Метка: тонау

  • Павлодарда: банк тоналуына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

    Павлодарда: банк тоналуына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

    Павлодар облысының полициясы 2024 жылы болған Halyk Bank бөлімшесінің тонауына қатысты жаңа деректерді жариялады. Қылмыс жасалғанына екі жылға жуық уақыт өтсе де, іске қатысы бар тағы екі адам әлі іздеуде жүр, деп хабарлайды Sona.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

    Оқиға 2024 жылғы 10 қарашадан 11 қарашаға қараған түні Павлодар қаласындағы Естай көшесінде орналасқан тұрғын үйдің бірінші қабатындағы банк бөлімшесінде болған. Белгісіз тұлғалар жертөле жағынан қабырғаны бұзып кіріп, ақша мен құнды заттарды алып кеткен. Таңертең жұмысқа келген банк қызметкерлері ұрлықты анықтап, полицияға хабарлаған.

    Құқық қорғау органдарының мәліметінше, алғашқы бес күдіктіні анықтауға шамамен екі апта уақыт кеткен. Алайда тергеу жалғасып жатыр. Тағы екі күдіктіге іздеу жарияланған.

    Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітовтің айтуынша, бұл іс бойынша халықаралық өзара іс-қимыл жүргізілуде. Жуырда облыстық полиция қызметкерлері Грузия мен Арменияға іссапармен барып, сол елдерде болуы мүмкін күдіктілерге қатысты қажетті тергеу шараларын өткізген. Аталған мемлекеттер тарапынан жан-жақты құқықтық көмек көрсетілген.

    Жиналған материалдар Ресей Федерациясының прокуратурасына жолданады. Полиция өкілдері істің Ресейге берілуін күдіктілердің барлығы Ресей азаматтары болуымен түсіндірді.  Олар экстрадицияланбайды және Ресей заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

    Аталған қылмыстық іс бойынша шамамен 40 адам жәбірленуші деп танылған, олардың басым бөлігі Павлодар облысының тұрғындары. Тергеу амалдары жалғасуда.

  • Алматыда сейф ұрлап, троллейбуспен қашпақ болған күдікті ұсталды

    Алматыда сейф ұрлап, троллейбуспен қашпақ болған күдікті ұсталды

    Алматыда пәтер тонағаннан кейін қаладағы қарапайым троллейбусқа отырып қашпақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sona.kz CHECK-POINT.KZ — ге сілтеме жасап.

    Оперативтік топ оның жеке басын жылдам анықтап, қолға түсірген. Күдіктіден ұрланған сейф тәркіленді. Қазір оның басқа да осы тектес қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

    Полиция күдіктінің әрекеті «кір сабын сияқты қарапайым» болғанын, бірақ бұл оның жауапкершіліктен қашуына көмектеспегенін атап өтті.

  • Алматыда ер адамды тонап, 13 миллион теңгесін алып кетті

    Алматыда ер адамды тонап, 13 миллион теңгесін алып кетті

    Алматыда Төле би даңғылындағы айырбастау пунктінің маңында ер адамды тонап, 13 миллион теңгесін алып кеткен, деп хабарлайды Sona.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Полицияның мәліметінше, бейтаныс азамат қала тұрғынына шабуыл жасап, ақшасын ашық түрде иемденген. Жедел-іздестіру шаралары барысында Алмалы аудандық полиция қызметкерлері күдіктіні — Алматы қаласының 39 жастағы тұрғынын ұстады.

    «Күдіктінің тұрғылықты жерінен ақшалай қаражат, қылмыс кезінде бейнежазбаларға түскен киімдер және өзге де заттай айғақтар алынды», — деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

    Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр, оның өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

    Айта кетейік, бұған дейін Алматыда түнгі уақытта көшеде адамдарға бұрыш бүріккішпен шабуыл жасап, телефон, ақша және бағалы заттарын тартып алған топ ұсталған болатын.