Метка: Жанармай

  • Шымкент мұнай өңдеу зауыты маңында жанармай ұрлау схемасы әшкереленді

    Шымкент мұнай өңдеу зауыты маңында жанармай ұрлау схемасы әшкереленді

    Шымкент қаласындағы мұнай өңдеу зауытының айналасында ауқымды жанармай ұрлау схемасы анықталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыстық әрекетке қала тұрғындары мен аффилиирленген кәсіпорын қызметкерлері қатысқан, деп хабарлайды Sona.kz Policia.kz-ке сілтеме жасап.

    Ведомствоның хабарлауынша, зауытта өндірілген бензиннің бір бөлігі нарыққа жетпей, тікелей кәсіпорын аумағынан заңсыз шығарылған. Жанармай автоцистерналармен тасымалданып, бірнеше қоймада сақталып, ресми есептен тыс сатылған.

    Схема ұйымдасқан түрде және ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген. Заңсыз айналымның жалпы көлемі 1 миллиард теңгеден асқан.

    Жүргізілген тінту барысында 17 тонна жанармай-жағармай материалдары, ақшалай қаражат, арнайы жабдықтар мен көлік құралдары тәркіленді.

    Қылмыстық схеманың барлық қатысушылары ұсталды. Қазіргі уақытта мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің ықтимал қатыстылығы да тексеріліп жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

  • Қырғызстанға заңсыз жолмен бензин өткізгендер 15,5 млрд теңге тапқан

    Қырғызстанға заңсыз жолмен бензин өткізгендер 15,5 млрд теңге тапқан

    Қазақстаннан Қырғызстанға АИ-92 маркалы бензинін заңсыз шығарумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды.

    Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. Олар АИ-92 маркалы бензинін Қырғыз Республикасына заңсыз шығарып, сатып отырған.

    Тергеу барысында күдіктілердің Қазақстан аумағында бензинді еріткіш және дистиллят ретінде рәсімдеп, жалған құжаттар арқылы шекарадан заңсыз өткізгені анықталды.

    Жедел іздестіру іс-шаралары барысында «Түрксіб» станциясында заңсыз жолмен жөнелтілген 500 тоннаға жуық бензин тиелген 8 теміржол цистернасы ұсталды. Жүк «Қара Май Ойл» шағын мұнай өңдеу зауытынан жөнелтілген және Қырғызстанға бағытталған.

    «Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2023-2024 жылдары аталған шағын зауыттан 102 мың тоннадан астам мұнай өнімдері көрші мемлекетке экспортталған.

    Алдын ала есеп бойынша, қылмыстық топтың көлеңкелі айналымы соңғы екі жылда 15,5 млрд теңгеден асып түсті», – делінген хабарламада.

    Аталған іс бойынша үш күдіктіге мемлекетаралық іздеу жарияланды:

    • Попов Алексей Александрович, 27.04.1987 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, Жамбыл облысы, Тараз қаласының тумасы, бұрын сотталмаған;
    • Ибраимов Рахымжан Маматұлы, 29.01.1996 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, Өзбекстан Республикасының Чартак қаласының тумасы, бұрын сотталмаған;
    • Сағындықов Серік Ерланұлы, 29.07.1987 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, Жамбыл облысының тумасы, бұрын сотталмаған.

    «Оларға «камаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Егер сізге іздестіріліп жатқан тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, келесі телефондарға хабарласуды сұраймыз: +7-727-279-20-86 – кезекші бөлім.

    Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі», – деп хабарлайды ҚМА.

  • Бензин бағасы қаншаға өседі?

    Бензин бағасы қаншаға өседі?

    Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу ресми түрде жойылды.

    Тиісті бұйрыққа энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қол қойып, өзгеріс 30 қаңтардан бастап күшіне енді. Қазақстандық жанармай қауымдастығының мәліметінше, 1 ақпаннан бастап мұнай өнімдерінің көтерме бағасы артты. Бұл өзгеріс ай соңына қарай жанармайдың бөлшек бағасына да әсер етуі мүмкін.

    Ресурс иелері, соның ішінде нарықтың 80%-ын бақылайтын KC Energy Group пен «ҚазМұнайГаз», 1 ақпанда көтерме бағаны өсірді. Орташа есеппен алғанда, АИ-92 бензині мен дизель отынының көтерме бағасы 1 литріне 4 теңгеге қымбаттады. Осыған байланысты ақпанның соңына дейін жанармайдың бөлшек бағасы да 4 теңгеге көтеріледі, – деп түсіндірді қауымдастық.

    Қауымдастық өкілдері баға өсімінің 80%-ы (3 теңге) мемлекеттік бюджетке акциз ретінде алынатынын атап өтті. Бұл салықтық түсімдерді арттырғанымен, қарапайым тұтынушыларға жанармай бағасының қымбаттауы әсер етеді.