Метка: тазалық

  • Қонаевта аулаларда жалпы тазалық жұмыстары басталды

    Қонаевта аулаларда жалпы тазалық жұмыстары басталды

    Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аулаларды жалпы тазалау (генеральная уборка) жұмыстары басталды.

    Іс-шара 1-шағынауданнан бастау алды. Күн сайын тазалық жұмыстарына ШЖҚ «Жасыл қала Қонаев» МКК-ның 10 қызметкері мен 2 арнайы техника жұмылдырылуда. Олар қоқыс шығару, шөп шабу және аулаларды тазалап жатыр.

    Аталған жұмыстар кезең-кезеңімен қаланың басқа да шағынаудандарында жалғасады.

    ❗️Қонаев қаласының әкімдігі тұрғындар мен ПИК-терді акцияға белсенді қатысуға шақырады.

    Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы бүкіл ел аумағында өткізіліп, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қалалық ортаны абаттандыруды мақсат етеді.

  • Қонаевта коммуналдық техниканың саны артуда

    Қонаевта коммуналдық техниканың саны артуда

    Қазіргі таңда шаһар аумағындағы қоқысты шығарумен, жалпы тазалық жұмыстарымен «Жасыл қала Қонаев» мекемесі мен «Эко сервис» ЖШС айналысуда, деп хабарлайды Sona.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Күні кеше «Эко сервис» ЖШС-нің коммуналдық техникасына Форд маркалы арнайы көлігі қосылды. Серіктестік көлікті өз қаражатына сатып алды. Мекемеде 6 техника мен 19 жұмысшы қызмет етеді. Компания кесте арқылы жұмыс жасайды. Мысалы, қаладағы №1,2,3,4,5 ш/а-дағы қатты қалдықтарды күнделікті, Гүлдер, Восточный, Арнай, №12, 12А-Б, Қарлығаш ш/а әр дүйсенбі, №8,10 ш/а әр жұма, Шеңгелді ауылын әр сәрсенбі сайын тазалап отырады.

    Барлығын қосқанда қызмет алушы 26 000 абонент тіркелген. Серіктестік басшылығы тұрғындар санының көбеюіне қарай техника сатып алуға ниеттеніп отыр.

    Ал «Жасыл қала Қонаев» мекемесі қалалық жағажай, парктер мен скверлерді, көшелерді тазалаумен айналысады. Мұнда 7 техника, 135 жұмысшы бар.

    Аптасына Қонаев қаласынан 600 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылады.