Метка: Ту

  • Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

    Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы Reddit әлеуметтік желісінде өткен ірі халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Плей-офф форматында өткен дауыс беру барысында әлемнің түкпір-түкпірінен келген қолданушылар еліміздің көк байрағын ең үздік дизайн деп таныды.

    Турнирдің финалдық кезеңінде Қазақстан туы Кирибати мемлекетінің символикасымен бәсекеге түсті. Дауыс беру қорытындысы бойынша, күн бейнесі, қалықтаған қыран мен ұлттық ою-өрнек бейнеленген қазақстандық ту айқын басымдықпен жеңіске жетті.

    Жартылай финалда еліміздің туы Сейшель аралдарының жарқын диагональды туын артта қалдырса, үшінші орынға Бутанның дәстүрлі айдаһар бейнеленген туы ие болды. Қолданушылар Қазақстан туының түстер үйлесімі мен композициялық бірегейлігін ерекше атап өткен.

    Дизайн саласындағы сарапшылардың айтуынша, Қазақстан туының символикасы ашық аспан түстес көк түс пен алтын түсті элементтер. Вексиллология (туларды зерттейтін ғылым) қағидаларына толық сәйкес келеді. Бұл жеңіс еліміздің имиджін халықаралық деңгейде ілгерілетуге оң ықпал етпек.

    Айта кетейік, Reddit — әлемдегі ең ірі ақпараттық және талқылау платформаларының бірі. Мұндай бейресми турнирлердегі жеңіс елдің туристік және мәдени тартымдылығын арттыруға септігін тигізеді.
    Бұған дейін де халықаралық саяхатшылар мен блогерлер Қазақстан туын эстетикалық тұрғыдан ең тартымды мемлекеттік символдардың қатарына бірнеше рет жатқызған болатын. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде осы жеңіске байланысты құттықтаулар мен пікірлер легі толастар емес.

    Мемлекеттік тудың авторы — белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Ол 1992 жылы қабылданған тудың дизайнын жасаған кезде қазақ халқының еркіндігі мен бейбітшілік сүйгіштігін негізгі идея ретінде алған.

  • Тоқаев қысқы Олимпиада мен Паралимпиадаға қатысатындарды шығарып салды

    Тоқаев қысқы Олимпиада мен Паралимпиадаға қатысатындарды шығарып салды

    Ел басы спортшыларымызға сәттілік тілеп,  мемлекеттік туды тапсырды.

    “Әр азаматымыздың жетістігі – Қазақстанның жетістігі. Әр спортшының абыройы – барша қазақтың беделі. Жеңіске жету үшін талап пен табандылық керек. Олимпиада чемпионы болу – әр спортшының арманы. Осы мақсатқа бір табан жақын тұрсыздар. Баптарыңыз және бақтарыңыз қатар шауып, жүлдемен келесіздер деп сенемін. Бәріңізге сәттілік, жеңіс тілеймін! Көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!” — деді мемлекет басшысы.

  • Қазақстан туын қалай пайдалануға болады: Мәдениет және ақпарат министрлігінің түсіндірмесі

    Қазақстан туын қалай пайдалануға болады: Мәдениет және ақпарат министрлігінің түсіндірмесі

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Тәуелсіздік күніне орай әлеуметтік желілерде көтерілген мәселелерге қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Мәселенің мәні

    Мереке күндері кейбір жүргізушілер көліктерін мемлекеттік тумен безендіргені үшін жол полициясы тоқтатты деген ақпарат тарады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі өз ұстанымын жариялады.

    ІІМ мәліметінше, мемлекеттік туды автокөлікке орналастыру  заң бұзушылық болып саналмайды. Алайда мерекелік іс-шаралар кезінде кейбір азаматтар жол қозғалысы ережелерін бұзып, өзге қатысушыларға кедергі келтірген немесе көшелерді жапқан жағдайлар тіркелген.

    Министрлік заңсыз тоқтатулар туралы ақпараттар тексерілетінін, кінәлі қызметкерлер анықталған жағдайда жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.

    Министрліктің ресми ұстанымы

    Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік туды пайдалану бойынша келесі жайттарды нақтылады:
    Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көлікке немесе өзге де нысандарға орналастыру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқпайды, егер ол қолданыстағы заң талаптарына қайшы келмесе.

    Ведомство мереке күндері көліктердің тоқтатылуы тек жол қозғалысы ережелерін бұзуға байланысты жүзеге асырылғанын атап өтті.

    «Азаматтардың патриоттық сезімін білдіру, қазақстандық бірегейлікті нығайту, ел жетістіктерін қолдау мақсатында мемлекеттік рәміздерді қолдануды біз заң аясында толық қолдаймыз», — делінген министрліктің хабарламасында.

    Сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі арнайы заңдармен реттелетіні және оның орындалуына уәкілетті органдар бақылау жүргізетіні еске салынды.

    Мемлекеттік рәміздерді қорлау үшін жауапкершілік

    Министрлік мемлекеттік рәміздерді қорлау  ауыр құқық бұзушылық екенін атап өтті.

    2023 жылдан бастап Қазақстанда бұл әрекет үшін жауапкершілік күшейтілген. Айыппұл мөлшері 3 мың АЕК-ке дейін артты (2025 жылы — 11 796 000 теңге). Сонымен қатар 900 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы көзделген.

  • Алматы облысында туға от қойған 12 адам қамалды

    Алматы облысында туға от қойған 12 адам қамалды

    Алматы облысында шетелдік елдің туына от қойғаннан кейін полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    13 қарашада Ұйғыр ауданында азаматтар тобының заңсыз жиналысы тоқтатылды. Олар мемлекеттік туға және шетелдік ел басшылығының бейнесіне от қойған.

    Сот материалдарын қараған соң 12 азамат 434-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 күнге қамалды. Алты қатысушыға 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл салынды, — деп хабарлады Алматин облысы полиция департаментінен.

    Алауыздық тудыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу шаралары жүргізілуде. Полиция мемлекеттік символдарға қол сұғу мен қоғамда алауыздық тудыратын әрекеттер қатаң заң аясында тоқтатылатынын ескертті.

  • Қазақстан туына арабша жазып алған жастар сот қаулысымен қамауға алынды

    Қазақстан туына арабша жазып алған жастар сот қаулысымен қамауға алынды

    Атырау қаласындағы мұз айдынында Қазақстан туына арабша жазып алып, суретке түскен жастардың ісі сотта қаралды.

    Олардың кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, фотосуретпен, видеомен және басқа да іс материалдарымен толық дәлелденді.

    Облыстық соттың мәліметінше, ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінің санкциясында 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу не 5-тен 15 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауаптылық көзделген.

    Сот қаулысымен құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылды.

    «Н.-ға жауаптылығын ауырлататын мән-жайды ескере отырып (кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту; адамдар тобының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы), 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

    А.-ға әкімшілік жаза ретінде 78 640 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Кәмелетке толмаған Х.-ның заңды өкіліне әкімшілік жаза ретінде 39 320 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

    Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ», — делінген Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты хабарламасында.