2026 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда коммуналдық тарифтерді көтеруге жарияланған мораторий өз күшін жояды. Тарифтердің «қатырылу» мерзімі аяқталғанымен, Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) мен құзырлы министрліктер әзірге нақты пайыздық көрсеткіштерді жариялауға асығар емес, деп хабарлайды Sona.kz Ulysmedia-ға сілтеме жасап.
Негізгі деректер:
Монополистердің өтінімдері: «Монополист» порталында тек наурыз айының басында тарифті көтеруге қатысты 30-ға жуық өтінім тіркелген.
Қымбаттау себептері: ТМРК тарифтердің өсуін стратегиялық тауарлардың (көмір, газ, мазут, электр энергиясы) қымбаттауымен, желілерді жөндеуге қажетті материалдар бағасының артуымен және сала мамандарының жалақысын көтеру қажеттілігімен түсіндіреді.
Сарапшылар болжамы: Төлем ақысы 20–30% төңірегінде өсуі мүмкін. Бұл «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру және кәсіпорындардың инфрақұрылымды жөндеуге алған несиелерін өтеу қажеттілігімен байланысты.
Вице-премьер Серік Жұманғарин қаңтардағы түбіртектердің қымбаттауы қосылған құн салығының (ҚҚС) өсуіне байланысты болғанын, ал тарифті негізсіз көтергендер қаражатты тұтынушыларға қайтаратынын айтқан еді. Алайда, бұл қайта есептеу механизмі әлі де белгісіз болып қалып отыр.
Метка: тариф
-

Мораторий аяқталды: Сәуір айында коммуналдық қызмет құны қаншалықты қымбаттайды?
-

Астанада ақылы автотұрақтарға үш тариф енгізіледі
Астанада ақылы автотұрақтарды басқару жүйесін жаңарту жоспарланып отыр, онда үш тариф түрі енгізіледі: резиденттік, абонементтік және корпоративтік. Бұл туралы Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, жақын арада автотұрақтарды ұйымдастыру және пайдалану тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Негізгі жаңалықтар:•Арнайы санаттағы тұрғындар үшін ақылы коммуналдық автотұрақтарда тегін көлік қою құқығын кеңейту.•Электромобильдерге нормативтік анықтама енгізу және олардың иелеріне жеңілдіктер беру.•Автотұрақтарды қоршалған және қоршаусыз типтерге бөлу, әр типке сәйкес жұмыс режимін белгілеу.•Автотұрақ инфрақұрылымы мен техникалық құралдардың құрамын нақтылау.•Төлем тәртібін жаңарту және төлемнен босатылатын санаттарды анықтау.•Резиденттік, абонементтік және корпоративтік тарифтерден басқа жеке автотұрақтарды пайдалану ерекше режимдерін енгізу.Еске сала кетейік, ақылы автотұрақтар қазір қалалық акиматтың қарамағына өтті, ал Астана әкімі Женис Қасымбек ОКҚ брифингінде олардың жаңа жұмыс жүйесі туралы айтып өтті.Жаңартулар тұрғындардың ыңғайлылығын арттыруға, ақылы автотұрақтардың тиімділігін жоғарылатуға және электромобильдер инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. -

Досаев Алматыда ауыз су тарифінің не үшін көтерілгенін айтты
Алматы әкімі Ерболат Досаев су бағасы неге күрт қымбаттап кеткенін түсіндірмек болды. Оның айтуынша, сараланған тарифтер енгізілген. Оған сәйкес, су үнемдей алмайтын адамдар қымбатырақ төлейді.
Қала тұрғыны коммуналдық төлемдердің күрт қымбаттап кеткенін, соның ішінде суға тарифтердің үш есе көтерілгенін айтты.
«Бұл тарифті пенсиядағы адамдар қалай төлеуі керек? Не себепті баға күрт көтеріліп кеткенін түсіндірсеңіз», – деді зейнеткер.
Қала басшысы тұтынған су көлеміне қарай сараланған тарифтер енгізілгенін мәлімдеді. Досаев сараланған тарифтер қала тұрғындарын суды үнемдеуге үйрететініне сенімді.
«Біз сараланған тарифтерді енгізді. Біз әр адам шамамен қанша көлемде су тұтынатынын есептеп, орташа тұтыну көлемін шығардық. Алматы тұрғындары суды үнемдеуі керек. Бізде суды үнемдеуге қатысты мәселе әлі де шешімін тапқан жоқ. Суды үнемдеп, қажетіне қарай жарататын адамдарға біз бекіткен нормалар молынан жетеді. Су біздің басты байлығымыз», – деді әкім.
Досаев суды өшіруді ұмытып кететін, есік алдындағы бақты ауыз сумен суғаратын адамдар бар екенін, солар үшін коммуналдық төлемдер артатынын айтады.
Сондай-ақ қалада су тапшылығын болдырмау мақсатында жер асты су қорын барлау жұмыстары жүргізіліп жатқанын да атап өтті.
«Алматыда су қоры бар. Бірақ соның өзінде біз оны үнемдеп пайдалануымыз керек», – деді ол.
-

Алматыда электр энергия тарифі өзгереді
Алматыда электр энергиясының тарифі өзгереді. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Алматы қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Әсел Бөденеева мәлімдеді.
Алматыда барлық тұтынушыға тарифтер 15 қазаннан бастап өзгереді.
«Орташа тариф 29,04 теңге болады, яғни 3,7 пайызға өсіп отыр. Халыққа 27,59 теңгеге өзгереді, яғни 8 пайызға өседі. Заңды тұлғаларға 30,08 теңге болады, 8 пайызға өседі. Бюджеттік ұйымдардың тарифі 30,47 теңге болады, ол 7 пайызға төмендейді», – деді департамент өкілі.
«Бұған электр энергиясын өндіруші қызметіне тарифтердің өсуі, электр энергиясын беру қызметіне тарифтердің өзгеруі әсер етіп отыр», – деді Әсел Бөденеева.
Айта кетейік, 2024 жылы ақпанда коммуналдық қызмет бағасы бойынша айтарлықтай өсім тіркелгені белгілі болды.
Ақпанның қорытындысы бойынша суға баға жылдық мәнде 33,9 пайызға өсті, бұл басқа коммуналдық қызметтерге қарағанда көп.
Сол кезде қалған коммуналдық қызметтер бойынша да осындай жағдай байқалды:
жылыту бойынша баға өсімі бір жылда 30,9 пайыз болған;
суық суға 30,8 пайыз;
қоқыс төгуге 30,7 пайыз;
ыстық суға 29,4 пайыз;
электр энергиясына 19,9 пайыз. -

Астана әуежайындағы автотұрақ қымбаттайды
Бұл тұрақ аймағы, жабық паркинг, әуежайдың экспресс желісі мен бірінші жолақ инфрақұрылымын жақсарту және жолаушыларға тиісті деңгейде қызмет көрсету мақсатында, сондай-ақ 2024 жылға арналған коммуналдық тарифтердің ұлғаюына және инфляцияның өсуіне байланысты.
Әуежай «Smart Parking Technologies» ЖШС-ның тұрақ орнын жалға беру қызметі үшін тарифтік жоспары кестеде көрсетілгендей өзгергені туралы хабарлады.

-

Тальго пойызына билет 10 мыңнан 12 мың теңгеге қымбаттайды
1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20 пайызға қымбаттайды. Көлік министрлігінің мәліметінше, елімізде 140 бағыт бойынша қатынайтын пойыздар бар. Келесі айда соның 62-сінің тарифі өседі. Мәселен, стандарт вагондардың құны 6300 теңгеден 7500 теңгеге көтеріледі. Ал тальго пойызына жолаушы билеттері 10 мың теңгеден 12 мың теңгеге қымбаттайды.
«Билет құнын арттыру вагондар паркін жаңарту, көрсетілетін қызметтер сервисін жақсарту және қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін қажет. Соңғы 10 жылда әлеуметтік маңызы бағыттар бойынша билет құны қымбаттамағанын (инфляция деңгейіне индекстеуді қоспағанда) ескеру маңызды»,- делінген ведомствоның хабарламасында.
Үкімет тарифті өсіру арқылы теміржол паркін жаңартуды көздеп отыр. Себебі, 2 600-ден астам вагонның 44 пайызы әбден тозған.