Метка: Жаңа ереже

  • Қазақстанда онлайн-саудаға жаңа ережелер енгізіледі

    Қазақстанда онлайн-саудаға жаңа ережелер енгізіледі

    Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шетелдік маркетплейстерден жеке тұлғалар арқылы жасалатын тауарларды әкелуге арналған жаңа ережелерді бекітті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
    Бұл өзгерістер ЕАЭО құрамына кірмейтін елдерден, мысалы Қытай, АҚШ немесе Еуропа елдерінен жасалатын интернет-сатып алуларға қатысты.
    Бажсыз әкелудің лимиті
    Жаңа ережеге сәйкес, бажсыз лимит 200 еуро болып бекітілді. Яғни, 200 еуроға дейінгі тапсырыстарды әлі де бажсыз және салықсыз алуға болады.
    Егер тапсырыс 200 еуроны асып кетсе, сатып алушы:
    •баж салығын — барлық сатып алу сомасының 5%-ы;
    •ҚҚС қолданыстағы ставка бойынша төлеуі тиіс.
    Сондай-ақ, баж мөлшері 1 еуродан кем болмауы керек. Кейбір тауарлар үшін, мысалы, автокөліктер, арнайы баж ставкалары қарастырылған.
    Қарапайым рәсімдеуге жатпайтын тауарлар
    Электрондық сауда арқылы жеңілдетілген декларацияға жатпайтын тауарлар тізімі:
    •жеке пайдалану үшін емес, мысалы, солярий, іштен жанатын қозғалтқыштар, медициналық жиһаз, ойын автоматтары;
    •рұқсат қағазын қажет ететін тауарлар: қару-жарақ, оқ-дәрі, жануар сүйектері, қауіпті қалдықтар;
    •алкоголь, темекі өнімдері, қолма-қол ақша, әуе және су көліктері, кейбір автокөліктер мен шассилары.
    Баждарды есептеу қалай өзгереді
    Ең басты өзгеріс  айқымды саудаға қатысты. Бұрын лимиттен асқан сомадағы баж тек асып кеткен сомаға есептелсе, енді баж барлық сатып алу сомасына салынады.
    Мысалы, 210 немесе 300 еуро тапсырыс бұрынғыдан қымбатырақ болады, лимиттен аз ғана асып кеткен болса да. Бұрынғы салмақ лимиті енді қолданылмайды, тек сатып алу сомасы есепке алынады.
    Тапсырыстарды рәсімдеумен жеткізу қызметтері мен электрондық сауда операторлары айналысады, сатып алушылар емес.
    Неліктен жаңа ережелер енгізілді
    Бұрын шетелден интернет сатып алулар жеке пайдалану тауарлары ретінде рәсімделетін, бұл кейбіреулерге тауарларды партиямен сата отырып, салық төлемей әкелуге мүмкіндік беретін.
    Нәтижесінде мемлекет кірістерін жоғалтты, жергілікті сатушылар шетелдік маркетплейстермен салыстырғанда ұтылған жағдайда қалды.
    Жаңа ережелер электрондық сауда тауарлары үшін бөлек категория енгізеді: лимит бар, лимиттен асса баж және ҚҚС төленеді.
    Қарапайым сатып алушылар үшін арзанырақ тапсырыстар әлі де бажсыз болады.
    Жаңа тәртіп 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
  • Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру талабы күшейеді

    Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру талабы күшейеді

    Елімізде жүргізуші куәлігіне теориялық емтихан тапсыратын қазақстандықтар 2 факторлы аутентификациядан өтеді.

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, екі факторлы аутентификация дегеніміз қолданушының 2 түрлі әдіспен өзін-өзі растауы:

    SMS хабарлама;

    Биометриялық сәйкестендіру арқылы.

    Тестен өтпес бұрын жүргізуші куәлігіне үміткерге 1414 нөмірінен жеке деректерге қатысты сұрау салу туралы хабарлама келеді. SMS қолданушының электронды үкімет порталының жеке кабинетіне тіркелген телефон нөміріне жіберіледі, — деп жазылған хабарламада.

    Авторизация сәтті болса, қызмет алушы биометриялық сәйкестендіруден өтеді.

    Бүгіннен бастап жаңа бастама елордада енгізілді. Жыл соңына дейін бастама қалған өңірлерде де енгізіледі деп жоспарланып отыр.