Метка: Яна Легкодимова

  • Атырауда Яна Легкодимова өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр

    Атырауда Яна Легкодимова өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр

    2025 жылдың 13 қарашасында Атырауда Яна Легкодимова өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sona.kz Atyrau.today — гесілтеме жасап.

    Отырыс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында өтуде. Зал толығымен лық толған, процессті судья Зарема Хамидуллина жүргізіп отыр.

    Еске сала кетсек, Яна Легкодимова қаза тапқан қайғылы оқиға қоғамда кең талқылауға себеп болды. Бұған дейін сот отырыстары айыпталушы тараптың қорғаушыларының денсаулығына байланысты бірнеше рет кейінге қалдырылған еді.

    Қоғам бұл істің барысын жіті бақылауда ұстап отыр.

  • “Біз одан да қорқынышты нәрселер жасадық”

    “Біз одан да қорқынышты нәрселер жасадық”

    Атыраулық 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты сот процесі қоғам назарында тұр. Сот отырысында айыпталушылардың алдын ала қылмыс жоспарын талқылаған хат алмасулары жарияланып жатыр, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Іс басталар алдында күдіктілер алқабилер сотынан бас тартқан. Адвокаттың айтуынша, олар қоғам тарапынан болатын қысым мен айыптаудан қауіптеніп, істі тек судьяның қарауын жөн көрген.

    Сотта жарияланған хаттамадағы ең көп талқыланған сөйлемнің бірі:

    “Біз одан да қорқынышты нәрселер жасадық”.

    Жәбірленуші тараптың өкілі Ажар Абдилдің айтуынша, бұл сөздер айыпталушылардың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау үшін қосымша тергеу жүргізуге себеп болуы мүмкін.

    “Біз соттан қосымша тергеу жүргізу туралы жеке қаулы шығаруды сұраймыз”, — деді ол.

    Жәбірленуші тарап айыпталушыларға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап етуде.

    Ажар Абдил тергеу тобының кәсіби жұмысын ерекше атап өтті:

    “Тергеуші дәлелдерді мінсіз жинады, тіпті өшірілген хат алмасуларды да қалпына келтірді. Бұл — тергеу мен соттың үйлесімді жұмысының нәтижесі”, — деді ол.

    Тергеу мәліметінше, Яна 2024 жылдың 18 қазанында танысының қоңырауынан кейін үйінен шығып кеткен. Курткасын алмаған — тез ораламын деп ойлаған. Алайда сол күні ол із-түзсіз жоғалып кеткен.

  • Атырауда Яна Легкодимованың өліміне қатысты сот отырысы жалғасуда: айыпталушылардың жазысқан хаты қоғамды дүр сілкіндірді

    Атырауда Яна Легкодимованың өліміне қатысты сот отырысы жалғасуда: айыпталушылардың жазысқан хаты қоғамды дүр сілкіндірді

    Атырау қаласында 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға  сілтеме жасап.

    Сотта айыпталушылар — Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимовтың арасындағы хат алмасу оқылды. Тергеу дерегінше, олар қылмысты алдын ала жоспарлап, мәйіттен қалай құтылуды талқылаған. Хабарламаларда салқынқанды сөздер мен күлкі белгілері кездескен.

    2024 жылдың 18 қазанында Яна Хайржановтың көлігінде тұншықтырылып өлтірілген. Катимов есікті ұстап, қыздың шығуына жол бермеген. Кейін олар мәйітті Талдыкөл маңындағы өзенге тастаған. Сүйегі 2025 жылдың маусымында табылды.

    Қылмыстың себебі — айыпталушының әшкереленуден қорқуы. Яна оның басқа қызбен кездесіп жүргенін білген.
    Хат алмасуда «Біз бұдан да сорақы істер істегенбіз» деген жол бар, бұл өзге зорлық істерінің болуы мүмкін екенін көрсетеді.

    Тергеу барысында күдіктілердің прокурорға пара беруді ойлағаны да анықталған. Катимовтың әкесі — бұрынғы полиция қызметкері, ал Хайржановтың туысы — аудандық әкімдікте жұмыс істейді.

    Яна — жалғыз перзент, үздік студент, болашағынан үміт күттірген жас ғалым болған. Істі судья Зарема Хамидуллина қарап жатыр.

  • Яна Легкодимованың өлімі: айыпталушылар «мінсіз қылмыс» жасауды жоспарлаған

    Яна Легкодимованың өлімі: айыпталушылар «мінсіз қылмыс» жасауды жоспарлаған

    Атырау облысында 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Айыпталушылар орындығында — Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов. Сотта прокурор олардың қылмысты алдын ала жоспарлап, із жоймақ болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz «НеМолчи.KZ»  сілтеме жасап.

    Тергеу деректеріне сүйенсек, айыпталушылар хат алмасу барысында қылмысты егжей-тегжейлі талқылаған: қызды қай жерде өлтіретіні, дәлелдерді қалай жоятындары және мәйітті қайда тастайтыны. Барлығы “мінсіз” өтуі керек болған — куәгерсіз, айғақсыз.

    Алайда бұл жоспар іске аспады. Янаның анасы Галина қызынан күдіктеніп, іздеуді өздігінен бастаған. Ол үстел үстінен қызының күнделігін тапқан — Яна оны өлерінен алты күн бұрын бастаған. Бұл жазбалар тергеуге айыпталушыларға шығуға көмектесті.

    Тергеу өшірілген WhatsApp пен “ВКонтакте” хаттарын қалпына келтіріп, сотта прокурор сол деректерді оқыды. Материалдарға сәйкес, Ризуан Хайржанов қызды көлікте тұншықтырған, ал Алтынбек Катимов есікті ұстап тұрған. Кейін олар мәйітті Талдыколь ауылы маңындағы Жайық өзеніне тастаған.

    Қоғамдық «НеМолчи.KZ» қоры айыпталушыларға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын талап етуде. Қордың айтуынша, бұл — ерекше қатыгездікпен жасалған фемицид.