Метка: Заңсыз айналым

  • Заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді

    Заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді

    2024 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл шеңберінде 31 халықаралық және 27 өңірлік жеткізу арнасын жойып, 32 жасырын есірткі зертханасының қызметін бейтараптандырды.

    Заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі және психотроптық заттар, 4,5 тонна көкнәр сабаны шикізаты және «синтетика» жасау үшін қолданылатын 18 тонна химиялық реагенттер тәркіленді.

    «Қара нарықта» тәркіленген есірткінің құны 36 миллиард теңгеден аса бағаланады.

    Есірткі қылмыстарын жасағаны үшін 164 адам сотталды. Қазақстан арқылы есірткіні әкелу және тасымалдау арналарының жолын кесу бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен 25 халықаралық операция жүзеге асырылды.

    Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.

  • 1 тоннадан астам есірткі тәркіленді — Бас прокуратура

    1 тоннадан астам есірткі тәркіленді — Бас прокуратура

    Заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. Бұл жөнінде Бұл туралы Бас  прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді. Тәркіленген заттардың ішінде 774 кг героин, 155 кг марихуана, 37 кг гашиш және гашиш майы, 34 кг көкнәр, сондай-ақ 1 кг синтетикалық есірткі бар. Оның «қара нарықтағы» құны 7 миллиард теңгеден астам деп бағаланып отыр.

    «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, көлік прокуратурасы және басқа да құқық қорғау органдары есірткі бизнесіне қарсы күресті, шекарада жүктер мен пошта жөнелтілімдерін бақылауды күшейтті, шетелден елімізге есірткінің заңсыз әкелінуін болдырмау мақсатында шаралар қабылдады», — делінген хабарламада.
    21 сотталушы түрмеге қамалды, арасында шетел азаматтары да бар.
  • Есірткі сататындар ашқан 118 чат пен интернет-арна бұғатталды

    Есірткі сататындар ашқан 118 чат пен интернет-арна бұғатталды

    Қалалық прокуратураның ақпаратынша, жыл басынан бері Астанада есірткінің заңсыз айналымына қатысты 987 қылмыс тіркелген, оның 249-ы есірткіні сатумен байланысты.

    «Заңсыз айналымнан 578 келі есірткі тәркіленіп, жойылды, соның ішінде мефедрон – 254 келі, каннабис – 224 келі, гашиш – 80 келі, кокаин – 48 гр. Прокуратураның үйлестіруі негізінде құқық қорғау органдары 3 есірткі зертханасын анықтады. Тыйым салынған заттарды сату бойынша жұмыс істейтін 118 чат пен интернет-арналар бұғатталды», – деп мәлімдеді ведомство.

    Бұдан бөлек, граффити арқылы есірткіні жарнамалаудың көптеген фактісі тіркелген. Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы (есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталды. Бір адам сотталған.