Метка: тергеу изоляторы

  • Алматыдағы тергеу изоляторына смартфонды бешбармақтың ішіне жасырып кіргізбек болды

    Алматыдағы тергеу изоляторына смартфонды бешбармақтың ішіне жасырып кіргізбек болды

    Алматыдағы тергеу изоляторында ерекше жағдай тіркелді. Қызметкерлер тағам арқылы тыйым салынған зат кіргізу әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Sona.kz ҚАЖД-ға сілтеме жасап.

    Ведомствоның мәліметінше, тексеру кезінде күзетшілер бешбармақтың ішінен күмәнді қатпарды байқаған. Тексеру барысында қамыр мен еттің астынан полиэтилен мен фольгаға мұқият оралған смартфон табылды.

    Құрылғы тәркіленіп, жөнелтушілерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар сотқа жолданды. Ережені бұзған азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жаза қарастырылған.

    ҚАЖД өкілдерінің айтуынша, мұндай әрекеттер жиі кездеседі. Бұған дейін де изолятор қызметкерлері телефонды шәйнектің, нанның және кір жуғыш ұнтақтың ішінен анықтаған.

    Ресми органдардың мәліметінше, сотталғандардың қолына ұялы телефон түсуі мекеме тәртібін бұзып қана қоймай, қауіпсіздікке де қатер төндіреді. Бұл заңсыз байланыс орнатуға немесе қылмыстық әрекеттерді үйлестіруге мүмкіндік береді. Сол себепті азаматтарға мекемеге жіберілетін сәлемдемелердің ережелерін қатаң сақтауға шақыру жасалды.

  • Тергеу изоляторынан қашқан күдіктіге іздеу салынды

    Тергеу изоляторынан қашқан күдіктіге іздеу салынды

    Алматы облысы Полиция департаменті Уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен 30.05.1998 жылы туылған Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу саламыз.

    Егер Сіз іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, келесі телефондар арқылы дереу полицияға хабарлауды сұраймыз: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102.

  • Талғарда изолятордан күдікті қашып кетті

    Талғарда изолятордан күдікті қашып кетті

    Зорлау қылмысына күдікті 33 жастағы Бекарыс Қалмырзаев Талғар қаласындағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті.

    Ол айыпталып отырған бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылу қаупі бар. Бұл оқиға туралы алғаш болып «Президентке хаттар» телеграм арнасы хабарлады.

    Алматы облысының полициясы дереу «Сирена» жоспарын жариялап, қашқынды ұстау мақсатында негізгі бағыттарда блокпосттар қойды.

    Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, барлық күштер мен құралдар күдіктіні іздеп, ұстау үшін жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, қалай қашқанын анықтау үшін қызметтік тексеру басталды.

  • Есірткіні шприцке тыққан ер адам ұсталды

    Есірткіні шприцке тыққан ер адам ұсталды

    Басқа біреудің мүлкін ұрлаған деген күдікпен қамауға алынған тергеудегі азаматтың ағасы есірткі затты тығып өткізуге тырысты. Алайда, тергеу изоляторы қызметкерлерінің қырағылығының арқасында есірткі заттар сусабын бөтелкесінен табылды.

    Ер адам алдын-ала 200 мл шприцке есірткіге ұқсас жасыл заттарды салып, оларды сусабынның ішіне жасырып өткізбек болды. Тыйым салынған заттар тәркіленіп, химиялық сот сараптамасына жіберілді.

    «Тыйым салынған заттарды беру фактісі бейнетіркеуішке тіркелді. ҚАЖ мекемелеріне есірткі заттарын өткізу оларды сату ретінде сараланады, яғни бас бостандығынан айыруға жазаланатын қылмыстық-жазаланатын әрекеттердің бірі болып табылады»,- деп атап өтті өңірлік ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Шәріпбеков.

    Айта кетейік, оқиға Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №71 мекемесінде болған.