Метка: тау

  • Алматы тауларында жоғалған туристердің бірі табылды

    Алматы тауларында жоғалған туристердің бірі табылды

    Құтқару қызметінің хабарлауынша, 26 желтоқсанға қараған түні 24 желтоқсан күні таңертең тауға шыққан үш ер адамның хабарсыз жоғалғаны туралы ақпарат келіп түскен. Олардың мобильді телефондары 12 сағаттан астам уақытқа өшірілген болатын.

    Іздеу-құтқару операциясына ТЖМ-нің тікұшағы, РОСО құтқарушылары, Апталы медицина орталығы, Құтқару қызметі, полиция қызметкерлері және еріктілер тартылды. Іздеу жұмыстары «Туюксу» мұздығы, «Мынжылқы» үңгірі және «Локомотив» шыңы аймақтарында жүргізілді.

    Беспилотты ұшақ арқылы «Локомотив» шыңы аймағында бір адамның денесі табылды. Ол теңіз деңгейінен шамамен 3700 метр биіктіктен төмен түсіріліп, полицияға тапсырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, мәйіттің жеке басы сараптамадан кейін анықталады.

    Тағы екі адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. Операцияға 50-ден астам адам, техника, дрондар және кинологиялық есептер тартылған.

  • Алматы тауларында жоғалған жігіттің мәйіті табылды

    Алматы тауларында жоғалған жігіттің мәйіті табылды

    Алматыда тауға кеткен 20 жастағы Алан қаза тапты. Бұл ақпаратты қалалық ТЖД растады, — деп хабарлайды Sona.kz Tengri Travel-ге сілтеме жасап.

    Жігіт 27 шілдеде Медеуден Молодежный шыңына бет алған. Оның денесі 29 шілдеде табылды. Іздеу жұмыстарына 50-ден аса құтқарушы мен ерікті, дрондар мен техника, МЧС-тің тікұшағы тартылды.

    Құтқарушылар кеңесі
    * Тауға жалғыз шықпаңыз.
    * Маршрут пен қайта оралатын күнді туыстарыңызға айтыңыз.
    * Жылы және ашық түсті киім, азық, дәрі қобдишасы, термос, пауэрбанк міндетті.

  • Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүрді

    Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүрді

    Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен атап өткендей, 10 наурыз түскі сағат 15:50-де «Ақбұлақ» тау шаңғы курортында, теңіз деңгейінен 2664 метр биіктікте, көлемі 300 текше метр болатын қар көшкіні өздігінен жүрді. Көшкін сайға түсті, – деп хабарлады ведомстводан.

    Зардап шеккендер мен қираулар жоқ.

    Оқиға орнына «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі, Алматы облысының ТЖД және курорт әкімшілігінен 5 маман мен 3 техника шықты.

    – Жағдай бақылауда. Мамандар курорт аумағындағы қар жамылғысына мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр, – деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.