Метка: Ұшақ

  • Шымкент әуесінде ұшақтардың қауіпті жақындасуы: Airbus пен Boeing дер кезінде соқтығыстан аман қалды

    Шымкент әуесінде ұшақтардың қауіпті жақындасуы: Airbus пен Boeing дер кезінде соқтығыстан аман қалды

    10 қаңтарда Шымкент диспетчерлік аймағында аса маңызды авиациялық оқиға тіркелді. Uzbekistan Airways авиакомпаниясының Airbus A320 және Победа авиакомпаниясының Boeing 737-800 ұшақтары бір-біріне қауіпті жақындады. Бұл жағдай «аса маңызды авиациялық инцидент» деп танылып, тиісті органдар тарапынан міндетті түрде тергелетін болады, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қауіпті жақындасу Астана уақыты бойынша сағат 05:42-де PBD997 рейсі (Внуково — Самарканд) мен UZB9609 рейсі (Термез — Мәскеу) орын алған кезде болды. Қазіргі ақпаратқа қарағанда, екі ұшақтың экипаждары жағдайға жедел әрекет етіп, апаттың алдын алу үшін барлық қажетті қауіпсіздік процедураларын сақтаған.

    Қазақстан Көлік министрлігі инцидентті тергеу үшін комиссия құрды. Комиссияның міндетіне бордтық жазғыш құрылғылардың деректерін талдау, диспетчерлермен радиобайланыстарды расшифрлеу және әуе қозғалысын басқару жүйесінің жұмысын бағалау кіреді. Тергеудің, егер қосымша зерттеулер мен сараптамалар қажет болмаса, үш ай ішінде аяқталуы жоспарлануда.

  • Ресейдің әуе кеңістігін айналып ұшу ұсынылды

    Ресейдің әуе кеңістігін айналып ұшу ұсынылды

    Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) Ресейдің әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты күшейтті. Осылайша әуе компанияларына елдің еуропалық бөлігін айналып өтуді ұсынды.

    Жаңартылған талаптарға сүйенсек, тасымалдаушыларға Ресейдің еуропалық бөлігін қамтитын Мәскеу, Санкт-Петербург, Дондағы Ростов, Екатеринбург және Самарадағы рейстерді тоқтату ұсынылды.

    «Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін жалғасып жатқан қақтығыс азаматтық ұшақтардың әуе кеңістігінде байқаусызда шабуылға ұшырау қаупіне әкеледі», – делінген EASA таратқан ақпаратта.

    Тиісті ұсыныс осы жылдың 31 шілдесіне дейін қолданыста болады. Бұл EASA рұқсат берген үшінші елдердің әуе компанияларына таратылады. Еуропалық тасымалдаушылар Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейінгі санкциялардан соң Ресейге ұшпайды.

  • Қатонқарағайға Алматы мен Астанадан тікелей рейстер қатынайды

    Қатонқарағайға Алматы мен Астанадан тікелей рейстер қатынайды

    Көлік министрлігінің дерегінше, Қатон-Қарағай мен Зайсан бойынша ұшу-қоны орындары айқындалды. Туристік аймақтарла әуежайлардың құрылысы 2025 жылы басталады.

    – Қатон-Қарағайда Солдатов деген жерде, ал Зайсанда Сәтбай деген жерде болады. Оған Өнеркәсіпті қолдау қоры арқылы ATR деген арнайы ұшақтар сатып алынбақ. Өйткені бізде оған ұшатын Bombardier деген 5 қана ұшақ бар, – деді министр Марат Қарабаев.

    ҚР Көлік министрінің айтуынша, ұшып-қону алаңы мәселесіне көп ойланған.

    – Біз тек қана ол жаққа Өскеменнен ұшатын өңірлік ұшу-қону алаңы бола ма кішігірім немесе үлкен жасаймыз ба деп көп ойландық. Толыққанды шешіміміз былай болды. 1000-1500 шақырымға ұша алатын Bombardier Q400 деген Qazaq Air-дің ұшақтары бар. Солардың ұшақтары ұша алатын үлкен ұшу-қону алаңын жасаймыз. Оның ұзындығы 2200 шақырым болады. Сонда Астанадан, Алматыдан тікелей Қатон-Қарағайға, Зайсанға ұшу мүмкіндігі болады. Өнеркәсіпті қолдау қоры бар, сол арқылы тағы да ATR-72 ұшақтарын сатып аламыз. Келесі жылы толығымен екі әуежайдың құрылысын аяқтаймыз, – дейді ол.

     

  • 70 жолаушысы бар ұшақ Астанадан Талдықорғанға ұша алмай қалды

    70 жолаушысы бар ұшақ Астанадан Талдықорғанға ұша алмай қалды

    Астана-Талдықорған бағытындағы Qazaq Air рейсінің тоқтатылуына Талдықорған әуежайындағы күрделі метеорологиялық жағдайлар әсер етті. Ұшу-қону жолағы қардан тазаланбаған және әуе кемелерін қар мен мұздан тазартуға арналған сұйықтық жетіспеген.

    Qazaq Air компаниясының өкілі рейстердің тоқтатылуына әуе компаниясының еш қатысы жоқ екенін атап өтті.

    «Келесі рейс Астанадан Талдықорғанға 13 желтоқсанда ұшады», – деп Qazaq Air өкілі ашуға булыққан жолаушыларды тыныштандыруға тырысты.

    Алайда бұл рейстің де ұшуы белгісіз, себебі орындардың толып қалу қаупі бар. Осылайша, жолаушыларға үш күн бойы әуежайда күтуді немесе өз бетімен Талдықорғанға жетудің жолын табуды ұсынды.

