Метка: Ұрлық

  • Қорғаныс тапсырысындағы миллиардтық ұрлық: сот нүкте қойды

    Қорғаныс тапсырысындағы миллиардтық ұрлық: сот нүкте қойды

    Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот мемлекеттік қорғаныс тапсырысына бөлінген қаржының ұрлануына қатысты резонанстық істі аяқтады, деп хабарлайды Sona.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

    Тергеу деректеріне сүйенсек, 2023 жылы РГП «Қазспецэкспорт» лауазымды тұлғалары мен жеткізуші компания өкілдері 1,6 млрд теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталған.

    Сот үкімі бойынша РГП бас директоры Рамазанов А.К. 11 жылға, департамент директоры Кудабаев А.Т. 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған тоғыз айыпталушы да түрлі мерзімге сотталды.

    Сонымен қатар, мемлекет пайдасына 1,6 млрд теңге өндірілді, ал сотталушылардың 607 млн теңге тұратын мүлкі тәркіленді.

    Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

  • Шығыс Қазақстанда 5 млн теңгенің малын ұрлаған күдікті ұсталды

    Шығыс Қазақстанда 5 млн теңгенің малын ұрлаған күдікті ұсталды

    Полицияның мәліметінше, ол өзі жұмыс істеген жергілікті фермердің 17 бас жылқысын ұрлаған. Оларды басқа қораға айдап апарып, өз мақсатында пайдаланған.

    Алдын ала жиналған мәліметтер бойынша, күдікті жылқыларды 200 мыңнан 800 мың теңгеге дейін сатып, түскен қаражатты өз пайдасына жұмсаған. Күдіктінің іс-әрекетінен келтірілген жалпы шығын мөлшері 5 миллион теңгеден асқан. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Полиция ұрланған малдың бір бөлігін тауып, иесіне қайтарған. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. Қалған малдарды табу бойынша іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті мал иелеріне малды үнемі тексеруде ұстауды, бақылауды күшейтіп, жұмысшылар таңдауда мұқият болуларын ескертеді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары полициямен тығыз байланыс орнатудың және күмәнді іс-әрекет байқаған жағдайда уақытылы хабарлау, қылмысты болдырмауға және шығынды азайтуға көмектесетінін басымдылықпен атап өтті.