Метка: тыйым

  • Қазақстанда 200 адамнан асатын іс-шараларда фонограмма қолдануға тыйым салынды

    Қазақстанда 200 адамнан асатын іс-шараларда фонограмма қолдануға тыйым салынды

    Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі көпшілік шараларда фонограмма қолдану тәртібіне қатысты жаңа түсіндірме жариялады. Ережеге сәйкес, көрермен саны 200 адамнан асатын концерттер мен бұқаралық іс-шараларда орындаушының алдын ала жазылған даусын қолдануға тыйым салынады, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Фонограмманы пайдалану тек ашық ауадағы алаңдарда рұқсат етіледі. Саябақтарда, көшелерде, ипподромдарда және осыған ұқсас орындарда. Сондай-ақ, тележобаларда, музыкалық бағдарламаларда және концерт жазбаларын жасау барысында фонограмма қолдануға болады.

    Министрлік бұл талаптардың концерттердің сапасын арттыруға және тірі орындау деңгейін көтеруге бағытталғанын атап өтті. Егер фонограмма қолданылса, ұйымдастырушылар бұл туралы көрерменді алдын ала хабардар етуге міндетті. Ақпарат билеттерде, афишаларда немесе хабарландыруларда көрсетілуі тиіс.

    Ережені бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Айыппұл мөлшері 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін жетуі мүмкін. Жауапкершілік іс-шара ұйымдастырушыларына, орындаушыларға және шығармашылық ұжымдарға бірдей қолданылады.

    Талаптар жабық ғимараттарда өтетін және ауқымды аудиторияға арналған барлық концерттерге қатысты. Ерекшелік тек ашық алаңдардағы техникалық жағдайлар мен телевизиялық өндіріс үшін қарастырылған.

    Министрлік аталған нормалар мәдениет саласындағы заңнаманы жаңарту шеңберінде енгізілгенін және кәсіби орындаушыларды қолдау мақсатында қабылданғанын мәлімдеді.

  • Қоғамдық орындарда никабқа тыйым: жаңа талаптар күшіне енді

    Қоғамдық орындарда никабқа тыйым: жаңа талаптар күшіне енді

    Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті толығымен жабатын киім киюге қатысты тәртіп күшейтілді. Ережелерге сәйкес, никаб немесе бетті тануға мүмкіндік бермейтін өзге де киіммен жүрген азаматтарға алдымен ескерту жасалады. Егер талапты қайталап бұзса, 39 320 теңге көлемінде айыппұл салынуы көзделген, деп хабарлайды Sona.kz Stan.kz — ке сілтеме жасап.

    Заңнамадағы өзгерістер тек киімге қатысты шектеулермен шектелмейді. Енді заңға қайшы контентті жариялаған немесе таратқан тұлғалар да әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларын қасақана орындамаған азаматтарға қатысты да шаралар қарастырылған.

    Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістер қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында енгізіліп отыр.

  • 2025 жылғы 20 қазаннан кейін жеке тұлғаларға арнайы техниканы Қазақстанға әкелуге тыйым салынады

    2025 жылғы 20 қазаннан кейін жеке тұлғаларға арнайы техниканы Қазақстанға әкелуге тыйым салынады

    2025 жылғы 20 қазаннан бастап жеке тұлғаларға Қазақстан аумағына арнайы техника әкелуге тыйым салынады, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

    Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаковтың айтуынша, бұл шектеу нарықтағы ашықтықты қамтамасыз ету және заңсыз импорттың алдын алу мақсатында енгізіліп отыр.

    Енді экскаватор, бульдозер, тиегіш және өзге де құрылыс, жол техникасын тек мемлекеттік тіркеуден және сертификаттаудан өткен заңды тұлғалар ғана әкеле алады.

    «Бұл шара ішкі нарықты қорғауға және елге әкелінетін техниканың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған», — деді Андаков.

  • Астанада 150 тұрғынға құмар ойын ойнауға тыйым салынды

    Астанада 150 тұрғынға құмар ойын ойнауға тыйым салынды

    Астана қаласының 150 тұрғынына құмар ойынға қатысуға тыйым салынды. Олар балаларына алимент төлеудің орнына ақшасын ойынға салған. Қалалық прокуратураның ақпаратынша олардың балалары алдындағы жалпы қарызы 350 млн теңгеге жетіпті. Тіпті төленбеген алиментінің соммасы 2,5 млн теңгеге жеткен әкенің құмар ойындағы айналым ақшасы 80 млн теңге екені анықталды. Осылайша сот орындаушылары 150 адамға құмар ойынға қатысуға тыйым салды.

  • Мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынды

    Мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынды

    Грекияда мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынды. Оқушылар сабақ үстінде оны қолданса, оқудан бір күнге шеттетіледі.Яғни, балалар ұялы телефондарын мектеп қабырғасында мүлдем қолдана алмайды. Оны сөмкелерінде қалдырулары тиіс. Талапқа бағынбағандар бірнеше күн бойы мектепке кіргізілмейді. Мұғалімдер мен сыныптастарын рұқсатсыз түсіруге болмайды. Ондай әркет жасағандар білім ордасынан қуылады. Грекияның Премьер-министрі Кириакос Мицотакис ұялы телефон оқу процесіне кері әсер ететінін айтады. Яғни, баланың көңілі басқаға ауса оқуға деген қабілеті төмендейді. Бұл ғылыми түрде дәлелденген деді.

  • СҚО полициясы құны 15 млн теңгеден асатын вейптерді тәркіледі

    СҚО полициясы құны 15 млн теңгеден асатын вейптерді тәркіледі

    ҰҚҚКБ жедел уәкілдері тыйым салынған заттарды саудалаған Интернациональная көшесіндегі бутиктердің бірін анықтады. Тінту кезінде екі маркадағы 150 вейп тәркіленді. Тәркіленіп алынған заттардың жалпы сомасы 2 миллион 400 мың теңгені құрады.

    Дәл сол күні жедел уәкілдер Алтынсарин көшесінде 19 жастағы қала тұрғыны жалға алған көлікжайда 197 вейп пен оларға арналған сұйықтық құйылған 542 құтыны анықтап, тәркіледі. Тәркіленген заңсыз тауардың жалпы сомасы 7 миллион теңгені құрады. Жас жігіт аталған тауарды сатуға заңмен тыйым салынғанын біле тұра, оларды сатып келген, бұл ісін іске асыру үшін Telegram мессенджерін пайдаланған.

    Бұдан бөлек, Добровольцев көшесінің бойында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Volkswagen автокөлігінің 19 жастағы жолаушысынан түрлі маркадағы 272 вейп пен оларға арналған сұйықтық құйылған 130 құтыны анықтады. Тәркіленген заттардың жалпы сомасы 6 миллион 220 мың теңгеге бағаланып отыр. Жас жігіттің айтуынша, ол да заңмен бұл тауарға тыйым салынғанын білген, бұған қарамастан танымал мессенджердегі каналды пайдаланып, осы өнімдерді сатып келген. Барлық үш факті бойынша да сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, тергеу жүріп жатыр.