Метка: «Таза Қазақстан»

  • Қазақстанда «гонконг» тұмауы белсенді таралып жатыр

    Қазақстанда «гонконг» тұмауы белсенді таралып жатыр

    Қазақстанда қыркүйектен бері 590 адамда тұмау расталды, олардың басым бөлігі — A(H3N2) штамы, деп хабарлайды Sona.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. H3N2 сезондылыққа тән штамм болғанымен, биыл аурудың ауыр өтуі жиілеген, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Семей дәрігері, отбасылық медицина маманы Елена Хегайдің айтуынша, бұл штамм интоксикация белгілерін айқын береді: дене қызуының тез көтерілуі, әлсіздік, дененің сырқырауы. Қауіп топтары – қарттар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары бар адамдар.

    Неліктен биыл ауырлау?

    Хегайдың айтуынша, бірнеше жыл бойы халық тұмаумен аз ауырды — пандемия кезіндегі маска, дистанция, гигиена иммунитеттің табиғи айналымын әлсіретті. Қазір әлемде «иммундық қарыз» гипотезасы талқылануда: ұзақ шектеулер маусымдық вирустарға төзімділікті төмендеткен.

    Штаммды анықтау маңызды ма?

    Көп жағдайда емес. Дәрігерлердің айтуынша, алғашқы 48 сағатта ем бірдей: қажет болса вирусқа қарсы препарат тағайындалады. Талдау тек:
    – стационарда диагноз нақтылау үшін;
    – ауыр симптомдар кезінде;
    – жүкті әйелдер, иммунитеті әлсіз азаматтар, балалар үшін;
    – эпиднадзор мақсатында жасалады.

    Қандай белгілерге назар аудару қажет?

    – қызудың 38–39 °C-қа күрт көтерілуі;
    – жағдайдың бірнеше сағат ішінде нашарлауы;
    – айқын әлсіздік, дене сырқырауы;
    – жөтел кеш басталуы, ал мұрын бітелуі болмауы мүмкін.

    Тұмауды тек ПТР немесе экспресс-тест нақтылайды.

    Вакцина қою кеш емес

    Дәрігерлер қыркүйектен сәуірге дейін кез келген уақытта вакцина салдыруға болады дейді. Бір рет ауырғаны да басқа штаммнан қорғамайды.

    Емдеу бойынша кеңестер

    – 38 °C шамасындағы қызуды автоматты түрде түсіру қажет емес;
    – сұйықтықты көп ішу, демалу;
    – ауырған күйде жұмысқа бармау, балаларды мектеп/балабақшаға апармау;
    – «қызыл жалаушалар» кезінде дереу дәрігерге жүгіну: ентікпе, естің шатасуы, кеудедегі ауырсыну, сусыздану белгілері;
    – вирусқа қарсы препараттарды тек көрсетілім бойынша қабылдау.

    Қандай препараттар тиімді?

    – Осельтамивир – тек тұмау вирусына әсер етеді;
    – Занамивир, балоксавир – тұмаудың нақты штаммдарына қарсы;
    – Герпеске арналған препараттар (ацикловир және басқалары) тұмауға әсер етпейді.

  • Қонаев қаласында 200-ден астам ағаш егілді

    Қонаев қаласында 200-ден астам ағаш егілді

    Қонаев қаласында “Таза Қазақстан” акциясы өтті.

    Экологиялық науқанға қоғамдық ұйымдардың мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, тұрғындар қатысты. Олар Сейфуллин көшесінің бойына 215 ағаш екті. Оның ішінде тораңғы, терек, үйеңкі, қарағаш болды.

    Бұған дейін №5 жағажай аумағына 20 ағаш егілген болатын. Алдағы уақытта да қаланы көгалдандыру жұмыстары жалғасады.

  • Шеңгелдіде “Таза Қазақстан” акциясы өтті

    Шеңгелдіде “Таза Қазақстан” акциясы өтті

    Шеңгелді ауылындағы Бөлек би мемориалында “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.

    Акцияның мақсаты – ауылдың тазалығын сақтау, тарихи нысандарды күтіп ұстау және табиғатты қорғауға тұрғындардың назарын аудару.

    Іс-шараға ауылдық округ әкімі, әкімдік қызметкерлері, тұрғындар мен жастар қатысып, мемориал аумағын қоқыстан тазартып, шырша ағаштарын отырғызды.

