Метка: жанжал

  • Серік Сәпиевті ешкім соққан жоқ: Жанжал толықтай шешілді

    Серік Сәпиевті ешкім соққан жоқ: Жанжал толықтай шешілді

    Астана қаласы бойынша Федерация Президенті Айдар Махметов өзінің Instagram парақшасында олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есимханов арасындағы жағдайға түсініктеме берді.

    Махметовтің сөзінше, қақтығыс тек жұмыс мәселелерімен байланысты. Қажетті құжаттарды беруден бас тарту салдарынан туындаған. Ол физикалық төбелес туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін, ешкім ешкімді соқпағанын атап өтті.

    «Жағдай толықтай реттелді, тараптар өзара түсіністікке келді», — деді Махметов.

  • Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасындағы жанжалдың видеосы тарады

    Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасындағы жанжалдың видеосы тарады

    Желіде Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы жанжалдың видеосы пайда болды, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Бұған дейін 2026 жылғы 21 қаңтарда Қарағанды қаласындағы спорт нысандарының бірінде екі басшы арасында сөзге келу болып, оның соңы төбелеске ұласқаны хабарланған еді. Оқиға салдарынан Серік Сәпиев дене жарақатын алып, аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді.

    Тараған видеода Серік Сәпиевке ұқсас адам кабинетке костюммен, қолында папка ұстап кіріп, біраз уақыттан кейін пиджагынсыз, ақ жейдемен жүгіріп шыққаны көрінеді.

    Қарағанды облысы полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растаған.

    «Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. 21 қаңтарда спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал болғаны анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Ведомство мәліметінше, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

    Сонымен қатар журналистер Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментіне де сауал жолдаған.

    «Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалуына байланысты нақты ақпарат жоқ. Барлық процессуалдық шаралар аяқталғаннан кейін тиісті шешім қабылданады», — деп жауап берді департамент өкілдері.

    Серік Сәпиев  2012 жылғы Олимпиада чемпионы, бокстан екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Қазіргі таңда Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарады.

    Дәурен Есімханов  Серік Сәпиевтің орынбасары, самбо және жауынгерлік самбодан Азия мен әлем чемпионаттарының жүлдегері, World Games күміс жүлдегері, джиу-джитсудан әлем чемпионы.

  • Түркістан облысында шенеунікке қатысты жанжал шықты

    Түркістан облысында шенеунікке қатысты жанжал шықты

    Әлеуметтік желілерде Түлкібас ауданының ішкі саясат бөлімінің «Руханият орталығы» КМҚК директоры Қанат Елеуовтің есімі аталған жанжал туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Sona.kz.

    Куәгерлердің айтуынша, Елеуов мейрамханалардың бірінде қасындағы үстелде отырған жас қызды күшпен «соқыр аймаққа» апаруға әрекет жасаған. Алайда ойы іске аспаған соң, ол таныстарына қоңырау шалып, әкімшілік ресурстарды және «бандиттерді» іске қосатынын айтқан.

    Бұл жағдай Түркістан облыстық полиция департаментінің қарауына ұсынылды

  • «Заңды қорғаудың орнына сатқын болды»: Саденов полициядағы жанжал туралы

    «Заңды қорғаудың орнына сатқын болды»: Саденов полициядағы жанжал туралы

    «Сатқындарға кешірім жоқ!» ІІМ басшысы Жамбыл облысы полиция басшысының орынбасарының ұсталуына қатаң пікір білдірді

    Астанада Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sona.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

    ІІМ мәліметінше, арнайы операцияны Ішкі қауіпсіздік департаменті жүргізген. Жоғары лауазымды полицей заңсыз әрекеттер жасады деген күдікке ілінді.

    «Полицейдің міндеті – заңды қорғау, халықты қорғау. Ал бұл жерде — сатқындық. Мен айттым: сатқындарға кешірім жоқ. Бәрі заң аясында анықталды. Біздің ұстанымымыз қатаң, әрі соны мықтап ұстанамыз», — деді Ержан Сәденов.

    Министр Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығының отставкасына да түсініктеме берді:
    «Біз әскери тәртіппен жүретін құқық қорғау органымыз. Қарамағындағылар тарапынан заң бұзушылықтар болғандықтан, заң бойынша ол отставкаға кетуге міндетті болды, әрі осы құқығын пайдаланды».

    Қазіргі уақытта ұсталған полицейге қатысты тергеу жүріп жатыр. ІІМ өз қатарындағы сыбайлас жемқорлық пен заң бұзушылыққа қарсы күресті күшейтетінін мәлімдеді.

  • Qurt лақап атымен танымал рэпер отбасылық жанжал ортасында қалды

    Qurt лақап атымен танымал рэпер отбасылық жанжал ортасында қалды

    Қазақстандық рэпер Дамир Қойшыбаев (Qurt) отбасындағы жанжалмен ел назарын аударды. Оның әйелі Аружан Қойшыбаева әлеуметтік желіде көгерген денесінің суреттерін жариялап, күйеуінің белбеумен сабағанын жазды.

    Аружанның айтуынша, оқиға 27 маусым күні болған. Таңғы сағат 10 шамасында Дамир оны бір сағат бойы белбеумен ұрып-соққан. Белбеу үзіліп қалған соң, басқа белбеумен соққыны жалғастырған.

    «Пәтерден шыға алмай, “көмектесіңдер, өлтіріп жатыр” деп айқайлай бастадым. Көршілер құтқарып қалды. Жарақаттарым тіркелді, енді арыз жазамын. Бірақ ол достарымен келіп, мені видеоға түсіріп, “ешқандай шағымым жоқ” деп айтуға мәжбүрледі. Қазір достары тарапынан қысым жасалып жатыр», — дейді Аружан.

    Жәбірленуші қазір адвокаттардан көмек сұрап отыр. Ол күйеуінің елден қашып кетуінен қауіптенеді.

    Іске қатысты ресми органдар әлі пікір білдірген жоқ.