Метка: «Телеграм»

  • «Ақшаға жазалаймыз»: Telegram-да қазақстандықтарға адам сабап, мүлік өртеу ұсынылуда

    «Ақшаға жазалаймыз»: Telegram-да қазақстандықтарға адам сабап, мүлік өртеу ұсынылуда

    Telegram мессенджерінде қазақстандықтарға «кек алу» бойынша ақылы қызмет ұсынатын хабарландырулар анықталды. Авторлар заңды әдістер көмектеспеген жағдайда мәселені «стандартты емес тәсілдермен» шешуге және құпиялылық сақтауға уәде береді, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Қызметтер тізімінде телефон арқылы қорқыту, соққыға жығу, есіктер мен көліктерді өртеу, сондай-ақ адамды қала сыртына алып шығу шаралары бар. Тапсырыс бағасы ондаған мыңнан жүздеген мың теңгеге дейін жетеді. Орындаушылар ақылы түрде видеоесеп беруге де дайын.
    ҚР Ішкі істер министрлігі бұл ресурстарға мониторинг жүргізіліп, оларды бұғаттау шаралары басталғанын растады. Ведомство мұндай жарнамалардың қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы екенін мәлімдеді.
    Жиналған материалдар құқықтық баға беру үшін тиісті бөлімшелерге берілді. ІІМ Қазақстанда тек орындаушы ғана емес, мұндай қызметке тапсырыс беруші де қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

    Полиция азаматтарды мұндай арналардың әкімшілерімен байланысқа түспеуге шақырады. Көбіне алаяқтар тапсырыс берушінің өзінен ақша бопсалау үшін осындай схемаларды пайдаланады.
    Қазақстандықтардан заңсыз қызметтер туралы ақпаратты бірден құқық қорғау органдарына хабарлау сұралады. Киберқылмысқа қарсы күрес жұмыстары ерекше бақылауға алынған.
    Кез келген даулы мәселе тек заң аясында шешілуі тиіс. Өз бетінше жазалау әрекеттері процеске қатысушылардың барлығы үшін ауыр түрме жазасына әкеп соғуы мүмкін.

  • Атырауда Telegram арқылы есірткі сатқан топ әшкереленді

    Атырауда Telegram арқылы есірткі сатқан топ әшкереленді

    Атырау қаласында әлеуметтік желілер арқылы есірткі заттарын таратумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Полицияның мәліметінше, тыйым салынған заттар Telegram мессенджеріндегі интернет-дүкен арқылы сатылған. деп хабарлайды Sona.kz police.atyrau-ға сілтеме жасап.

    Жедел іс-шаралар барысында прокуратураның қолдауымен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 1994 жылы туған күдікті ұйымдастырушыны және оның бес сыбайласын ұстады.

    Барлық күдіктілер қамауға алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

  • Мемлекет басшысы Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты қабылдады

    Мемлекет басшысы Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты қабылдады

    Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2025 халықаралық форумының аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Telegram мессенджерінің негізін қалаушысы Павел Дуровпен кездесті, деп хабарлайды Sona.kz Ақордаға сілтеме жасап.

    Әңгіме барысында білім беру, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы Telegram-ның еліміздің цифрлық күн тәртібін дамытуға қосып отырған үлесін жоғары бағалады.

    Компания ресми түрде Astana Hub технопаркінің қатысушысы атанып, Қазақстанда өз кеңсесін ашты және AIem.Ai орталығында жасанды интеллект зертханаларын іске қосты.

    Өз кезегінде Павел Дуров Президентке жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын таныстыр

  • Telegram-да оқушыларды арбайтын контент анықталды

    Telegram-да оқушыларды арбайтын контент анықталды

    Түркістан облысының прокуратурасы «Telegram» әлеуметтік желісіне талдау жүргізу барысында порнографиялық сипаттағы, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен фото/бейне материалдарды көруге арналған ақылы арнаны тапты.

    Аталған факті бойынша қаулы шығару арқылы жедел-іздестіру іс-шаралары басталды.

    Осылайша, тексеру барысында «Telegram» желісінде 2500 теңгеге порнографиялық бейнероликтер, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен мектеп оқушыларына қатысты материалдар ұсынылғаны анықталды.

    – Сайтта барлығы 8012 жазылушы тіркелген. Желі аудиториясы Қазақстан және ТМД елдерінің жазылушылары. Арнайы іс-шараларының нәтижесімен сайт ұйымдастырушылары мен қарау, кіру және жазылу үшін ақша төленетін дроперлер анықталды. 14 наурыз күні облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен аталған топ мүшелері Түркістан және Қызылорда облыстарында ұсталды. Ұйымдастырушы бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған, қазіргі таңда ол қамауға алынған, – делінген хабарламада.

