Метка: «Таза аула»

  • Қонаевта «Таза аула» байқауының үшінші кезеңі қорытындыланды

    Қонаевта «Таза аула» байқауының үшінші кезеңі қорытындыланды

    Байқаудың басты мақсаты —  тұрғындарды туған жерінің тазалығына бейжай қарамауға шақырып, өз аулаларын күтіп-ұстауға ынталандыру. Бұл бастама Қонаев қаласын көркейтуге бағытталған маңызды экологиялық жобалардың бірі саналады.

    Қорытынды іс-шара барысында абаттандыру мен тазалық сақтау ісінде ерекше белсенділік танытқан бірқатар азаматтарға Алматы облысы әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

    Марапат иелерінің қатарында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кооперативтер мен сервистік компаниялардың өкілдері бар. Олардың еңбегі қаладағы тазалық пен тәртіпті сақтауда айрықша рөл атқарады.

    Сонымен қатар «Таза аула» байқауының жеңімпаздары анықталды:

    * 3-орын – «Спутник» шағынауданындағы №4/1 көпқабатты тұрғын үй тұрғыны Алия Абишева 100 000 теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды;
    * 2-орын – 2-шағынаудан, №35 үй тұрғыны Юлия Абдрахманова 200 000 теңге көлеміндегі сертификат иегері атанды;
    * 1-орын – 1-шағынаудан, №22 үй тұрғындары Малика Тагирова Аскаровна мен Елена Позднякова бас жүлде – 300 000 теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.

  • Гүл өсірген аулалар марапатталды

    Гүл өсірген аулалар марапатталды

     

    1-орын иегері — Ольга Попова. Ол бірнеше жылдан бері ауланы сәндік және көпжылдық гүлдермен көмкеріп келеді. «Гүлдер тек әдемілік үшін емес, олар көңіл қуантады. Қала – ортақ үйіміз, оны көркейту – әркімнің міндеті», – дейді зейнеткер.

    2-орынды агроном зейнеткер Абдували Асылбеков алды. «Алғашқы гүлдерді 10 жыл бұрын ектім, қазір көршілермен бірге бәріміз айналысамыз. Келінім еңбегімді байқап, конкурсқа ұсынды», – дейді ол.

    3-орын — Лилия Петрушинаға. Оның ауласын тұрғындар бірігіп көгалдандырған. «Бұл тек менің емес, барлығымыздың еңбегіміз», – дейді олар.

    Конкурс аясында қала аулалары жасыл желекке оранып, тұрғындар табиғатқа жанашырлықпен қарай бастаған.

  • «Таза аула» конкурсының жеңімпаздары анықталды

    «Таза аула» конкурсының жеңімпаздары анықталды

    Көңілді кеш барысында қала әкімі Асхат Бердіханов «Таза аула» конкурсының жеңімпаздары марапаттады. 3-орынды Қойшыманов көшесі №6 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын көгалдандырған Лилия Петрушина иеленді, 2-орын 5-ш/а №56 көпқабатты үйдің тұрғыны Абдували Асылбековке бұйырды, ал 1-орын-Бас жүлдені 3-ш/а №28Б көпқабатты үйінің тұрғыны Ольга Попова жеңіп алды. Қаланың көркіне көрік қосып, табиғат пен ауланың жанашыры атанған азаматтарға 100, 200 және 300 мыңның сертификаттары табыс етілді.

    Бұл «Таза аула» конкурсының алғашқы кезеңі болатын. Ерекше жарыс ары қарай да жалғасын табады. Басталуы жайлы қосымша хабарланады.

    Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – тазалық мәдениетін қалыптастару. Аталған бағыттағы жұмыстар қала әкімдігімен жүйелі түрде жүргізілуде.