Метка: ҰБТ

  • 7 мың теңге әр балл: Ақтөбеде мұғалім ҰБТ-дан “табыс тапты”

    7 мың теңге әр балл: Ақтөбеде мұғалім ҰБТ-дан “табыс тапты”

    Сот баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Ж. есімді мұғалім 80 балл алу үшін ата-аналардан әр баллға 7 000 теңге сұрап, әрқайсынан 560 000 теңге алған. Алынған қаражат жеке қажеттіліктерге жұмсалған, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Сотта Ж. кінәсін толық мойындады. Оның кінәсін куәгерлердің айғақтары, банк төлемдері және басқа да дәлелдер растайды.

    Сот смягчающими (жеңілдететін) жағдай ретінде кінәсін мойындауы, өкінуі және кәмелетке толмаған балаларының болуын есепке алды. Қиындататын жағдайлар анықталған жоқ.

    Үкім: 3 жыл 6 айға дейінгі бостандығын шектеу және 3 жылға педагогикалық қызметтен айыру.
    30 жылдық Конституцияға байланысты қабылданған амнистия аясында жазаның орындалмаған бөлігі 1/3 қысқартылып, соңғы жазасы – 2 жыл 4 ай. Үкім заңды күшіне енді.

  • Министрлік 2025 жылы қай мамандыққа грант көп бөлінетінін айтты

    Министрлік 2025 жылы қай мамандыққа грант көп бөлінетінін айтты

    Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылы қандай мамандықтарға грант басымдықпен бөлінетінін мәлімдеді.

    Кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ел экономикасының салаларына қажетті кадрларға қатысты орта мерзімді болжамы негізінде қалыптастырылады.

    Министрлік мәліметінше, Еңбек министрлігі сұранысқа ие және тапшылық байқалатын мамандықтар бойынша талдау жүргізіп, ел мен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін ескере отырып, еңбек ресурстарына деген сұранысты бағалайды.

    Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама көрсеткіштері, салалардағы экономикалық үрдістер мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстары да ескеріледі.

    2025 жылы мемлекеттік білім гранттарын бөлу кезінде инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына, педагогикалық және жаратылыстану ғылымдарына ерекше басымдық берілмек. Жаңа үлестірімге сәйкес, техникалық мамандықтарға бөлінетін грант үлесі 60 пайызға дейін артпақ. Ал гуманитарлық сала – 28%, медицина – 8%, шығармашылық мамандықтар – 4% деңгейінде қалады, – делінген министрліктің берген жауабында.

  • Алматы облысында мектеп түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады

    Алматы облысында мектеп түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады

    Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Толқын орта мектебі» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің 2024-2025 оқу жылының түлегі үздік нәтижеге қол жеткізді.

    Қуандық Санжар Ғалымжанұлы ҰБТ-да ең жоғары 140 балды жинады.

    «Толқын орта мектебінің» ұжымы мен түлектің ата-аналары да бұл жетістікке ерекше қуанып, шәкірттерінің биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

  • ҰБТ-да 121 баланың нәтижесі жойылды

    ҰБТ-да 121 баланың нәтижесі жойылды

    Оның ішінде:

    • талапкерлердің 72%-ға жуығы шекті балл жинады;
    • орташа балл – 65 балл (бес пән бойынша);
    • ең жоғары балл – 139 балл;
    • ерекше білім беру қажеттілігі бар 232 талапкер қатысты.

    Ереже бұзғаны үшін 121 адамның нәтижесі жойылды:

    тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 43 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;

    тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 55 адам шығарылды;

    бейнежазбаларды қайта қарау нәтижесінде 23 адамның нәтижесі жойылды;

    бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

    Қатысушылардың 18,1%-ы «Математика-Физика» комбинациясын, 14,8%-ы «Биология-Химия», 12,6%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.

    Наурыз айындағы ҰБТ 6 сәуірге дейін өтеді.

  • Қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды

    Қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды

    Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 167 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Олардың 76,7%-ы қазақ тілінде, 23,2%-ы орыс тілінде, 142 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді.

    Қаңтар ҰБТ-сын өткізудің бірінші күні ғылым және жоғары білім  министрі Саясат Нұрбек Астана қаласындағы тестілеу орталықтарының бірінде болды. Ол ҰБТ-ның өту барысымен танысып, болашақ студенттерге сәттілік тіледі.

    Талапкерлер өтініш беру барысында тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады. Тестілеудің бірінші күні еліміз бойынша 2277 адам, оның ішінде елордада 155 талапкер ҰБТ тапсырады. Ең көп таңдалатын бейіндік пәндер комбинациясы бірнеше жыл қатарынан өзгеріссіз қалып отыр. Талапкерлердің 17,5%-ы «Математика-Физика» комбинациясын таңдаған. Яғни, бұл болашақ инженерлер, механиктер, мұғалімдер, техниктер мен технологтар, энергетиктер, құрылысшылар. Ал 17,3%-ы «Биология-Химия», 10,3%-ы «Математика-Информатика» пәндерін таңдады, сәйкесінше болашақ медицина қызметкерлері мен IT мамандары, – деді министр Саясат Нұрбек.

    ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша пәндер. ҰБТ тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан. Жоғары балл – 140.

    Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.

    Естеріңізге сала кетсек, қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық ББТ-дан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

    ҰБТ 10 ақпанға дейін жалғасады.