Метка: Жалпыұлттық референдум

  • АЭС бойынша референдумның алдын ала қорытындысы шықты

    АЭС бойынша референдумның алдын ала қорытындысы шықты

    7 қазанда таңертеңгі дауыс берудің алдын ала қорытындысы төмендегідей болды: қолдап 71,12 пайыз дауыс берді, 2 452 071 азамат қарсы болды.

    Еске салайық, АЭС бойынша референдум 6 қазан, жексенбіде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметінше, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша азаматтардың 63,87 пайызы, 7 820 918 адам дауыс берді.

  • Алматы облысында Атомбек есімді сайлаушы дауыс берді

    Алматы облысында Атомбек есімді сайлаушы дауыс берді

    Ер адам Алматы облысы Талғар ауданында тұрады. «Оның есімі символдық түрде ағымдағы оқиғаны – атом электр станциясының құрылысына қатысты мәселе бойынша дауыс беруді білдіреді», – делінген телеарна мәлімдемесінде.

    Сайлаушының өзі айтқандай, бұл күн ол үшін дауыс беру күні ғана емес, өз жауапкершілігінің көрінісі ретінде де маңызды болды.

    Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда қанша адам атом есімімен ерекшеленетінін бөліскен болатын.

     

  • «Ел өркендеуі керек»: Асанәлі Әшімов референдумда дауыс берді

    «Ел өркендеуі керек»: Асанәлі Әшімов референдумда дауыс берді

    Қазақстанның Халық артисі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, театр әрі кино актері және режиссері Асанәлі Әшімов Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді.

    Артист бұл оқиғаның еліміз үшін маңыздылығын атап өтті. «Бұл – біздің азаматтық борышымыз, оны елеусіз қалдыруға болмайды. Мемлекет халықтың шешім қабылдауына мүмкіндік берді. Сондықтан референдумда дауыс беру маңызды. Ел өркендеуі керек, бұл біздің қолымызда!», – деді Асанәлі Әшімов.

  • Түске дейін қазақстандықтардың 39,23 пайызы дауыс берді

    Түске дейін қазақстандықтардың 39,23 пайызы дауыс берді

    Орталық референдум комиссиясы сағат 12.00-дегі жағдай бойынша референдум учаскелеріне келіп дауыс берген азаматтардың санын жариялады.

    ОРК мүшесі Шавкат Өтемісовтің айтуынша, дәл қазіргі ақпарат бойынша республиканың 4 804 102 азаматы референдумға қатысқан.

    «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 39,23%-і бюллетень алды», – деді Өтемісов брифингте.

    Оның ішінде:

    1. Абай облысы бойынша – 42,22 %

    2. Ақмола облысы бойынша – 45,48%

    3. Ақтөбе облысы бойынша – 44,87 %

    4. Алматы облысы бойынша – 41,76 %

    5. Атырау облысы бойынша – 43,94 %

    6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 36,67 %

    7. Жамбыл облысы бойынша – 36,27 %

    8. Жетісу облысы бойынша – 37,35 %

    9. Қарағанды облысы бойынша – 46,89 %

    10. Қостанай облысы бойынша – 44,04 %

    11. Қызылорда облысы бойынша – 37,63 %

    12. Маңғыстау облысы бойынша – 38,50 %

    13. Павлодар облысы бойынша – 36,54%

    14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 39,85%

    15. Түркістан облысы бойынша – 44,52 %

    16. Ұлытау облысы бойынша — 43,31 %

    17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 37,63 %

    18. Астана қаласы бойынша – 41,93%

    19. Алматы қаласы бойынша – 11,88 %

    20. Шымкент қаласы бойынша – 57,03 %.

    Азаматтардың уақытша болатын жерлеріндегі 358 референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды.

  • Мәулен Әшімбаев: Референдум – Қазақстанның демократиялық дамуындағы маңызды қадам

    Мәулен Әшімбаев: Референдум – Қазақстанның демократиялық дамуындағы маңызды қадам

    «Бүгін өте маңызды күн, тарихи күн деп айтсақ та артық болмайтын шығар. Референдум – Қазақстанның демократиялық дамуындағы маңызды қадам. Бүгін біз Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асырылып жатқанын көріп отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің болашағына қатысты мәселелерде», – деді Мәулен Әшімбаев дауыс берген соң БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

    Сенат спикерінің айтуынша референдум елімізде жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара.

    «Осындай маңызды іс-шараларда халықтың пікірін естіп, ескеріп мемлекеттік органдар шешімдер қабылдайтын болса, біз барлық мақсатқа жетеміз. Қазақстанды дамыған демократиялық мемлекет ретінде қалыптастырамыз. Сол себепті бүгінгі референдумда қазақстандықтардың даусы маңызды. Сөйтіп бәріміз Қазақстанды демократиялы, әділетті мемлекет ретінде қалыптастыруға өз үлесімізді қосамыз», – дейді ол.

