Метка: Тайланд

  • Тайланд 14 азаматының Камбоджамен шекарадағы қақтығыста қаза тапқанын растады

    Тайланд 14 азаматының Камбоджамен шекарадағы қақтығыста қаза тапқанын растады

    25 шілде, жұма күні таңертең Тайланд пен Камбоджа шекарасында қайтадан артиллериялық атыстардың дыбысы естілді. Бұл туралы Таиландтың Ұлттық телерадиохабар тарату қызметі хабарлады.

    Тайланд Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі мәлім еткендей, жергілікті уақытпен бейсенбі, 21:00-дегі жағдай бойынша шекара маңындағы әскери қақтығыстар салдарынан 14 тай азаматы қаза тауып, тағы 46 адам жараланған.

    Билік халықты шекара маңындағы аудандарға барудан бас тартуға шақырып отыр.

    Еске салайық, 23 шілдеде шекара маңында мина жарылып, бірнеше тай сарбазы жараланған болатын. 24 шілдеде екі елдің шекарашылары арасында атыс болып, бейбіт тұрғындар арасында да құрбандар тіркелді.

    Камбоджа БҰҰ-ны шұғыл отырыс өткізуге шақырды.

  • Наталья Богданова Азия чемпионы атанды

    Наталья Богданова Азия чемпионы атанды

    Ұлттық құрама мүшесі Наталья Богданова финалда шаршы алаң иесін жеңді. Осылайша, бокстан 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз ел қоржынына үшінші алтынды салып отыр. Ақтық айқаста ол тай боксшысы Байсон Маниконға мықтылығын мойындатты.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасында қазір 3 алтын, 6 қола медаль бар.