Метка: Тұмау

  • Дәрігерлер қазақстандықтарға үндеу жолдады: ЖРВИ кезінде үйде қалыңыз

    Дәрігерлер қазақстандықтарға үндеу жолдады: ЖРВИ кезінде үйде қалыңыз

    Тұмау және ЖРВИ ауруының алдын алу үшін қарапайым алдын алу шараларын сақтау керек: көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеу; үй-жайларды жүйелі түрде желдету; қолды өңдеу үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды пайдалану; науқас адамдармен байланысты шектеу, оларды оқшаулау; тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдыру және мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге жібермеу; ауру белгілері пайда болған кезде уақытылы медициналық көмекке жүгіну керек.

    «Ауру жеңіл өтіп жатса да, тәуекел етпеңіздер, балаларды үйде қалдырыңыздар, өйткені вирустар ассоциациясы болу қаупі өте жоғары. Эпидемиялық маусым ушыққан кезде ересектер 2-3 рет, ал балалар, әсіресе бес жасқа дейін, 6-9 рет ауырады, өйткені олар вирустық инфекцияға алғаш рет тап болады. Антибиотиктерді өз бетінше және жаппай қабылдамай, ағзаның вирусты өз бетінше жеңуіне мүмкіндік беру керек», – деді «Астана медицина университеті» КЕАҚ Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, жоғары біліктілік санатындағы инфекционист-дәрігер Динагүл Баешева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
  • Алматыда тұмауға қарсы екпе егу басталды

    Алматыда тұмауға қарсы екпе егу басталды

    Алматыда тұмауға қарсы екпе егу басталды

    Жыл басынан бері шаһарда 19 мыңға жуық адам респираторлық вирустық инфекция жұқтырған. Алматыға биыл 200 мың доза вакцина сатып алынды. Қазір қоймаға 54 мыңнан астамы жеткізілді. Қаладағы емханалар күз басталысымен күшейтілген режимге көшкен. Дәрігерлер күн сайын кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді.

    Тұрғындар тұмауға қарсы екпені өздері тіркелген емханадан ала алады. Ол үшін терапевт немесе кезекші дәрігерге барса жеткілікті. Екпе әуелі жүкті әйелдерге салынады. Содан соң, медицина саласының қызметкерлері, балалар мен қарттар, диспансерлік есепте тұрғандар тегін егіледі. Мамандар вирус қыстың қақ ортасында өрши түседі. Сол үшін екпені күздің басында алған дұрыс, деп кеңес береді.

    «Енді не үшін егу жұмыстарын жүргізу керек? Дүниежүзінде бүкіл ғалымдар және эпидемиологтар келесі жылда қандай тұмаудың вирустары кездесетінін алдын ала болжайды. Болжап сол вирустарға қарсы егу жұмыстарын жасайды. Еккен кезде екі аптадан кейін иммунитет үзіліп бастайды. Егер адамда қандай да бір ауру белгілері болса, онда екпе егу жұмыстарын кішкене кідіртеді»,- деді
    инфекционист-дәрігері
    «Тамара Отағанова.

    Қазір мегаполисте жедел жәрдемнің 186 бригадасы жұмыс істеп тұр. Шақыртулар көбейсе, олардың санын 200-ге жеткізбек. Ал инфекциялық стационарларда 530-дан астам орын дайын. Қазір онда 60-қа жуық науқас ем қабылдап жатыр.
    Тұмау суық тиюмен салыстырғанда әлдеқайда қауіпті. Асқынып кетсе, бронхит, өкпе қабынуы мен делбе дертіне ұласуы мүмкін. Сондықтан дер кезінде дәрігерге жүгінген жөн, дейді мамандар.