Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. Ол қоғамдық пікірге сауал салу қорытындысын, референдумға байланысты өзге де зерттеулер мен дауыс беру нәтижесінің болжамын, дауыс берілетін күні БАҚ-та және онлайн платформаларда жариялауға болмайтынын ескертті.
Республика бойынша 10 мың 323 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беру құқығына ие 12 млн 244 мың 683 адам бар.
Метка: үгіт-насихат
-

5 қазаннан бастап референдум туралы үгіт-насихат жүргізуге болмайды