Метка: Туризм және спорт министрлігі

  • Марафонға қандай шектеу қойылуы мүмкін?

    Марафонға қандай шектеу қойылуы мүмкін?

    Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жартылай марафондағы қайғылы жағдайдан соң министрлік мұндай шараларға талапты күшейтетінін әлеуметтік желіде жазған еді.

    «Қазақстандағы цифрлық туризм – 2025» форумы барысында Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев:

    – Біз бұл мәселені Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрімен талқыладық. Олардың да ұсыныстары бар. Мысалы, пульсометр не спорт сағаттарын тағып, өзіне ыңғайлы пульс аймағында жүгіру. Бірақ марафон – бұл кәсіби спорт емес, бұқаралық спорт.

    Сондықтан шектеу не талап қою дұрыс болмайды. Негізгі статистиканы алсақ, дүниежүзі бойынша 80 мың марафоншы арасында 1 адам қайтыс болады екен. Өкінішке қарай, бұл өмір. Сағаты болса да, болмаса да қайтыс болған екі азамат та тәжірибелі марафоншылар. Бірінші жүгірулері емес. Шектеу қойғанмен 100 пайыздық шешім жоқ. Бірақ бүгін министр федерация және спорт мамандарын біріктіріп, олардың ұсыныстарын талқылайды, – деді вице-министр.

  • Елдос Сметов жылдың үздігі атанды

    Елдос Сметов жылдың үздігі атанды

    Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жылдың үздік спортшылары мен жаттықтырушыларын, жалпы, спорттың дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттады.

    Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, «Үздік-2024» деп аталатын бұл жобаның бас демеушісі – «Самұрық Қазына» ұлттық әл ауқат қоры.

    «Жыл қорытындысы бойынша Елдос Сметов пен Давид Дегтярев – «Жылдың үздік спортшысы»; Ғалымжан Жылгелдиев, Юрий Колесников – «Жылдың үздік жаттықтырушысы»; Ғизат Түсіпаев – «Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы»; Ерлан Тасболатов – «Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері»; Илья Мизерных – «Жас және жасөспірімдер құрамындағы спортшы»; Сергей Сергеев – «Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы»; Надежда Ким – «Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман»; Ақмарал Науатбек – «Спортта үздік серпін» номинацияларында жеңімпаз атанды», — деп хабарлайды министрлік.

  • Қазақстанда легионерлерді бюджет есебінен қаржыландыру тоқтатылады

    Қазақстанда легионерлерді бюджет есебінен қаржыландыру тоқтатылады

    Мәжіліс депутаттары дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бастамашылық еткен нормаларды қажетсіз (артық) заңнамалық реттеуді жою туралы заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

    Парламент мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының депутаты Нартай Сәрсенғалиев сөз басында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1243 қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілгенін еске салды.

    «Заң жобасының негізгі новеллалары туралы әріптестерім өте өзекті мәселелерді көтеріп, нақты сұрақтарын қойды. Бәріне туризм және спорт министрі жауап берді.

    Бұл Заң жобасы отандық спорттың жылдар бойы қордаланып қалған қадау-қадау мәселерін шешетін, бюджеттің бүйірін теспей сорып, спортқа бөлінген қаржыны мақсатсыз жұмсауды тоқтатады деп сенеміз. Себебі спортқа қыруар ақша бөлінгенін еткен еңбектен кеткен кемшілік көп екенін сіз бен біз үнемі айтып жүрміз.

    Заң жобасының жұмыс тобына кірген депутаттар бірнеше маңызды норманы енгізді. Мәселен, министрлік бұрын бекіткен, бюджетке қол салғаны болмаса, атының өзін ағайын білмейтін спорт түрлерін қазына қаржысынан қағу үшін нақты шешім қабылданды. Заңды түрде жоғары жетістіктер спорты деген түсінік еніп, оған кіретін спорт түрлері нақтыланды. Жоғары жетістіктер спортының ішінде жоғары жетістік көрсеткендері үшін басым спорт түрлері түсінігі енгізіліп, оның басымдықтары айқын көрсетілді», — деді «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі.

    Ол өз сөзінде легионерлерге бөлініп жатқан есепсіз қаражат туралы қозғай отырып, проблемалы тұстарды айтып өтті.

