Метка: төтенше жағдай

  • Қонаевта жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды

    Қонаевта жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды

    Қонаев қаласында 11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған түні қатты желдің (жел екпіні 25 м/сек-тен асты) салдарынан бірқатар тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырлары зақымданып, көше жарығының бағаналары істен шықты.

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына («Азаматтық қорғау туралы», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдар) сәйкес, Қонаев қаласының әкімі табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. 17 желтоқсаннан бастап жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай ресми түрде жарияланды.

    Төтенше жағдай резервінен бөлінген қаражат есебінен зақымданған нысандарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

    Айта кетейік, 11 желтоқсаннан бастап қаладағы коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қазіргі таңда Қонаев қаласындағы жағдай тұрақты: электр энергиясы, ауыз су және жылумен қамту жүйелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

  • Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялауға байланысты түсініктеме

    Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялауға байланысты түсініктеме

    Қонаев қаласында 11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған түні қатты жел тұруына байланысты кейбір тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырларына нұқсан келіп, жарық бағаналары істен шыққан. Соған байланысты ҚР қолданыстағы заңдарына (Азаматтық қорғау туралы Заң, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заң) сәйкес, Қонаев қаласының әкімі жергілікті ауқымда төтенше жағдай жариялауға шешім шығарды.

    Төтенше жағдайды енгізу Ашық НҚА порталына қоғамдық талқылауға 15 желтоқсан күні жіберілді. Ол 16 желтоқсанға дейін талқылауда болады. Кейбір БАҚ өкілдері 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланады деп жазуда. Қала әкімдігі мұны теріске шығарады. Себебі, құжат Әділет органдарымен келісіліп, қоғамдық талқылауға жатады. Осы процесстерден кейін, жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланады.

    Нәтижесінде ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатырлары жөнделіп, істен шыққан көше жарығы бағаналары, темірбетон бағаналар, электр желілері ауыстырылады деп күтілуде.

    Қосымша ақпарат кейінірек жарияланады.

  • Абай облысында 3 автобустан 106 адам эвакуацияланды

    Абай облысында 3 автобустан 106 адам эвакуацияланды

    Түнде Абай облысының Аягөз қаласында Аягөз қаласы-Қалбатау ауылы арасындағы республикалық маңызы бар автожол қозғалысының шектелуіне байланысты блокпостта жолаушылары бар 3 автобус тоқтап қалды.

    ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылары полиция қызметкерлерімен бірге жолаушылар автобустарынан 92 адамды ертіп, жақын маңдағы жылыту пункттеріне орналастырды, оның ішінде 20 бала бар.

    Жолдың осы жабық учаскесінің арғы жағында шағын көлемді автобустың жолаушылары қиын жағдайға тап болып, 14 адам жылыту пунктіне орналастырылды.

    Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райына байланысты ескертулерді назарда ұстап, күн бұзылған жағдайда елді мекеннен тыс жерлерге шықпауды ұсынады.

     

  • Шал ақын ауданында үй өртеніп, әкесі мен 4 баласының мәйіті табылды

    Шал ақын ауданында үй өртеніп, әкесі мен 4 баласының мәйіті табылды

    Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылында жер үй өртеніп, оқиға орнынан бес адамның денесі табылды.

    Дереккөзге сүйенсек, өрттен кәмелет жасына толмаған үш бала және 18 жастағы бір қыз, сондай-ақ олардың әкелері мерт болған.

    «Түнде 112 пультіне Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылындағы жер үйлердің бірі өртеніп жатыр деген ақпарат түсті. Өрт сөндірушілер келгенде үй толығымен отқа оранып, үйдің төбесі ортасына түскен. Өртті сөндірген құтқарушылар екі адам мен үш баланың мәйітін тапты», – деп хабарлайды СҚО төтенше жағдайлар департаменті. 

    Ал, біздің редакцияға ақпарат берген СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрттен 1984 жылғы әкесі, 2006 жылы туған қызы мен кәмелет жасына толмаған екі қызы мен бір кішкентай ұлы қаза тапқанын растады.

  • Оңтүстік Корея әскери төтенше жағдай жариялады

    Оңтүстік Корея әскери төтенше жағдай жариялады

    Оңтүстік Кореяда әскери жағдай жарияланды. Бұл туралы ел президенті Юн Сок Ёль халқына жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Yonhap агенттігі.

    Бұған дейін Оңтүстік Корея президенті шұғыл кеңес өткізіп, өзіне импичмент жариялау әрекеті жасалғанын мәлімдеген болатын. Ол оппозицияны елдің негізгі қызметтерін орындау үшін қажетті «барлық маңызды бюджет қаражаттарын қысқартты» деп айыптады.

    «Солтүстік Кореяны жақтайтын күштерді жою және еркін конституциялық тәртіпті қорғау үшін әскери жағдай жариялаймын», – деді ол.

    Юн Сок Ёль бұл шешімді «адамдардың еркіндігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ анти-мемлекеттік күштердің әрекеттерінен ел тұрақтылығын сақтау үшін қабылданған шара» деп атады.

    Өз сөзінде президент әскери жағдайдың азаматтарға белгілі бір қолайсыздықтар тудыруы мүмкін екенін атап өтті. Дегенмен, билік бұл қолайсыздықтарды барынша азайтуға тырысатынын айтты.

    Сыртқы саясатқа келсек, оның айтуынша, бұл онда өзгерістер болмайды. Оңтүстік Корея өз міндетін орындауды жалғастыра береді.

  • Жайық өзеніне үш жасөспірім батып кетті

    Жайық өзеніне үш жасөспірім батып кетті

    Жайық өзеніне үш жасөспірім батып кетті

    Құтқарушы сүңгуірлер екеуінің денесін судан шығарды. Қайғылы оқиға кеше кешкісін Береке ауылында болған.

    Төтенше жағдай қызметкерлері 15-16 жас аралығындағы үш жасөспірім шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түскенін анықтады.

    Сүңгуірлер үшінші баланы әлі іздеп жатыр.
  • Маймыл шешегі дендеп тұр: Халықаралық деңгейде төтенше жағдай жарияланды

    Маймыл шешегі дендеп тұр: Халықаралық деңгейде төтенше жағдай жарияланды

    Маймыл шешегі дертінің мутацияға ұшыраған түрі белең алды. Індеттің тез таралуына байланысты Халықаралық деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Мұндай шешімді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қабылдады.

    «Вирус Конгоның шығыс аймағында тез таралуда. Жанындағы көрші елдерден де анықталған. Бұл жағдай алаңдаушылық туғызды», — делінген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарламасында.

    Маймыл шешегі адамдарға жұғатын сирек кездесетін вирустық инфекция. Биылдың өзінде дертті 14 мыңнан астам адам жұқтырған. Оның 524-і көз жұмды. Мутацияға ұшыраған маймыл шешегінің бастапқы белгілерінде бас ауырады. Қызу көтеріліп, арқада ауырсыну пайда болады. Дене бөртеді.

  • «Семей орманында» тағы өрт шықты

    «Семей орманында» тағы өрт шықты

    1 тамыз күні «Семей орманы» мемлекеттік орман өрті қызметінің пультына қызыл жалын шыққаны туралы ақпарат түскен. ТЖМ-нің мәліметінше, өрт Бесқарағай ауданындағы Дөңгелек орманшылығында пайда болған.

    7 гектар аумақтағы отпен күреске 60 адам, орманшылық пен ТЖД-ның 15 техникасы, тікұшақ жұмылдырылды. Өрт тез арада ауыздықталып, сөндірілді.