Метка: Тәркілеу

  • Алматыда сапасыз ойыншықтар тәркіленді: «улы болуы мүмкін»

    Алматыда сапасыз ойыншықтар тәркіленді: «улы болуы мүмкін»

    Sona.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды, Алматы қаласындағы сауда орындарынан 2 миллион теңгеден астам сомаға жалған ойыншықтар тәркіленді. Барлығы — 1000-нан астам өнім.

    Рейдтер белгілі бір брендтің шағымынан кейін басталды. Тексеріс кезінде қаланың бірнеше базары мен қоймаларынан танымал конструкторларға ұқсатып жасалған контрафакт өнімдер анықталды.

    Полицияның мәліметінше, тәркіленген ойыншықтардың сапасы төмен, өндіруші туралы ақпарат пен таңбалау болмаған. Көпшілігі балалардың денсаулығына қауіпті — уландыруы немесе жарақат келтіруі мүмкін.

    Материалдар сотқа жолданды. Алматы қалалық полиция департаментінің өкілі Еркебұлан Қойшыбаев балаларға арналған тауарларға қатысты бақылау күшейтілетінін айтты.

  • Қолдан жасалған 10 мың долларды сатқан шымкенттік сотталды

    Қолдан жасалған 10 мың долларды сатқан шымкенттік сотталды

    Осы факті бойынша тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізді.

    Тергеу барысында ҚМА қызметкерлері бақылауымен қара-жасыл түсті өсімдік тектес затты сатып алу жүргізілді.

    Кейінірек сарапшылар зерттеу объектісінің жалпы салмағы 5 кг болатын «гашиш» есірткі заты екенін растады.

    «Сонымен қатар, аталған азамат жалған 10 000 АҚШ долларын (100 дана номиналымен 100 АҚШ долларын құрайтын банкноттар) сату барысында ұсталды», -делінген аталған ведомствоның хабарламасында.

    Сондай-ақ, жедел іздестіру шараларын өткізу барысында оның сыбайласы анықталды, одан 13 100 жалған АҚШ доллары табылып, тәркіленді.

    Ал оның тұрғылықты жерін тінту барысында салмағы шамамен 1 кг гашиш табылып, іске тіркелді.

    Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылды, оларға 11 жылға және 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

  • ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВ: ТӘРКІЛЕНГЕН МҮЛІК 1,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛДЫ

    ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВ: ТӘРКІЛЕНГЕН МҮЛІК 1,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛДЫ

    1,2 млрд теңге. Астана мен Алматыда олигархтардан тәркіленген жылжымайтын элиталық мүлік аукцион арқылы осынша миллиардқа сатылды. Сондай-ақ, объектілерді жалға беру басталды. Осы бағытта Алматы қаласы және Жетісу облысындағы жалға беру туралы бірқатар келісімдер жасалды. Жалдаудан айына шамамен 80 млн теңге кіріс түседі. Ол қаражат мемлекеттік қорға әлеуметтік-экономикалық жобаларды қаржыландыру мақсатында жіберіледі. Бұл активтерді қайтару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар.

    Бас прокуратураның мәліметінше, Басқарушы компанияның теңгеріміне жалпы құны 82 млрд теңгені құрайтын 48 обьекті тапсырылған.