    Осындай шаралар туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, болашақ ұрпаққа таза орта қалдыруға бағытталған. 

     

  • Қонаевта өткен «Таза Қазақстан» акциясына 500-ден астам адам қатысты

    Қонаевта өткен «Таза Қазақстан» акциясына 500-ден астам адам қатысты

    Қонаев қаласында республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті.

    Негізгі мақсат – қаланың санитарлық жағдайын жақсарту және абаттандыру.
    Шараға 500-ден астам адам, соның ішінде мемлекеттік органдардың қызметкерлері, жеке бизнес өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

    Қатысушылар көшелер мен аулаларды, қоғамдық аумақтарды тазалап, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын шығарды. Нәтижесінде 2 тоннадан астам қоқыс жиналды.

    Сенбілік Қонаев тұрғындарын экологиялық мәдениетті арттыру мен таза әрі жайлы қала қалыптастыру идеясы төңірегінде біріктірді.

  • Қонаевта «Таза Қазақстан» акциясы өтті

    Қонаевта «Таза Қазақстан» акциясы өтті

    Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтті. Іс-шараға Green Land Alatau жылыжай кешенінің қызметкерлері қала әкімдігімен бірлесіп қатысты, деп хабарлайды Sona.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Сенбілік Достық көшесінің жағалау аймағында ұйымдастырылды. Қатысушылар жазғы маусымнан кейін қалған қоқысты жинап, жол бойын тазалады.

    ? Акция тек экологиялық қана емес, әлеуметтік маңызға да ие. Оның мақсаты — табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру, халық арасында экологиялық жауапкершілікті арттыру және қоғамдық орындарда тазалықты сақтау әдетін орнықтыру.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар қаланы таза әрі жайлы етіп қана қоймай, ұжымдық бірлікті нығайтып, командалық рухты көтеред

  • Алматы облысында «Таза Қазақстан» аясында 108 тонна қоқысты тазалады

    Алматы облысында «Таза Қазақстан» аясында 108 тонна қоқысты тазалады

    Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында масштабты сенбілік өткізілді — оған 28 977 адам қатысты.

    2 тамызда өңір тұрғындары мен волонтерлер экологиялық тазалық жұмыстарын жүргізді. Ол барысында 95 гектар аумақ қоқыстан тазарды, жалпы 108 тонна қоқыс жиналды.

    Қатысқан азаматтардың қатарында 5 437 мемлекеттік қызметші, 8 006 волонтер және 15 534 жергілікті тұрғын бар. Сенбілікке 28 арнайы техника тартылған. Жиналған қоқыс арнайы полигондарға шығарылды.

    Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, бұл шара территориялардың санитарлық ахуалын жақсартумен қатар, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және билік, қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың үйлесімді жұмысын көрсетуге ықпал етті. Алдағы уақытта да осындай акциялар кеңінен ұйымдастырылмақ

  • Алматыда ірі құрылыс нысанына айыппұл салынды

    Алматыда ірі құрылыс нысанына айыппұл салынды

    Алматы қаласында табиғатты қорғау полициясы Бостандық ауданы әкімдігінің қоршаған орта және экология бөлімімен бірлесіп, экологиялық талаптарды бұзған және абаттандыру ережелерін сақтамаған құрылыс нысанын анықтады.

    Polisia.kz мәліметінше, құрылыс алаңында қоқыс қалдықтарының шамадан тыс жиналуы және лас қоқысты рұқсатсыз тасымалдау фактілері тіркелген. Осыған байланысты учаске басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, болашақта осындай заң бұзушылықтардың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қалдықтарды өңдеудегі экологиялық талаптардың бұзылуы туралы материал қалалық экология департаментіне жолданды.

    Алматы қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізовтің айтуынша, «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық бағдарламасы мен «Алматы – ортақ үйіміз» қалалық кампаниясы аясында шаһарды абаттандыру және экологиялық талаптарды сақтау шаралары күшейтілді.

    «Жарқын күз» шарасы аясында 16 қыркүйектен бастап қалада абаттандыру ережелері мен санитарлық нормаларды бұзған 2 757 дерек тіркелсе, қоғамдық орындарды ластағаны үшін 2 232 хаттама толтырылды. Ірі көлемдегі қалдықтарды, сынған жиһаздарды, тұрмыстық техника мен құрылыс қалдықтарын көшеге жинақтаған 569 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген ақпаратта.