Метка: Жалған диплом

  • Маңғыстау облысында бірнеше мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

    Маңғыстау облысында бірнеше мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

    Маңғыстау облысында білім беру сапасының заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінде педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту куәліктерінің жалған екендігі анықталды.

    Прокуратура мәліметінше, «Ә» есімді педагог 2024 жылдың наурыз айында SDU University университетінің (Алматы қаласы) «Арнайы педагогика» мамандығы «логопед-дефектолог» біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдаланып, мектепте «педагог-психолог» лауазымында жұмыс істеген.

    Осыған ұқсас деректер аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы 6 педагогтен анықталды.

    «Аталған әрекеттер үшін, сот үкімімен 7 педагог Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға айыппұл жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада.

  • Спорт мектебінде 50-ге жуық адам жалған дипломмен жұмыс істеген

    Спорт мектебінде 50-ге жуық адам жалған дипломмен жұмыс істеген

    Жамбыл облысында 48 адам жалған дипломмен жұміс істеп келген.  Спорт мектептерінің бірінде директордың орынбасарынан бастап, жаттықтырушыға дейін жалған дипломмен жұмыс істеп келген. Аймақтық Антикор қызметі осындай 32 адамды анықтады. Олар спорт саласына қатысты мекемелер мен мектептерде соңғы 3-4 жыл аралығында жұмыс істеген. Бұдан басқа әлеуметтік саладағы 16 қызметкердің жоғары оқу орнын бітірмегені белгілі болды.

    Осы уақыт аралығында жалған дипломы бар қызметкерлерге мемлекет тарапынан 349 млн теңге қаржы төленген. Бұл сомаға олардың жалақы, сыйақы шығындары кіріп отыр.

    Тексерушілер мамандардың диплом көшірмесін алдырып, оның нөмірлерін жоғары оқу орындарына жолдаған. Көшірмеде көрсетілген сериялық сандар мұрағатта болмағандықтан, құжаттың заңсыз екені анықталды. 32 қызметкердің 22-сі қызметінен босатылды. Осыған қатысты барлық материалды ведомство ішкі істер органдарына жолдаған.

  • «Семей орманы» қызметкерлері жұмысқа жалған дипломмен орналасқан

    «Семей орманы» қызметкерлері жұмысқа жалған дипломмен орналасқан

    Абай облысында прокуратура жалған дипломмен жұмысқа орналасқан «Семей орманы» МОТР қызметкерлерін анықтады.

    Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы резерваттың жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген 5 қызметкерлерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтады.

    Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес аталған қызметкерлерге диплом берілмеген.

    Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі («Жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

    Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.

  • Маңғыстауда 60 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

    Маңғыстауда 60 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

    Маңғыстау облысында 60 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген. Олар бір емес, бірнеше жылдар бойы оқушыларға сабақ беріп келген. Жалған құжат жасатып, айлық алған 60 мұғалімнің барлығы жұмыстан қуылды. Облыстың білім басқармасы жалған ұстаздарды жұмыстан қуып шектелмеді. Сотқа берді. Осылайша, айлыққа төленген қаражатты мемлекет бюджетіне қайтарып алмақ. Ал, Маңғыстау өңірінде 60 мұғалімнің жалған құжатпен жұмыс істеп жатқанын облыстың білім басқармасы тексеру кезінде анықтаған. Әрі білім ордасына хат жолдап, дипломдарды тексерген.

    «2023-2024 оқу жылдарында тексеру жүргізілді. Заңбұзушылықтың басым көпшілігі Мұнайлы ауданынан және Жаңаөзен қаласынан шықты. Мұнайлда 26, Жаңаөзенде 13 жағдайдан тіркелді», — Маңғыстау облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Бақтыгүл Өмірбекова.