Метка: Ұлттық Ұлан

  • Мереке күндері 21 мыңнан астам полицей мен ұландық қызмет етеді

    Мереке күндері 21 мыңнан астам полицей мен ұландық қызмет етеді

    Наурыз мейрамы мерекелік концерттермен және бұқаралық іс-шаралармен өткізіледі.

    Осыған байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген.

    – Патрульдеу күшейтіліп, тәулік бойы бейнебақылау жүргізілуде. Тәртіп сақшыларының арқасында қазақстандық азаматтар мерекелік атмосфераны алаңсыз сезіне алады, – делінген хабарламада.

  • Қаңтар кезінде археологты өлтірген подполковник 7 жылға сотталды

    Қаңтар кезінде археологты өлтірген подполковник 7 жылға сотталды

    Алматы гарнизоны әскери сотының жабық сот отырысында ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қаруды қолдана отырып, билікті асыра пайдалану айыбы тағылған Айтжан Әубәкіровке қатысты қылмыстық іс қаралды.

    Сот мәліметіне сәйкес, айыпталушы биліктің өкілі бола отырып, өзінің құқықтары мен өкілеттіктерінен тыс әрекеттер жасаған. Әубәкіров іс-әрекетінің нәтижесі екі жәбірленушінің өліміне алып келген.

    Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамады.

    – Сотталушының кінәсі сараптамалардың қорытындыларымен, куәгерлердің, сарапшылардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарап-тексеру хаттамаларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді. Сотталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол әскери атағынан айырылды және жәбірленушінің пайдасына 20 миллион теңге моральдық залал өндірілді, – деп хабарлады соттан.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

     

  • Пойызда сарбазды ұрғандар ұсталды

    Пойызда сарбазды ұрғандар ұсталды

    Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қылмыстық іс шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соғуға қатысы бар адамдардың орналасқан жерлері анықталған.

    “Жәбірленушіге дене жарақатын келтірген екі күдікті, яғни оның бұрынғы қызметтестері тұрғылықты жері бойынша бір тәулік ішінде Астана қаласында ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тергеу аясында барлық күдіктілерден жауап алынды”, — деп хабарлады ІІМ.

    Олардың әрекеттеріне, соның ішінде бейнетүсірілім жасаған адамға да құқықтық баға беріледі.

    Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

  • Президент Ұлттық ұлан сарбазына қатысты оқиғаны бақылауына алды

    Президент Ұлттық ұлан сарбазына қатысты оқиғаны бақылауына алды

    ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының әскердегі әлімжеттікке қатысты Ішкі істер министріне шұғыл тапсырма жүктегенін мәлімдеді.
    Ол: «Президент белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған бейнематериалмен танысып шықты. Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі Президентке баяндалады. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады», – деді әлеуметтік желідегі жазбасында.
    Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударған еді. Сонымен қатар бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын.