Метка: Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов

  • Министр су тасқынына дайындықты тексеріп жүр

    Министр су тасқынына дайындықты тексеріп жүр

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Батыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапарын аяқтап, өңірдің көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

    Инспекцияның екінші күні аясында ведомство басшысы Бөрлі ауданына барып, су тасқыны қаупі бар учаскелерді, салынған бөгендердің ұзындығы мен беріктігін, сондай-ақ тез салынатын бастиондарды қарап шықты.

    «Су тасқыны кезеңінің салдарын болдырмау үшін монтаждау-құрылыс іс-шараларын қоса алғанда, бірқатар күрделі және ауқымды жұмыстар жүргізілді. Су тасқынына қарсы барлық шаралар уақтылы және толық көлемде жүзеге асырылуы маңызды», –  деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.

    Министр жергілікті қызметтерге қауіпті аймақтарға ерекше назар аудара отырып, су тасқынына дайындықты жедел аяқтауды тапсырды.

  • ТЖМ 120 млн теңгеге дрон сатып алады

    ТЖМ 120 млн теңгеге дрон сатып алады

    Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ведомство 120 млн теңгеге арнайы дрон сатып алуды жоспарлап отырғанын айтты.

    Ведомство басшысы бұл жұмыс пилоттық жоба аясында іске асырылатынын атап өтті.

    Елімізде Қытай дрондарын құрастырамыз. Жұмысты қазақстандық фирма істейді. Бір дронның бағасы – 120 млн теңге шамасында. Дрон 150 метрге дейін көтеріліп, өртті сөндіре алады. Құралды кез келген өрт сөндіруші көлікке қоя аламыз, – деді Әрінов Үкіметтің баспасөз орталығында.

    Оның айтуынша, аталған дрондар Алматы және тағы басқа қалалардағы биік ғимаратта шыққан өртті сөндіруге қолданылады.

    «Біз тәжірибемізді тағы жетілдіреміз. Келісімшарт бойынша жоғарыда аталған фирма біздің қызметкерлерді (дронды басқаруға) үйретеді», – деді министр.