Метка: Үй өртенді

  • БҚО-да бір отбасының бес баласы өрттен қаза тапты

    БҚО-да бір отбасының бес баласы өрттен қаза тапты

    Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында бір үйдің бес бірдей баласы өрттен көз жұмды. Қайғылы оқиға 4 маусым күні күндіз тіркелді.

    Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 15:00 шамасында жеке тұрғын үйде өрт шыққаны жөнінде хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минут ішінде жетіп, үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі бес баланы алып шыққан.
    Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыған, үйдің ішкі жабдықтары мен жиһаздар жанған. Балалар дереу аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, өкінішке қарай, дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмады.

    Қаза тапқан балалардың жасы — 1 жастан 6 жасқа дейін. Барлығы бір отбасының балалары. Оқиға кезінде ата-аналары жұмыста болған. Отбасы жалдамалы үйде тұрған.

    Қазіргі таңда оқиғаның себебі анықталуда. Арнайы сараптама мен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына ТЖД басшылығы, тергеу тобы, өрт зертханасы және психологтар жіберілді.

  • Павлодар облысында қарт кісі үйімен бірге өртеніп кетті

    Павлодар облысында қарт кісі үйімен бірге өртеніп кетті

    Павлодар облысында қарт кісі үйімен бірге өртеніп кеткені белгілі болды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, оқиға 23 ақпан күні сағат 11:28-де Железинка ауданының Михайловка ауылында болған.

    «Жекеменшік тұрғын үйде тұрмыстық газ баллонды қауіпсіз пайдалану талаптарын бұзу нәтижесінде газ-ауа қоспасының жануы орын алып, 70 шаршы метр алаңды өрт шарпыды.

    Өрт орнына жедел түрде 16-ӨСБ өрт сөндірушілері жіберілді (өрт сөндіру бөлімінен 98 км қашықтықта орналасқан), сонымен қатар Михайловка ауылының жергілікті атқарушы органдарының өрт сөндіру бекеті жұмыс жүргізді. Жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру бекетінің күшімен (4 адам және 1 техника) 1959 жылы туған үй иесінің денесі табылды.

    Сағат 14.00-де өрт толықтай сөндірілді. ТЖД күштері мен құралдарынан 3 қызметкер және 2 бірлік техникасы, сонымен қатар ЖАО 4 адам және 1 техника жұмылдырылды», – делінген ТЖД хабарламасында.

    Павлодар облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау туралы ескертеді.

  • Шал ақын ауданында үй өртеніп, әкесі мен 4 баласының мәйіті табылды

    Шал ақын ауданында үй өртеніп, әкесі мен 4 баласының мәйіті табылды

    Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылында жер үй өртеніп, оқиға орнынан бес адамның денесі табылды.

    Дереккөзге сүйенсек, өрттен кәмелет жасына толмаған үш бала және 18 жастағы бір қыз, сондай-ақ олардың әкелері мерт болған.

    «Түнде 112 пультіне Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылындағы жер үйлердің бірі өртеніп жатыр деген ақпарат түсті. Өрт сөндірушілер келгенде үй толығымен отқа оранып, үйдің төбесі ортасына түскен. Өртті сөндірген құтқарушылар екі адам мен үш баланың мәйітін тапты», – деп хабарлайды СҚО төтенше жағдайлар департаменті. 

    Ал, біздің редакцияға ақпарат берген СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрттен 1984 жылғы әкесі, 2006 жылы туған қызы мен кәмелет жасына толмаған екі қызы мен бір кішкентай ұлы қаза тапқанын растады.

  • Астанадағы өрт: қаза болған балалардың отбасыларына көмек беріледі

    Астанадағы өрт: қаза болған балалардың отбасыларына көмек беріледі

    Құрбан болған зардап шеккен отбасыға психологиялық көмек беріледі. Оларға материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті көмек көрсетіледі.

    Аман қалған екінші отбасы уақытша баспанаға орналастырылды. Әкімдік қызметкерлері отбасыларымен тұрақты байланыста, барлық қажетті көмек көрсетіледі.

    Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында: «Балалардың қаза болуына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты жеке екі қабатты тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша ТЖД анықтау бөлімі ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу нәтижелері тексеру аяқталғаннан кейін айтылады», – делінген.