  • Бүгін мемлекеттің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданады – Қошанов

    Бүгін мемлекеттің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданады – Қошанов

    Ерлан Қошанов  № 163 сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын берді.  Ол сөзінде дауыс беруге ерекше көңіл-күйде келгенін жасырмады.

    Бүгін ерекше мерекелік көңіл күйдемін.  Себебі, бүгін – мемлекетіміз үшін өте маңызды күн. Мемлекеттің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданады. Бастысы бұл шешімді халық қабылдайды. Негізгі мәселе – осы. Бүгін біз Мемлекет басшысы жариялаған конституциялық реформаны қабылдадық. Конституциялық реформасының негізгі мақсаты қандай? Ол – әр азаматтың мемлекеттің саяси өміріне еркін араласуы. Бүгін соның нақты көрінісі болды десек қателеспейміз, – деп түсіндірді Қошанов.

    Мәжіліс төрағасы халық тарапынан белсенділік өте жоғары деп отыр.

    Сіздер, біздер болып, барлығымыз бірге өз дауыстарымызды беруге келдік. Бізге әр өңірден ақпарат келіп отыр. Еліміздің әр өңіріндегі сайлау учаскелерінде халық дауыс беріп жатыр. Халық мемлекет болашағы үшін дұрыс шешім қабылдайды деген ойдамын, – деп қорытындылады Ерлан Қошанов.

  • Үкімет басшысы АЭС бойынша референдумда дауыс берді

    Үкімет басшысы АЭС бойынша референдумда дауыс берді

    Үкімет басшысы Астанадағы Оқушылар сарайындағы учаскеде дауыс берді. Айта кетейік, Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр, осы арқылы азаматтар атом электр станциясына қатысты шешім қабылдауы керек.

    Қазақстан заңнамасына сәйкес, референдум – маңызды мәселелер бойынша жалпыхалықтық дауыс беру. Оны «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң реттейді, ал ұйымдастырумен арнайы құрылған комиссия айналысады.

  • 400 күнге созылған ақпараттық-түсіндіру жұмысы аяқталады – Ерлан Қарин

    400 күнге созылған ақпараттық-түсіндіру жұмысы аяқталады – Ерлан Қарин

    Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты референдум аясында тура 400 күнге созылған ақпараттық-түсіндіру жұмысы аяқталғанын мәлім етті.

    Оның айтуынша, президент референдум өткізу туралы идеясын былтыр жария еткен.

    «Бүгін елімізде Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты референдум аясында тура 400 күнге созылған ақпараттық-түсіндіру жұмысы аяқталады. Оны Қазақстанның саяси тарихындағы ең ұзақ науқан деуге толық негіз бар. Неге 400 күн? Себебі Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы идеясын былтыр, яғни 2023 жылғы 1 қыркүйекте кезекті Жолдауында айтты. Дәл сол күні референдумға қатысты ауқымды жұмыс басталды деуге болады. Осы уақыт ішінде әр аймақта қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды, ақпарат кеңістігінде сарапшылар мен қоғам белсенділері жан-жақты пікір алмасты», — деп жазды Қарин.

    Қариннің пайымынша, бұл науқан «байсалды түрде, өзара түсіністік жағдайында» өткен.

    «Рефендум кезінде еліміздегі қоғамдық күштер алғаш рет саяси емес, экономикалық мүдде тұрғысынан күш-жігерін біріктіргенін атап өткен жөн. «Amanat» партиясының бастамасымен 6 саяси партия және 20-дан астам қоғамдық бірлестік Атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб құрды. Штаб мүшелері барлық өңірдің тұрғындарымен кездесу өткізді, оған энергетика саласының жетекші сарапшылары мен мамандары қатысты.  Осылайша, азаматтарымыздың Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға қатысты байыпты тоқтамға келуіне мүмкіндік берілді», — деп жазады Қарин.

  • Референдум күні Астанада жолақы тегін

    Референдум күні Астанада жолақы тегін

    6 қазан, жалпыұлттық референдум күні Астанада қоғамдық көлік тегін жүреді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

    Дереккөзге сүйенсек, сол күні қала маңындағы автобустар да жолақы алмайды.

    «6 қазан, республикалық референдум өтетін күні Астанада қала және қала маңы бағдарларындағы автобустар жолақы алмайды. Қоғамдық көлік сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді. 7 қазан, дүйсенбіден бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді», — деп хабарлаған әкімдік.