Метка: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  • Сыни маңызды объектілердің киберқауіпсіздігіне бақылау функциялары Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді

    Сыни маңызды объектілердің киберқауіпсіздігіне бақылау функциялары Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді

    2025 жылғы 25 желтоқсандағы президент жарлығына сәйкес, сыни маңызды объектілердің киберқауіпсіздігін бақылау функциялары Цифрлық даму министрлігінен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) берілді, деп хабарлайды Sona.kz.

    Енді ҰҚК басқа мемлекеттік органдармен ақпарат алмасу құқығына ие, соның ішінде ақша жуу, терроризмді қаржыландыру және басқа да қауіпті схемаларды анықтау үшін.

    Сонымен қатар, комитетке мемлекеттік резервтерді бақылау тапсырылды. Ол қандай заттарды және қандай көлемде сақтау керектігін ұсына алады, сондай-ақ резервтерді «разбронирлеу» мәселелерін шешуге құқылы.

  • Сирияда террорлық ұйымдардың қатарында болған екі қазақстандық сотталды

    Сирияда террорлық ұйымдардың қатарында болған екі қазақстандық сотталды

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп-тексерген Қазақстанның 2 азаматына қатысты қылмыстық істер бойынша сот процестері аяқталды.

    Ақпаратқа сәйкес, олар 2020-2022 жылдары Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған. Шетелдік әріптестермен бірлесе жүргізілген операциялардың нәтижесінде олар шетелде табылып, елге жеткізілген әрі қамауға алынған.

    Олардың біреуі – Түркістан облысының тұрғыны, ол террористік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған (ҚК 257 бабы). Екіншісі – Атырау тұрғыны, осындай қылмысты жасағаны, сондай-ақ шетелде террорлық дайындықтан өткені үшін сотталған (ҚК 260 бабы), – делнген ҰҚК хабарламасында.

    Екі фигурантқа да әртүрлі жаза өтеу мерзімі тағайындалып, үкімдер заңды күшіне енді.

  • ҰҚК Кәрім Мәсімовтің қайда екенін айтты

    ҰҚК Кәрім Мәсімовтің қайда екенін айтты

    Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов әлі де тергеу изоляторында отыр.

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті CentralMediaNews редакциясының ресми сұрауына берген жауабында Кәрім Мәсімовтың Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында отырғанын хабарлаған.

    Оған қатысты екі сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК:

    ҰБТ 218-баптың 3-тармағы, 3-бөлігі бойынша: «Қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру»;

    4-бөлім, 366-бап: «аса ірі мөлшерде пара алу».

    Еске сала кетейік, 2023 жылдың сәуір айында Астанадағы сот Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасағаны, Қаңтар оқиғалары кезінде билікті күшпен басып алуға тырысқаны және өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырған еді.

  • «Qirsabyn» авторлары ақша бопсалаған

    «Qirsabyn» авторлары ақша бопсалаған

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілі адамдардан ақша бопсалады деген күдікпен Qirsabyn жасырын телеграм-арнасының авторларын ұстады. 

    «Әр «таза» адамның кір сабыны бар, ал кір ешқашан таза болмайды»,– деп ұрандатқан Qirsabyn жасырын телеграм-арнасы белгілі адамдардан жағымсыз ақпаратты жарияламау үшін ақша бопсалады деген күдікке ілінген.

    Қылмыстық іс танымал тележүргізуші және инстаграм инфлюенсері құқық қорғау органдарына шағым түсіргеннен кейін қозғалды. Арна авторлары оның жеке өміріне қатысты мәліметті жарияламау үшін ақша талап еткен. Біздің деректер бойынша, ол қысым мен қорқытудан кейін 3 мың доллар төлеген, бірақ бұл әрекеттер тоқтамаған екен.

    Осыдан кейін жәбірленуші шағым жазған. Мессенджерлердегі хат алмасулар мен ақша аударымдары оның сөздерін растады. Анонимдерді табу қиын болмаған, олардың өзара хат алмасуларынан басқа да құрбандарға қатысты бопсалау фактілері анықталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, анонимдер өздерін тым аңғал ұстап, ақша талаптарын ашық айтып, жазасыз қаламыз деп сенген сияқты.

    Анонимді Qirsabyn арнасының 110 мыңға жуық жазылушысы бар және ол тек жеке өмірге қатысты ақпараттар жариялайды. Басқаша айтқанда, арна жұлдыздар, инфлюенсерлер, тіпті қоғам қайраткерлері туралы жиі ойдан құрастырылған немесе анайы өсектерді жариялап келген. Соңғы үш жазба алматылық қоғам қайраткері Санжар Бокаевқа арналған.

  • Алматы облысында колония басшысының орынбасары ұсталды

    Алматы облысында колония басшысының орынбасары ұсталды

    Алматы облысында арнайы прокурорлар мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері №14 түзеу мекемесі басшысының орынбасарын ұстады.

    Ол сыбайлас жемқорлыққа қатысты деген күдікпен тергеуге алынды. Тергеушілердің мәліметінше, колония басшысының орынбасары бірнеше рет пара алған.

    «Қылмыстық іс бойынша барлық деректер анықталуда», деп мәлімдеді Алматы облысының прокуратурасы.
    Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

  • ШҚО-да әскердегі сарбаз суицид жасады

    ШҚО-да әскердегі сарбаз суицид жасады

    «7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі – суицид. Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы  1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – деп хабарлады ҰКҚ баспасөз қызметі.

  • Белсенді қылмыстық топтардың 50 мүшесі ұсталды

    Белсенді қылмыстық топтардың 50 мүшесі ұсталды

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің түрлі өңірлерінде әрекет етіп жүрген қылмыстық топтардың 50 мүшесін қолға түсірді.

    ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталғандар тауарлар мен автокөліктерді аса ірі көлемде ұрлау арнасын ұйымдастырды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысты қаржыландырды деген күдікке ілініп отыр.

    Сонымен қатар, олар 2 млрд. теңгеден аса қаражатқа бағаланатын мүлік тонаған.