Метка: турист

  • Қазақстандық әйел алғаш рет турист ретінде ғарышқа ұшады

    Қазақстандық әйел алғаш рет турист ретінде ғарышқа ұшады

    Данна Қарағұсова, Мәжілістің бұрынғы депутаты Гүлжан Қарағұсованың қызы, Blue Origin компаниясының New Shepard суборбиталық кемесінің экипаж құрамына енді, деп хабарлайды Sona.kz ZTB-ға сілтеме жасап.

    Ол Қазақстаннан шыққан алғашқы әйел-ғарыш турисі болмақ.

    Blue Origin мәліметінше, Қарағұсованың медиа және іс-шара ұйымдастыру саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол өнер мен ғылымды тоғыстыратын Portals платформасының тең құрылтайшысы. Сондай-ақ альпинизммен айналысып, Килиманджаро мен Эльбрус шыңдарын бағындырған.

    «Енді ол ғарышты ойын-сауық ретінде емес, адамды трансформациялайтын жаңа белес ретінде қарастырады», – делінген компания хабарламасында.

    Қарағұсоваға қоса, ұшуға АҚШ пен Украинадан кәсіпкерлер мен инженерлер, сондай-ақ есімін құпия ұстауды қалаған бір жолаушы қатысады.

    Blue Origin билеттерінің құны жария етілмеді. Салыстыру үшін, Virgin Galactic компаниясы ғарышқа сапарды 600 мың доллардан сатуда.

  • Биыл Қазақстанға 69 мыңнан астам қытайлық турист келді

    Биыл Қазақстанға 69 мыңнан астам қытайлық турист келді

    Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Қытай экономикасының қарқынды дамуы мен қазақ-қытай ынтымақтастығы жайлы айтты.

    1-7 қазан аралығында ҚХР-дың білім күні мерекесі кезінде Қытайдағы тұтыну нарықтары табысқа кенелген.

    Статистикаға сәйкес, ел бойынша 765 миллион ішкі туристік сапар тіркелген, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,2%-ға артық.

    «Отандық туристер шығынының жалпы сомасы 700,8 млрд юаньды құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9%-ға көп. 2,519 миллион тұтынушы 8 негізгі санаттағы тұрмыстық техниканы сатып алды, бұл 3,74 миллион бірліктен асып, сатылымы 17,84 миллиард юаньға жетті. Қытайдың кассалық табысы 2,104 миллиард юаньды құрады, ал кино көрерменнің жалпы саны 52 миллион адамнан асты. Демалыс кезінде елге барлығы 13,098 миллион адам кіріп-шықты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,8%-ға көп», — дейді Чжан Сяо.

  • Астанада өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне арнайы автобустар қатынайды

    Астанада өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне арнайы автобустар қатынайды

    Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл көрерменнің қауіпсіздігі мен жол кептелісін болдырмау мақсатында қабылданған шара. Арнайы транспорт Салтанат Сарайы, «Әзірет Сұлтан» мешіті және Бас мешіттің жанынан сағат 17:00-ден бастап қатынайды. Ол үшін концерт билетін көрсету қажет. Ал кеш өтетін жерге жеке көлікпен кіруге тыйым салынған. Айта кетейік, бүгін Астана аренада әншінің концерті өтеді.

  • Гавайлық турист: Қазақтың рухы ат үстінде

    Гавайлық турист: Қазақтың рухы ат үстінде

    V дүниежүзілік көшпенділер ойындарын көруге  шет елден көптеген туристер келді. Солардың бірі Гавай аралдарынан арнайы келген Томас Борланд. Ол өзінің жарымен бірге келген.

    «Біз Гавай аралдарынан Көшпенділер ойындарын тамашалау үшін арнайы келдік. Көкпар деп аталатын ұлттық ойын түрін бірінші рет тамашаладық. Қазақтардың атқа міну мәдениеті ерекше әсер берді. Қазақтың рухы ат үстінде екенін түсіндім», — дейді гавайлық Томас Борланд.

    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға әлемнің 89 елінен 2500-ге жуық спортшы мен арнайы делегация өкілдері келген.