Метка: Трамп

  • Трамп Иранмен ынтымақтас елдерге 25 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдеді

    Трамп Иранмен ынтымақтас елдерге 25 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдеді

    АҚШ президенті Дональд Трамп Иран Ислам Республикасымен ынтымақтасатын елдерге 25% мөлшерінде кедендік баж салығы енгізілетінін жариялады. Бұл туралы Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Мәлімдеме мемлекет басшысының Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.

    «Осы сәттен бастап Иран Ислам Республикасымен кез келген іскерлік қатынас жүргізетін әрбір ел Америка Құрама Штаттарымен жасалатын барлық экономикалық байланыс үшін 25 пайыздық баж салығын төлейтін болады. Бұл шешім түпкілікті және қайта қарауға жатпайды», — деп жазды Дональд Трамп.

    Бұған дейін, 10 қаңтарда, Трамп соңғы үш жылдағы ең ауқымды жаппай наразылықтарға байланысты пікір білдіріп, АҚШ протестке шыққандарға көмек көрсетуге дайын екенін айтқан.
    11 қаңтарда ол Ирандағы наразылықтар кезінде қаза тапқандар туралы ақпараттарға байланысты АҚШ әскері «өте қатаң нұсқаларды» қарастырып жатқанын мәлімдеді.

    Өз кезегінде Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Ғалибаф АҚШ елге соққы жасайтын болса, америкалық әскер мен Израиль «заңды нысанаға» айналатынын ескертті. Дүйсенбі күні Иранда наразылық кезінде қаза тапқандарға байланысты үш күндік аза тұту жарияланды.

    Ирандағы наразылықтар 28 желтоқсаннан бері жалғасып келеді. Алғашында олар бағаның күрт өсуіне қарсы басталғанымен, кейін саяси сипат алды. Ақпараттарға сәйкес, наразылықтар елдің барлық өңірінде орналасқан 111 қала мен елді мекенді қамтыған.

  • Трамп үйсіздерді Вашингтоннан көшіруді ұсынды

    Трамп үйсіздерді Вашингтоннан көшіруді ұсынды

    АҚШ президенті Дональд Трамп үйсіздердің ел астанасынан «тез арада» кетуі тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform.кz-ке сілтеме жасап. Ол қаланы қауіпсіз әрі көрікті ету жоспарын таныстыратынын айтты.

    Мемлекет басшысының сөзінше, үйсіздерді астанадан алыс аймақтарға көшіру жоспарланып отыр. Қылмыс жасағандар қамауға алынады. Бұған дейін, шілде айында, Трамп үйсіздерді ұстау рәсімін жеңілдететін жарлыққа қол қойған еді. Сондай-ақ өткен аптада қалаға қылмыспен күресу үшін федералдық агенттерді жіберу туралы тапсырма берген.

    2022 жылы ол үйсіздерді қаладан тыс, санитарлық және медициналық жағдайы қамтамасыз етілген уақытша лагерьлерге орналастыруды ұсынған болатын. Ал Вашингтон мэрі Мюриэл Баузер соңғы екі жылда зорлық-зомбылық қылмыстарының деңгейі соңғы 30 жылдағы ең төменгі көрсеткішке жеткенін атап өтті.

  • Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар берді

    Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар берді

    АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар өткізіп, мұсылман елдерінің өкілдерін қабылдады. Ол өз сөзінде 2024 жылғы президенттік сайлауда көрсеткен қолдауы үшін мұсылман қауымына ризашылығын білдірді.

    Трамп өз әкімшілігінің басты мақсаттарының бірі – Таяу Шығыста бейбітшілік орнату екенін атап өтіп, бұл бағытта Авраам келісімдеріне сүйенетінін жеткізді. Сонымен қатар, президент әсіресе Мичиган штатында тұратын мұсылмандарға ерекше алғысын білдірді.

    «Мен президент болып тұрғанымда, сіздерді әрдайым қолдаймын. Мұны білулеріңізді қалаймын», – деді Трамп.

    Сондай-ақ, ол болашақта мұсылмандармен тығыз қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін айтты.

  • Путин мен Трамптың сөйлесуі екі жақтың бастамасымен өтеді – Песков

    Путин мен Трамптың сөйлесуі екі жақтың бастамасымен өтеді – Песков

    Ресей президентінің баспасөз хатшысы екі ел басшылары әңгімесінің қорытындысы баспасөзге хабарланатынын айтты.

