Метка: Жалған ақпарат

  • ШҚО-да жалған айғақ берген куәгер сотталып кетті

    ШҚО-да жалған айғақ берген куәгер сотталып кетті

    ШҚО-да жалған ақпарат берген куәгер 5 жылға сотталды. Бас көлік прокуратурасы сот процесі барысында куәлардың бірінің жалған айғақтар беру фактісін анықтады. Көлік прокурорлары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшылығына қатысты сыбайлас жемқорлық туралы істі қараған.

    «Арнайы прокурорлар жүргізген тергеп-тексеру сот төрелігіне қарсы әрекет ету дерегін растады. Сот сотталушының кінәсін мойындау мен өкінуін ескеріп, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – делінген хабарламада.

  • «Бишімбаев колониядан қашып кетті»

    «Бишімбаев колониядан қашып кетті»

    Әлеуметтік желіде әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың колониядан қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түсініктеме берді. Комитеттің хабарлауынша, бұл ақпарат – жалған.

    «Әлеуметтік желілерде сотталған Қ. Бишімбаевтың колониядан қашқаны туралы жалған ақпарат таратылуда. Бұл сотталған адам жазасын барынша қауіпсіздік мекемесінде өтеп жатыр», – делінген хабарламада.

    ҚАЖ комитеті қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

    «Осы жалған ақпаратты таратуға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

  • Оқушылар онлайн оқиды деген ақпарат жалған

    Оқушылар онлайн оқиды деген ақпарат жалған

    WhatsApp және кей ақпарат көздерінде оқушылардың онлайн оқитындығына қатысты жалған ақпарат тарауда. Бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті растады. Яғни, хабарламада 15 қыркүйектен бастап оқушылардың онлайн форматта оқитындығы жазылған. Сондай-ақ, WhatsApp желісі арқылы тараған аудио хабарламада белгісіз вирустың тарап жатқандығы айтылған. Мамандардың айтуынша, қыркүйектің 15-нен бастап тұмауға қарсы екпе егу жоспарланып отыр. Бұл – бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жыл сайынғы қаулысына сай жүзеге асырылатын шара. Бетперде тағу режимі тек медициналық қызметкерлерге қатысты енгізіледі. Сондықтан, сала мамандары нақты дерек көздеріне сенуге шақырады. Ол үшін жауапты мекемелердің әлеуметтік желілерде ресми парақшалары бар. Бұл жерде нақты, ресми ақпараттар жарияланып тұрады.