартылса, жұмысқа тартқан адамдар заңды бұзған. Ал келісімшарт болса, ол өндірістік жарақат болады», – дейді Тамара Дүйсенова.

  • Т. Дүйсенова:  Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарына талап қойылады

    Т. Дүйсенова: Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарына талап қойылады

    Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының жұмысына қойылатын бірыңғай талаптар жыл соңына дейін қабылданады. Бұл жөнінде  Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлім еттті.

    Вице-премьердің ақпараты бойынша, шетелдік жоғары оқу орындарымен жұмыс инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға бағытталатын болады. Ол үшін жыл соңына дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі білім беру бағдарламаларын, оқыту технологияларын трансферттеу және оларда оқитын студенттердің білім деңгейін, құзыреттері мен дағдыларын бағалау бөлігінде олардың жұмысына Бірыңғай талаптар қабылдауға ниетті.

    Сондай-ақ отандық жоғары оқу орындарының жұмысын қайта қарау жоспарлануда. Олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін 2025 жылғы 1 сәуірге дейін білім беру сапасын тәуелсіз бағалау ұйымдастырылады. Негізгі критерийлер ретінде ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіштері қолданылатын болады. Талдау қорытындысы бойынша ЖОО-лар жоғары, орта және мақсатты лигаларға бөлінеді.

    Айта кетейік, Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Атап айтқанда, ел экономикасын білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесі зерделенді. Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова баяндама жасады.