    «Біз билеттерді ыңғайлы әрі жедел ұшу үшін сатып алдық. Бірақ салдарынан қосымша шығынға ұшырап, уақыт жоғалтуға мәжбүр болдық», – деп шағымданды жолаушылар.

    Жолаушылардың бірі Астанадан Алматыға жаңа билет сатып алуға мәжбүр болғанын айтты. Оның құны 71 мың теңге болып, ал Талдықорғанға жету үшін такси жалдауға тура келген.

  • FlyArystan басшысы баланың әуежайда қалып қою оқиғасына қатысты кешірім сұрады

    FlyArystan басшысы баланың әуежайда қалып қою оқиғасына қатысты кешірім сұрады

    FlyArystan басшысы баланың әуежайда қалып қою оқиғасына қатысты кешірім сұрады

    FlyArystan басшысы Ричард Леджер биыл 21 шілдеде «Астана-Орал» рейсіндегі әуе компания ұшағына 12 жасар қыз баланың жіберілмеуі оқиғасына қатысты кешірім сұрады.

     

    «Бұл жағдай қоғамда қызу талқыға түсті және осындай оқиғаларға алдағы уақытта жол бермеу керек. Біз жедел түрде тексеруді бастап кеттік. Осы ретте, тиісті өзгерістер енгізіп, балаларға қызмет көрсету бойынша стандарттарды түзету ескерілген. Сонымен қатар Қазақстанның еңбек заңнамасында қарастырлған талаптар бойынша шара қолданамыз», — деді Р. Леджер.

     

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз билеті бар 12 жастағы қызды ұшаққа кіргізбей қойғанын хабарлаған болатынбыз https://sona.kz/kk/ushaqqa-biletti-satyp-biraq-oryn-zhetpey-qalgan-flyarystan-dawga-tuesinik-berdi-3037/.

  • Ұшаққа билетті сатып, бірақ орын жетпей қалған: FlyArystan дауға түсінік берді

    Ұшаққа билетті сатып, бірақ орын жетпей қалған: FlyArystan дауға түсінік берді

    FlyArystan әуе компаниясы 12 жастағы қыз баланы не себепті ұшаққа отырғызбағанын түсіндірді.

    «Бұған дейін әуе кемесі жолаушылар сыйымдылығы аз ұшаққа ауыстырылғандықтан, әуекомпания Зере Галиеваға ұшақ бортынан орын бере алмады. Әуекомпания агенттері борттағы жолаушыларға Зереге орын беру туралы өтініш білдіріп, өтемақы ұсынды. Өкінішке орай, жолаушылар арасында ерікті табылған жоқ», — делінген FlyArystan әуе компаниясының хабарласында.

    Яғни, жолаушының билеті бар бірақ, орны жетпей қалған.

    «Әуекомпания бұл жағдайдағы өз кінәсін толық мойындайды. Біз болған оқиғаға шынайы өкініш білдіреміз және бұл жағдай біздің қызмет көрсету стандарттарымызға мүлдем сай келмейтініне сендіргіміз келеді. Шынайы кешірім сұрай отырып, Мусина ханым мен отбасына келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы ұсынуға дайынбыз», -деп толықтырды FlyArystan әуе компаниясы.

    Ал, зардап шегушінің сөзінше FlyArystan компаниясы оған 4 млн теңге өтемақы ұсынған. Бірақ, Жазира Мусина әуе компнаниямен тек сотта кездесуге бекініп отыр. Тіпті, бұл оқиғаның болғанына 20 күнге жуықтаған. Сөзінше, компания бүгін ғана кешірім сұрап, хат жіберіпті.

    Естеріңізге сала кетейік, 12 жастағы қызды рейке жібермей қойғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Айта кетейік, FlyArystan әуе компаниясына қатысты бұл алғашқы дау емес. Жақында ғана Алматы-Астана бағыты бойынша рейсті кешіктіргені үшін оларға 4 млн теңгеге жуық айыппұл салынған болатын. Себебі, FlyArystan рейсті кешіктіргені үшін жолаушыларды қонақүйге орналастыруы тиіс болған. Бірақ, бұл міндеттерін орындамаған. Енді осы әрекеттері үшін 3 млн 700 мың теңге айыппұл төлейді.

  • Рейстер кешігеді: Дауыл мен бұршақтан Air Astana  ұшақтары зақымдалған

    Рейстер кешігеді: Дауыл мен бұршақтан Air Astana ұшақтары зақымдалған

    Air Astana әуекомпаниясы 9 тамыз күні рейстердің кешігуі мүмкін екендігі туралы хабарлады.

    «Рейстердің кешігу себебі 8 тамыз күні Астанада болған дауыл мен бұршақтың салдарынан болуы мүмкін. Қазіргі уақытта әуекомпания бұршақтың салдарынан төрт ұшақтың зақымдалғанын анықтады. Әуекомпания инженерлері қажетті тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жөндеу жұмыстары бірнеше күннен кейін бітеді»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

    Жолаушыларымыздан әуежайға жол тартпас бұрын рейс статусын әуекомпания сайтында тексерулерін сұрайды. Қосымша сұрақтар туындағанда осы номерлерге хабарласып, білуге болады.

    +7 727 244 44 77
    +7 7172 58 44 77
    +7 702 702 44 77
    +7 705 927 44 77
    WhatsApp: +7 702 702 00 74
    Online chat: airastana.com