Метка: Тоқаев

  • Тоқаев демалыс аймақтарында тәртіп орнатуды және кінәлілерді жазалауды тапсырды

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі туристік аймақтардағы жағдайды шұғыл реттеуді талап етті. Бұл шешімге тұрғындардың көпшілік шағымы себеп болды, әсіресе Алакөл маңындағы демалыс аймағының дайын еместігі туралы айтылды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

    Желдібайдың айтуынша, Президент инфрақұрылымның, сервистің және қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігін атап өтті. Бұл демалушылардың наразылығын туғызуда.

    Осыған байланысты Үкіметке еліміздегі барлық туристік бағыттарды қысқа мерзімде ретке келтіру және саладағы салғырттыққа жол берген лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту тапсырылды.

    Еске салсақ, Тоқаев қаңтар айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздегі туризмнің даму қарқынына сын айтқан болатын. Ол туризм — Қазақстан экономикасының жаңа өсім нүктесіне айналуы тиіс екенін атап өтті. Президенттің сөзінше, әр өңірде туристерге тартымды бірегей табиғи орындар бар. Шетелдік те, отандық туристер де осы нысандарға барғысы келеді. Бірақ инфрақұрылым жоқ болғандықтан бұл әлеует іске аспай отыр.

    Сондықтан Мемлекет басшысы қажетті сервистік нысандардың құрылысын жеделдетуді, оның ішінде жеке инвесторларды тарту арқылы жүзеге асыруды тапсырды.

  • Қазақстанда легионерлерге ақша бөлінбейді

    Қазақстанда легионерлерге ақша бөлінбейді

    Президент Тоқаев мемлекеттік және квазимемлекеттік бюджет есебінен шетелдік спортшыларды (легионерлерді) қаржыландыруға тыйым салатын заңға қол қойды.

    Енді қаражат төрт бағытқа жұмсалады: жоғары жетістіктер спорты, бұқаралық спорт, спорт инфрақұрылымы және мемлекеттік спорт ұйымдарының жұмысы.

    Сонымен қатар спорт федерацияларын аккредиттеу тәртібі өзгеріп, бірыңғай ұлттық стандарттар енгізіледі. Заң отандық спортты қолдауға және патриоттық тәрбиені күшейтуге бағытталған.

  • +7 телефон кодын Қазақстан мен Ресей қалай бөліспек?

    +7 телефон кодын Қазақстан мен Ресей қалай бөліспек?

    Қазақстан мен Ресей +7 телефон кодын бөлісу туралы келісімге қол қойып, әр тарапқа нақты диапазондар бекітілді.

    2021 жылдан бастап Қазақстан  өзінің +997 халықаралық кодына көшу мүмкіндігін қарастырады. Алайда жаңа халықаралық кодқа ауысу көптеген қиындыққа тап болды.

    Енді Қазақстан +7 0, +7 6 және +7 7 кодтары бар нөмірлерді пайдаланса,  ал +7 2, +7 3, +7 4, +7 5, +7 9 кодтары Ресей атына бекітілді.

    Жаңа кодқа қайта қосылу айтарлықтай қаржылық шығындарды, байланыс инфрақұрылымын өзгертуді және барлық пайдаланушылар үшін деректерді жаңартуды қажет етеді. Бұл мемлекеттік және банктік қызметтердің бұзылуына, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен қосымшаларға қол жеткізу мәселелеріне әкелуі мүмкін.

    Халықаралық телекоммуникация одағымен қосымша келіссөздерден кейін азаматтар мен байланыс операторлары үшін қиындық болдырмау үшін +7 халықаралық кодын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды.