Метка: Жамбыл облысы

  • Жамбыл облысында 2886 есірткі сайты бұғатталып, 21 қылмыстық іс тіркелді

    Жамбыл облысында 2886 есірткі сайты бұғатталып, 21 қылмыстық іс тіркелді

    Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша ведомствоаралық шаралар күшейтілді. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім етті.

    «Есірткі қылмысына қарсы күрес тиімді әрі жүйелі болуы тиіс, себебі ол қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және халықтың денсаулығын қорғауға әсер етеді», – деді Нұрғалым Әбдіров құқық қорғау органдарының барлық мамандандырылған тергеу және оперативті бөлімшелерінің қатысуымен Полиция департаментінде өткен ведомствоаралық кеңесте.

    Ағымдағы кезеңде бірлескен шаралар нәтижесінде есірткі қылмысы 15,3% төмендеді (457-ден 387-ге дейін). Оған облыстың 5 ауданында жабайы қарасораның нақты өсу учаскелерін анықтап, 1183 тоннасын (2023 ж. — 220 тн) жоя отырып, жергілікті атқарушы органдармен «Есірткісіз болашақ» форматында бірлескен шаралар да ықпал етті.

    Прокуратура әзірлеген «NarkoShekteuTaraz» телеграм-ботымен 2886 есірткі сайты бұғатталды, 439 граффити жойылды, олар бойынша 21 қылмыстық іс тіркелді. Сонымен қатар прокурорлар есірткі жарнамасын насихаттайтын жағымсыз мазмұнды анықтауға баса назар аудара отырып, оқушылар мен колледж студенттері арасында факультативтік сабақтар өткізіп жатыр.

    «Есірткі зертханалары мен қылмыстық топтарды анықтау және жолын кесу жөніндегі құрылымдардың қызметін теріс бағалауға болады», – деп түйіндеді облыс прокуроры.

  • Жамбыл облысында алимент бойынша тергеп-тексеру басталды

    Жамбыл облысында алимент бойынша тергеп-тексеру басталды

    Жамбыл облысының прокурорлары алимент бойынша борышкерге
    қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

    Тараз қаласының прокуратурасы талдау аясында 2019 жылдан бері дәлелді себептерсіз 4 млн теңгеден астам алимент берешегін төлемеген борышкерді анықтады. Сот шешімін тиісінше орындамағаны үшін борышкер бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    «09.09.2024 жылы осы факті бойынша қала прокуратурасы ҚК-нің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. 2024 жылдың өткен кезеңінде қала прокуратурасы 30 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартып, 41 млн теңге көлемінде алимент берешегін өндірді», — делінген Жамбыл облысы прокуратурасының хабарламасында.

    Прокуратура алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге ҚК-нің 139-бабына сәйкес 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

  • Жамбыл облысында полиция басшысы төрт орынбасарымен қызметінен кетті

    Жамбыл облысында полиция басшысы төрт орынбасарымен қызметінен кетті

    Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту және «заң мен тәртіп» қағидатын нығайту бойынша берген тапсырмасын іске асыру аясында, сондай-ақ Жамбыл облысы полиция департаментінде жүргізілген ІІМ инспекторлық тексеру қорытындысына сәйкес бірқатар кадрлық тағайындау жүргізілді, – делінген хабарламада.

    Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин және оның орынбасарлары Құрмет Мажикенов, Нұржан Рахметуллаев, Қанат Сматов, Бауыржан Удергенов, сондай-ақ ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Алмас Қожашев қызметінен босатылды.

    Облыстық полиция ведомствосының жаңа бастығы болып бұрын Көліктегі полиция департаментін басқарған Бақытжан Малыбаев тағайындалды.

    ПД бастығының бірінші орынбасары қызметіне Мақсат Қанапяев, ал орынбасарлары болып Бауыржан Жанаев, Жайдарбек Құттыбаев және Мұхтар Аманбеков тағайындалды. Ішкі істер министрлігі полиция жұмысын оңтайландыру және оның тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдауды жалғастырады.