Метка: Жаңа жыл

  • Қонаевта Жаңа жылға арналған ең әдемі безендіру байқауы жарияланды

    Қонаевта Жаңа жылға арналған ең әдемі безендіру байқауы жарияланды

    Қонаев қаласы Жаңа жылға дайындалып жатыр: көшелер мен аумақтар, үйлер мен мекемелер мерекелік көңіл-күйге бөленеді! Қала тұрғындары, кәсіпкерлер мен ұйымдар ғимараттарды безендіру бойынша байқауға қатыса алады.

    Құжаттар 17–29 желтоқсан аралығында қабылданады. Жеңімпаздар шығармашылық, жаңашылдық және мерекелік көңіл-күйі бойынша арнайы қазылар алқасы тарапынан таңдалады. Марапаттау рәсімі 31 желтоқсан күні орталық алаңда өтеді, ал жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады.

    Үйіңізді немесе офисіңізді безендіріп, қаланы мерекелік көңіл-күйге бөлейік!

    Қосымша ақпарат үшін: +7 701 719 6240

  • Президент жаңа жылды қалай қарсы алады?

    Президент жаңа жылды қалай қарсы алады?

    – Мемлекет басшысы Жаңа жылды еліміздің миллиондаған азаматтары секілді өз шаңырағында, туыстарымен бірге мерекелік дастарқан басында қарсы алады. Президенттің Жаңа жылда шетелге шығу немесе демалу туралы жоспары жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлының демалысқа уақыты тапшы деуге болады. Президент мереке күндері де жұмыс істейді, құжаттар қарайды, – деді Берік Уәли.

    Еске сала кетейік, Президенттің Жаңа жылмен құттықтауын Jibek Joly эфирінен көруге болады.

     

  • Жаңа жылда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

    Жаңа жылда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

    Синоптиктер Қазақстанда 2024 жылдың 31 желтоқсаны мен 2025 жылдың 2 қаңтары аралығында ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

    Болжамға сәйкес, Қазақстанның көп бөлігінде ауа райына Скандинавия түбегі аймақтарынан келген циклон ықпал етеді, соған байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі: елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар, боран, 1-2 қаңтарда күшті жел болжанады, ал батыс, оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі.

    31 желтоқсанда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі және тұман күтіледі.

    «Елдің көп бөлігінде ауа температурасының жоғарылауы күтіледі: батыста түнде -5°C-тан +5°C-қа дейін, күндіз -3°C-тан +10°C-қа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -2°C-тан -13°C-қа дейін, күндіз -7°C-тан -2°C-қа дейін, шығыста түнде және күндіз -0°C-тан -8°C-қа дейін, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында температурада күрт өзгерістер күтілмейді», – делінген хабарламада.

  • Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

    Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

    Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жаңа жылды мерекелеу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттердің дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді. 3 мыңнан астам полицей қаладағы тәртіпті тәулік бойы күзетеді.

    Патрульдік экипаждардың саны ұлғайтылды, қызмет көрсету маршруттары күшейтілді, жаяу патрульдік қызметке Ұлттық ұланның 300 әскері тартылды.

    – Азаматтар көп жиналатын орындар мен мәдени-ойын-сауық шаралары өтетін орындар ерекше бақылауда, – деп хабарлады ведомстводан.

    Алматы тұрғындары Жаңа жыл мерекесін тойлауды бастап кетті. Қалада түрлі концерттер мен іс-шаралар, сондай-ақ негізгі жаңа жылдық жәрмеңке өтіп жатыр.

  • Жаңа жыл түні Аяз ата мен Ақшақар сізді тонап кетуі мүмкін

    Жаңа жыл түні Аяз ата мен Ақшақар сізді тонап кетуі мүмкін

    Жаңа жыл қарсаңында алаяқтар әртүрлі айла-тәсілдерді пайдаланып, қазақстандықтарды сан соқтырып кетуі мүмкін. Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агентті мереке қарсаңында алаяқтардың қулықтарын тізіп өткен.

    Мәселен, агенттіктің fingramota.kz сайты жазғандай, Жаңа жыл қарсаңында алаяқтар Аяз ата мен Ақшақардың атын көп жамылады екен.

    «Ата-ананың көбі балаларына сиқырлы мереке сыйлау үшін Аяз ата мен Ақшақардың киімін киіп келетін аниматорлар іздейді. Міне, алаяқтар жылда интернетте, әсіресе, әлеуметтік желілерде аниматордың хабарландыруын береді де алдын ала төлем алып, жоқ болып кетеді», – деп ескертіп отыр агенттік.

    Сондықтан, үйге Аяз ата мен Ақшақар шақырғыңыз келсе ресми тіркелген компаниялардың қызметіне жүгінген дұрыс дейді мамандар. Сондай-ақ Аяз ата мен Ақшақар үйлерді тонап кететін жағдайлар да кездеседі екен.

    «Аяз ата» мен «Ақшақар» келіп, мереке күні көтеріңкі көңіл күйде отырған үй иелерінің босаңғысағынын пайдаланып, үйді тонап кетуі мүмкін. Бірі – көңіл күйді аулайды, екіншісі қымбат заттарыңызды тонап жатады», – деп жазған агенттіктің сайты.

  • Жаңа жылда қазақстандықтар неше күн демалады?

    Жаңа жылда қазақстандықтар неше күн демалады?

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

    «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады», – деп хабарлады министрлік.

    Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар – 1-3 қаңтар күндері демалатын болды.

    Демалыс күнін ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.