    «Қазақстанның ақшасын асауды білгенмен, алаңда үлкен жетістік жасауды білмеген легионерлерге мемлекеттің бюджеті есебінен де, квазимемлекеттік сектордың бюджеті есебінен де қаржы бөлуді тоқтату туралы норма қабылданды. Оған қоса бюджет қаржысының нақты қайда жұмсалуы керектігі айқын жазылды.

    Ерекше жандарға көрсетілетін ерекше көмек «спортшыны алып жүретін адам» түсінігімен заңға енгізіліп оның шығындарын өтеу жолы да жазылды.

    Діни экстрезим мен терроризм салаға енбеуі үшін профилактикалық жұмыстардың жүйесі де анық көрсетілді.

    Бұқаралық спортқа жасалатын қолдау да Заң жобасында ашық жазылды. Ұлттық спорттың қарыштап дамуына әсер ететін бастамалар, оларды қаржатпен қамтамасыз ету қадамдары нақты көрсетілді. Бұл қысқа-нұсқа айтқандағы ақпаратым», — дейді Нартай Сәрсенғалиев.

  • 2026 жылғы «Болашақтың ойындары» Қазақстанда өтеді

    2026 жылғы «Болашақтың ойындары» Қазақстанда өтеді

    2026 жылғы «Болашақтың ойындары» Қазақстанда өтеді. Бұл жөнінде туризм және спорт министрлігі ресми түрде мәлімдеді. Еліміз дәстүрлі спорт түрлері мен киберспортты біріктіретін бірегей турнир өткізу мүмкіндігіне ие болды.  Бұл турнирді өткізу құқығына Қазақстаннан бөлек, Перу мен Чили мемлекеттері үміткер болған еді. Қатысушылар жарыста физикалық және цифрлық форматтарды біріктіретін бағдарламаларда сынға түседі. «Болашақтың ойындарын» Қазақстанда өткізу бастамасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Қазан қаласында өткен алғашқы ойындардың ашылу салтанатында ұсынған еді. Келесі жылғы турнир БАӘ-де, ал 2026 жылы Астанада өтетін болып бекітілді.

  • Антикор спорттағы «жалған спортшылар» туралы айтты

    Антикор спорттағы «жалған спортшылар» туралы айтты

    Сондай-ақ, қызмет мәліметінше, Туризм және спорт министрлігі «жалған спортшыларды» бақылауды жоғалтқан.

    «Әлсіз спорттық инфрақұрылым. Қазіргі заманғы спорт нысандарының жетіспеушілігі спортшыларды сапалы даярлау мүмкіндігін шектейді. Бұл әсіресе спорттық нысандар жиі қол жетімді емес немесе қанағаттанарлықсыз жағдайда болатын аймақтарда байқалады», – делінген хабарламада.

    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы кәдімгі жаяу жүргіншілер жолдары мен велосипед жолдарының тапшылығына бағытталған. Ал еліміз бойынша 374,2 мың м2 жабық спорт ғимараттарының, 376,4 мың м2 бассейндердің тапшылығы байқалады (Алматы, Астана, Түркістан және Алматы облыстарындағы ең үлкен тапшылық).

    «Спорт кешендері мен футбол академияларын салудың орнына спорттық ұйымдар легионерлерді ұстауға көп ақша жұмсаған. Мысалы, ең қымбат «Астана» ФК (2018-2023 жылдары 50 миллиард теңге, құрылтайшысы – Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қазспортинвест» АҚ «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қоры және ҰОК) өзінің футбол академиясы мен инфрақұрылымына ие емес. 6 жыл ішінде (2018-2023 жж.) клуб футбол алаңдары мен үй-жайларды жалға алуға 1,4 миллиард теңге жұмсады», – делінген хабарламада.

    Халықаралық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды ашық іріктеудің болмауы. Жоғары жетістіктер спорт саласында процестерді цифрландыру мүлдем жоқ.

    «Нәтижесінде бейінді министрлік қазақстандық спорттың жай-күйі туралы толық деректерді білмейді, жүлдегерлердің, спорт ғимараттарының, спорт секциялары мен жаттықтырушылардың бірыңғай есебін жүргізбейді. Цифрландырудың болмауы жалған спортшыларға спорттық атақтар беруге, жарыстарға қатысу үшін спортшыларды ашық емес және субъективті іріктеуге ықпал етеді».