Метка: Уақыт ауысуы

  • Астанада жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін

    Астанада жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін

      Өтебаев 2018 жылы әкімдік жұмыс күнінің басталу уақыты 08:30-ға ауыстырылғанын еске салды. Сөзінше, ендігі бастаманы үкімет деңгейінде көтеру жоспарланып отыр. Орталық атқарушы органдардың жұмыс бастау уақытын өзгерту мәселесін қарастыру қажет дейді ол.
    Бұл жарты сағат немесе бір сағат бола ма – талқылау жүргізіледі. Мәселені реттерде білім беру, денсаулық сақтау және басқа да ұйымдарының пікірі ескеріледі. Ерсін Өтебаевтің айтуынша, жұмыс кестесін өзгерту таңертеңгі және кешкі уақытта қала жолдарындағы жүктемені азайтуға көмектеседі.

    Егер қоғамдық көлікті пайдаланатын әр жолаушының жұмыс уақытын жарты сағатқа жылжытсақ, жүргізушілер де маршрутқа ертерек шығуға мәжбүр болады. Бұл қозғалысты біркелкі етуге ықпал етеді. Алайда бұл мәселе қосымша зерттеуді қажет етеді, сондықтан біз оны жан-жақты пысықтаймыз, – деді ол.

    Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстанның Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Самар, Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында жұмыс уақыты ресми түрде өзгерген болатын.

    Енді бұл аудандарда жұмыс күні таңғы 08:00-де басталып, кешкі 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін аралығында болады.

  • Уақыт белдеуінің өзгеруі кері әсер бермеді – Көшербаев

    Уақыт белдеуінің өзгеруі кері әсер бермеді – Көшербаев

    ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев еліміздегі бірыңғай уақыт белдеуінің әсері жөнінде пікір білдірді.

    «Уақыт белдеуіне қатысты мәселеге қысқаша тоқталғым келеді. Тәжірибе көрсеткендей, өңірлердің басым бөлігі айтарлықтай кері әсердің жоқ екендігін айтып отыр. Адам денсаулығына, балалардың оқу сапасына, коммуналдық шығындарға, жол қозғалысына және қылмыстың өсу динамикасы өзгеріске ұшырамаған. Кейбір өңірлерде, әсіресе, шығыста адаптация процесі жалғасуда. Тұрғындарға тиімді болу үшін жұмыс уақыты өзгертіліп, ол қазір бес жарымға таман аяқталады. Нәтижесінде қалған уақытты тұрғындар жеке басына, отбасына, балаларына арнауға көбірек мүмкіндік алып отыр», – деді Е. Көшербаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.

    Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет пен Парламент бұл сұрақты жан-жақты қарады.

    Еске сала кетсек, елімізде  2024 жылы 1 наурыздан бастап уақыт бір сағат артқа жылжыды.