Метка: Үндеу

  • Қорғаныс министрлігі үндеу жариялады

    Қорғаныс министрлігі үндеу жариялады

    Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық шаралары басталады. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады.

    13 наурыздан бастап әскери техниканы тасымалдауға байланысты еліміздің кейбір аймағындағы жолдардың жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін. 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның жаттығуы үшін Астана қаласында әуе кеңістігін пайдалануға қысқамерзімді шектеу қойылады, — делінген мәлімдемеде.

    Ведомство сонымен қатар әуе рейстерінің кестесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкіндігін еске салды.

  • Төтенше жағдайлар министрлігі ел тұрғындарына үндеу жасады

    Төтенше жағдайлар министрлігі ел тұрғындарына үндеу жасады

    Ведомство көктемде күннің жылынуы кезінде шатырлардан қар түсіп, мұздың құлау қаупіне қатысты ескерту жариялады. Ғимараттардың шатырынан қардың түсу қаупі төнген кездегі негізгі ұсынымдар мен сақтық шаралары:

    қар түсуі мүмкін үйлердің шатырына жақындамаңыз, мұндай жерлерде балалардың болуына жол бермеңіз;
    көліктерді шатырына мұз қатқан және қар тұрған құрылыстарға жақын қалдырмаңыз;
    қауіпті жердің қоршауы болған кезде қоршаудан өтіп кетпеңіз, қауіпті жерлерді басқа жолмен айналып өтіңіз;
    құлаққаптарды қолдаңбаңыз, себебі төбеден құлап жатқан қардың шуын естімейсіз.

    «Егер табанжолмен жүріп бара жатқанда сіз төбеде күмәнді шу естіген болсаңыз – тоқтамаңыз. Бәлкім, бұл қардың немесе мұздың құлауы болар. Ғимараттан қашуға да болмайды. Тезірек ғимараттың қабырғасына жақындап тұрыңыз, шатырдың күнқағары бүркеме қызметін атқарады», – деп жазылған хабарламада.

  • Шерзат ісі: қоғам белсенділері Тоқаевқа үндеу жолдады

    Шерзат ісі: қоғам белсенділері Тоқаевқа үндеу жолдады

    Мәлімдемеге Қазақстанның әр өңірінен 78 адам қол қойған. Олардың барлығы Тоқаевтан Талғардағы қайғылы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінен арнайы тергеу жүргізуді сұрайды.

    Сонымен қатар, арызданушылар Ішкі істер министрлігі, прокуратура, сот-медициналық сараптама және басқа да органдардың барлық өкілдерін олардың қылмыспен және кәсіпкерлікпен ықтимал байланыстары туралы тергеу аяқталғанға дейін осы істен шеттетуді талап етуде.

    «Жәбірленушілерге  қысым көрсетуді тоқтатыңыз және олардың қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. Қазақстанның Бала құқықтары туралы конвенция бойынша міндеттемелерін, соның ішінде қорғау, өмір сүру және Шерзат ісінің әділ тергеу құқығын толықтай бақылауға алыңыз» делінген хатта.

    Қайғылы оқиға 2 айдан астам уақыт бойы жәбірленушінің отбасына жүйелі қысым көрсетумен қатар жалғасып жатқаны атап өтілді.

    Қоғам белсенділері бұл «биліктің қылмыс пен бизнесті ажырата алатынына үлкен күмән тудыратынын» атап өтті.

  • Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

    Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

    Бейнежазбада ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов ата-аналарға арнап сөз сөйледі.

    «Мен сіздерге ішкі істер органдарының қызметкері ретінде емес, ең алдымен әке ретінде үн қатқым келеді. Соңғы жылдары Қазақстанда, әсіресе, жасөспірімдер мен жастар арасында есірткі қылмысының көбею үрдісі байқалуда. Олар қарапайым отбасының балалары»,  деді Әлжанов.

    Оның айтуынша, жасөспірімдер көбіне есірткі қылмысына интернет, әлеуметтік желі немесе таныстары арқылы тартылады. Оларға оңай әрі жылдам ақша уәде етіледі, бірақ мұндай жолдың соңы қайғылы жағдайларға ұласатынын бала біле бермейді.

    «Кінәні мектептен, интернеттен немесе айналамыздағы адамдардан іздеуге бейімбіз. Бірақ бәрі үйден басталатынын мойындауымыз керек», – деп атап өтті Әлжанов.

    Ол ата-аналарды балаларымен ашық сөйлесуге шақырды.

    «Егер бала өзіне қызықтырған сұрағына үйден жауап таба алмаса, оны көшеден іздейді. Біз бірге олардың болашағын қауіпсіз әрі бақытты ете аламыз», – деп түйіндеді ол.