Метка: төбелес

  • Шымкентте жаппай төбелес пен пышақтасу салдарынан ер адам қаза тапты

    Шымкентте жаппай төбелес пен пышақтасу салдарынан ер адам қаза тапты

    Оқиға 20 қаңтар күні Еримбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry көлігі бағдаршамның қызыл шамында тұрған Hyundai Sonata автокөлігімен соқтығысқан. Hyundai көлігін 34 жастағы қала тұрғыны Н. Ешанқұлов басқарған, деп хабарлайды Sona.kz Криминальный Казахстанға сілтеме жасап.

    Жол апатынан кейін тараптар арасында жанжал туындап, Toyota Camry көлігіндегілерге Lexus LX 570 автокөлігімен келген тағы төрт белгісіз адам қосылған. Ауызша жанжал жаппай төбелеске ұласқан.

    Қақтығыс барысында М. Қошкенбаевтың мойын тұсынан пышақ жарақаты салынып, ол ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ Н. Ешанқұлов пен В. Колесников түрлі дене жарақатын алған.

    Төбелестен кейін белгісіз адамдар В. Колесниковты күштеп Toyota Camry көлігіне отырғызып алып кеткен. Кейін полиция Toyota Camry мен Lexus көліктерін тапты. Тергеу барысында жәбірленушінің ВАЗ-2114 көлігіне ауыстырылып, Ордабасы ауданы бағытында әкетілгені анықталды.

    Шамамен сағат 19:00-де Темірлановка ауылындағы орталық аудандық аурухананың маңынан В. Колесниковтың денесі түрлі жарақаттармен табылды.

    Қазіргі таңда құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар ВАЗ-2114 автокөлігі іздестірілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

  • ️ Таразда төбелес кезінде оқушы қаза тапты

    ️ Таразда төбелес кезінде оқушы қаза тапты

    1 қыркүйекте Тараз қаласында жасөспірімдер арасында жанжал шығып, соның салдарынан бір бала пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Sona.kz kriminal_kazakhstan-ның телеграм каналына сілтеме жасап.

    Ақпаратты Жамбыл облыстық полиция департаменті растады. Ведомство мәліметінше, аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалды.

    ? Күдікті жасөспірім «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

    Әлеуметтік желілерде тараған деректерге сәйкес, қаза тапқан баланың жасы 14-те болған. Қақтығыс мектеп аумағынан тыс жерде болғаны атап өтіледі.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда да жасөспірімге қатысты шулы жағдай тіркелген еді: ол бейтаныс кішкентай баланы жерге қатты лақтырып, соның салдарынан бүлдіршіннің сүйегі сынған. Бұл дерек бойынша полиция орташа дәрежедегі денсаулыққа қасақана зиян келтіру бабымен қылмыстық іс қозғаған.

  • Астанада төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды

    Астанада төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды

    Астанада төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды. Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта адам өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр.

    Астанада төбелес болып, арты атысқа ұласып, салдарынан бір адам мерт болғаны туралы ақпарат тарады.

    Астананың полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    — Алдын ала мәліметтер бойынша, екі таныс адам жанжалдасып қалған. Артынша оның біреуі екіншісінің басынан оқ атып жіберген, дейді полицейлер.

    Кдікті ұсталып, қамауға алынды.

  • Оралда жаппай төбелес болды

    Оралда жаппай төбелес болды

    Одан таяқпен қаруланған бірнеше жігіт арасындағы төбелесті көруге болады. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған, деп хабарлайды «Мой город» басылымы. Жанар-жағармай құю бекетінің аумағында таяқпен қаруланған бір топ адам төбелескен.

    Видеоның басында біреудің бір топ адамнан қашып бара жатқанын көруге болады. Қуып жеткендердің бірі атыс қаруымен қарсыласын екі рет атқан. Содан кейін бір топ адам бір жігітті ортаға алып, таяқпен ұра бастайды.

    БҚО ПД баспасөз қызметі бұл жағдай қаладағы түнгі клубтардың бірінде болғанын хабарлады. Олар келушілердің бірін жарақаттаған адамды ұстаған.

    Таңғы 5-тер шамасында бір адам түнгі клубқа кірмек болған, бірақ ол мас және агрессивті күйде болғандықтан күзетші оны ішке кіргізбеген. Содан соң жігіт келушілерді және мекеменің күзетшісін пышақпен жарақаттаған. Клубқа келіп отырған бір топ жігіт пен күзет қызметі пышақ ұстаған адамды ұстап, полиция қызметкерлері келіп жеткенше соққыға жыққан. Ер адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бұзақылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген ведомство хабарламасында.

    Полиция департаментінің өкілдері мекеме күзетшілеріне қатысты да бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Олардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалған.

    Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, ұсталған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

  • Ақтөбе облысындағы оқушы өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды

    Ақтөбе облысындағы оқушы өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды

    Ақтөбе облысындағы оқушы өлімімен аяқталған төбелес кезінде он бес баланың  болғаны анықталды. Оның бес-алтауы мұғалімдердің балалары, дейді марқұрмның әпкесі. Марқұның жақыны олардың тамыр-таныстары көп болғандықтан  жауапкершілікке тартылмай қала ма, деп алаңдап отыр. Сондықтан істің әділ тергелуін талап етеді. Облыстық прокуратура өкілдері оқушы өліміне қатысты үш жасөспірімнің қамауға алынғанын хабарлады. Полиция, күдіктілер ешбір сыбайластарына қарамастан жазаға тартылатынын айтты. Ауданға арнайы комиссия жіберілді. Қайғылы оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды.

    «Бойы ұзын, ірі болатын. Әрқашан өзінің сыныптастарын қорғап жүретін. Сол кезде балалар айтыпты, естіп жатырмыз, Нұржанды қаттырақ ұрыңдар деген екен. Жанды жерлерінен соқққан.  Ең сорақысы он бес бала бола тұра менің інімді далаға, өлім аузына тастап кете барған», -деді марқұмның әпкесі АЯЖАН СЫДЫҚОВА

    Марқұмның туыстары жоғары сыныпта оқитындар кішілеріне әлімжеттік жасағанын айтады. Әрі бұл жағдай бірнеше жыл бойы жалғасып келгеніне сенімді. Бұл мәліметтерді қаза болған он төрт жастағы Нұржанның әпкесі айтып берді.Оқушы өлімімен аяқталған оқиға 2-ші қыркүйекте, кешкі мезгілде ауыл сыртындағы ескі моншаның аумағында болған. Жоғары сынып оқушылары тоғызыншы сыныпта оқитындарды ұрған.