    Аталған фактілер бойынша ҚК 311-бабы және 312-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

    Бұдан бөлек, прокуратураның нұсқауымен «Telegram» желісіндегі 8 мың жазылушысына қатысты олардың әрекеттерінде педофилия белгілерінің бар-жоғы және осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталғандарды анықтау бағытында тексеру жұмыстары басталды.

  • Алматыда 16 Telegram-арна бұғатталды

    Алматыда 16 Telegram-арна бұғатталды

    Алматы қаласының прокуратурасы есірткі құралдары мен психотроптық заттар жарнамалап, таратылатын 16 телеграм-арнаны бұғаттады.

    Тексеру барысында қатысушыларға тыйым салынған заттарды сатып алу мүмкіндігімен қатар «закладчик» жұмысы ұсынылғаны анықталды. Нәтижесінде, сот Медеу ауданы прокурорының тыйым салынған ресурстарды бұғаттау туралы талабын қанағаттандырды, олардың қызметі тоқтатылды.

    Кінәлі тұлғаларды белгіленген жауапкершілікке тарту мақсатында қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, одан әрі тергеу үшін полицияға жолдады.

    Алматы қаласының прокуратурасы жедел бұғаттау үшін азаматтарды ұқсас интернет-ресурстар анықталған жағдайлар туралы хабарлауға шақырады.

  • Қазақстанда Telegram кеңсесі ашылады

    Қазақстанда Telegram кеңсесі ашылады

    Қазақстанда контенттерді бақылауды арттыру үшін Telegram өкілі тағайындалып, кеңсесі ашылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев пен Meta мен Apple сияқты ірі компаниялардың өкілдерімен кездесу барысында белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

    Кездесуде мәліметтер қауіпсіздігі, жалған аккаунттармен күрес және пайдаланушыларды қорғауға қатысты маңызды мәселелер талқыланды.

    Біз, сондай-ақ Telegram платформасымен заңсыз контентті жедел жою және деструктивті арналарды бұғаттау бойынша белсенді түрде ынтымақтастық орнатып жатырмыз. Біздің заңнамаға сәйкес, енді Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалар Қазақстанда өз өкілін тағайындауға міндетті. Telegram-мен олардың өкілін тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді – бұл контентті бақылауды арттыруға бағытталған маңызды қадам, – деп атап өтті Жаслан Мадиев.

    Сонымен қатар, министрлік Meta компаниясымен алаяқтық схемаларға қарсы күрес жұмыстарын бастауға алды. Meta өкілдері Қазақстан тап болып отырған интернет-алаяқтық көптеген елдер үшін ортақ проблема екенін атап өтті. Соңғы тоқсанда Meta жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, әлем бойынша 1,2 миллиард жалған аккаунтты бұғаттады.

    Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтардың цифрлық платформаларда қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді инфрақұрылымды құру үшін халықаралық серіктестермен жұмысын жалғастырады.

  • Алматыда өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін контент бұғатталды

    Алматыда өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін контент бұғатталды

    Бас Прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласының прокурорлары күйзелістік контенті бар Telegram-арнасын бұғаттау шараларын қабылдады.

    «Тексеру барысында 67 оқырман әкімшіліктен суицидке бағытталған рөлдік командалар алғаны анықталды», — делінген Алматы қаласы прокуратурасының хабарламасында.

    2024 жылы 23 қыркүйекте сот, Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды.

    Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды.

    Алматы прокуратурасы ата-аналарға интернетті қолдануда жауаптылықпен қараудың маңыздылығын еске салады. Күдікті контент анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

  • Француз соты Павел Дуровқа  қатысты тергеуге ресми түрде кірісті

    Француз соты Павел Дуровқа қатысты тергеуге ресми түрде кірісті

    Француз соты Павел Дуровқа  қатысты тергеуге ресми түрде кірісті. Дегенмен, «Телеграмның» негізін қалаушы, 39 жастағы миллиардер 5 миллион доллар кепіл ақша төлеп, босатылды. Бірақ аптасына екі рет полицияға көрініп, ел аумағынан кетпеуі шарт. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бұл шешім Дуровтың кінәлі екенін немесе сотталатынын білдірмейді. Тек оны тергеуге жеткілікті негіз бар екенін ғана аңғартады. Айта кетсек, Дуров сенбі күні Париж әуежайында тұтқындалды. Ол «Телеграм» платформасында есірткі саудалау, алаяқтық сияқты түрлі қылмыстар үшін ұсталып отыр.