    Владимир Путин мен Дональд Трамптың алдағы әңгімесі екі жақтың да бастамасымен өтеді. Бұл туралы ТАСС агенттігінің сауалына жауап берген Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады. Ол екі ел басшылары әңгімесінің нәтижесі туралы баспасөзге хабарланатынын атап өтті.

    – Бұл өзара келісім. Біз қалай болатынын әлі шешкен жоқпыз, бірақ міндетті түрде хабар таратамыз, – деп сендірді ол.

    Песков бұған дейін Путин мен Трамптың сөйлесуі 18 наурызға жоспарланғанын айтқан болатын. Ол әңгімелесу қанша қажет болса, сонша уақытқа созылатынын жеткізген.

  • Трамп пен Путин қашан кездеседі?

    Трамп пен Путин қашан кездеседі?

    АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Reuters. Ол кездесуде америкалық және ресейлік тараптар Украинадағы соғысты тоқтату жөнінде талқылайтынын мәлім етті.

    Біз бұл соғысты тоқтата аламыз ба, жоқ па соны байқап көреміз, – деді Трамп Air Force One бортында журналистердің сауалына жауап бере отырып.

    АҚШ басшысының сөзінше, бұл – жақсы мүмкіндік.

    Бәлкім, қолымыздан келер, бәлкім, келмейді, бірақ меніңше, біздің өте жақсы мүмкіндігіміз бар, – деп түйіндеді Трамп.

  • Трамп Украинаға әскери көмек беруді тоқтатуды бұйырды

    Трамп Украинаға әскери көмек беруді тоқтатуды бұйырды

    АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға барлық әскери көмекті тоқтата тұруға бұйрық берді. Бұл туралы америкалық БАҚ жазды.

    Д.Трамп бұл шешімді Украина президенті В.Зеленскиймен кездесуден бірнеше күн өткенннен кейін қабылдады.

    «Бұл көмектің берілуі толық тоқтатылды деген сөз емес, бұл – уақытша шара», – деп хабарлайды Fox News әкімшілік өкіліне сілтеме жасап.

    Bloomberg пен Fox News жазуынша, тиісті шаралар Трамп Украина басшылығының бейбітшілікке деген ұмтылысына көз жеткізбейінше жалғасуы мүмкін.

    Бұл шешім Украинаға жеткізілмеген барлық америкалық әскери жабдыққа, соның ішінде Польша арқылы транзитті күтіп тұрған қару-жараққа қатысты екенін хабарлады бұқаралық ақпарат құралдары.

     

  • Трамп трансгендерлерге әйелдер спортына қатысуға тыйым салды

    Трамп трансгендерлерге әйелдер спортына қатысуға тыйым салды

    АҚШ президенті Дональд Трамп трансгендер спортшыларға әйелдер сайысына қатысуға тыйым салатын жарлыққа қол қойды.

    Бұған дейін ол заңнамалық деңгейде тек екі жынысты бекіткен еді. Ол «әйелдер спорты тек әйелдерге арналады» деп атап өткен жарлықта.

    Трамп қол қойған құжатқа сәйкес, трансгендерлерге әйелдер сайысына қатысуға мүмкіндік беретін мектептер мен университеттерге мемлекет қаржы бөлмейді.

    Трамп бұл талапты 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына енгізбек. «2028 жылы Лос-Анджелесте менің әкімшілігім әйел спортшыларды еркектердің ұрып-соғып жатқанына қарап отыра алмайды», – дейді Трамп.

    Трамп және оның әкімшілігі «өзін спортшы ретінде көрсете отырып, Америка Құрама Штаттарына алаяқтық жолмен кіруге тырысатын ер адамдардан барлық визалық өтініштерді қабылдамауға» ниетті екенін айтты.

    Айта кету керек, трансгендерлерге қарсы жарлыққа Трамп қызметке кіріскеннен кейін бірден 20 қаңтарда қол қойды.

    Құжатқа сәйкес, АҚШ билігі адамның туған кездегі жынысын ғана таниды, трансгендер әйелдерді ерлер түрмелеріне жібереді, ал мемлекеттік мекемелердегі трансгендер қызметкерлер туған кездегі жынысына қарай дәретханаларды пайдалануы керек.

    Ал спортшылар «Бұл жарлық әйелдер спортындағы соғысты аяқтайды», – деді.

  • Трамп 2021 жылы Конгреске шабуылға қатысқан 1,5 мың адамға кешірім берді

    Трамп 2021 жылы Конгреске шабуылға қатысқан 1,5 мың адамға кешірім берді

    АҚШ президенті қызметіне кіріскен Дональд Трамп 2021 жылғы 6 қаңтарда Вашингтондағы Конгресс ғимаратына демонстранттар шабуыл жасағанда наразылыққа қатысқан 1500-ден астам адамға кешірім беріп, жазасын жеңілдетті.

    Олар Джо Байден жеңімпаз деп танылған 2020 жылғы президент сайлауының қорытындысын растауға кедергі жасамақ болған. Бұл – Трамптың президент қызметіне кірісе сала қол қойған алғашқы жарлықтарының бірі.

    Конгреске шабуыл оқиғасына қатысқан Proud Boys және Oath Keepers деп аталатын оңшыл радикал топтарға мүше 14 адамның жазасы жеңілдетілді, олар бүлік шығарды деп сотталған еді. Баспасөздің хабарлауынша, олар жақын арада қамаудан босатылмақ. Трамп кешірім жариялаған басқа сотталған адамдардың көбі құқық қорғау органдары өкілдеріне күш көрсетті я Конгресс аумағына заңсыз басып кірді деп айыпталып, түрмеге жабылған еді. Президент жарлығында «2021 жылғы 6 қаңтарда АҚШ Капитолийінде немесе оған жақын жерде болған оқиғалар кезінде заң бұзғаны үшін сотталғандардың бәріне толық және сөзсіз кешірім жасау» жөнінде айтылған.

    «Бұл адамдардың бәрі бүгін кешке босатылады деп үміттенемін», – деді президент Трамп тиісті жарлығына қол қойған кезде.

    Төрт жыл бұрын өкілдер палатасының спикері болған Нэнси Пелоси президенттің бұл шешімін «әділет жүйесін қорлау» деп атады.

    Капитолийдегі оқиғадан кейін 1500-ден астам адам қылмыстық жауапқа тартылған, кемінде 1100 адам сотталып, 600-ге жуығы бас еркіндігінен айырылған. Трамп жарлыққа қол қойғанда сол оқиғаға байланысты сотталғандардан аз ғана адам қамауда отырған еді.

  • Дональд Трамп Илон Маскқа үкіметтен қызмет ұсынды

    Дональд Трамп Илон Маскқа үкіметтен қызмет ұсынды

    Дональд Трамп кәсіпкерлер Илон Маск пен Вивек Рамасвамиге үкіметте жаңа тиімділік департаментін бірлесіп басқаруды ұсынды.

    – Бұл екі керемет америкалық азамат бірге менің әкімшілігіме үкіметтік бюрократияны жоюға, артық реттеуді азайтуға, ысырапшылдықты азайтып, федералды агенттіктерді қайта құрылымдауға жол ашады. Бұл Американы құтқару қозғалысының маңызды шарты», – деді Трамп мәлімдемесінде.

    BBC мәліметтері бойынша, жаңа Департаменттің аббревиатурасы – DOGE-Маск насихаттайтын Dogecoin криптовалюта атауына сілтеме жасайды. Жаңа құрылым қандай формада болатыны әлі белгісіз. Трамптың мәлімдемесінде ол кең ауқымды құрылымдық реформалар жүргізу үшін Ақ үймен және бюджет басқармасымен ынтымақтасатыны айтылады. Маск пен Рамасвами бұл жұмысты 2026 жылдың шілдесіне дейін істейтіні белгілі.

    Еске сала кетейік, Илон Маск Дональд Трампты сайлау науқанында белсенді қолдады. Трамп оған сайланған жағдайда ресми лауазым беруге уәде берген.

  • Трамптың инаугурациясы қашан өтеді?

    Трамптың инаугурациясы қашан өтеді?

    АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамптың инаугурациясы 2025 жылдың 20 қаңтарына жоспарланып отыр.

    USA Today-дің жазуынша, АҚШ-тың келесі президентін ұлықтау рәсімі 2025 жылдың 20 қаңтары, дүйсенбіде Вашингтондағы Капитолий ғимараты алдында өтеді.

    Инаугурацияға дейін және одан кейін басқа да мерекелік іс-шаралар өтеді, соның ішінде инаугурациялық шеру мен би кеші де болады.