Метка: Жапония

  • Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

    Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Токио қаласындағы императорлық сарайда Жапония Императоры Нарухитомен кездесуден басталды.

    Мемлекет басшысы көрсетілген қонақжайлық үшін алғыс білдіріп, Жапонияның тәртіпке, тұрақты дамуға және ұлттық бірлікке негізделген үлгісі қазақстандықтар үшін әрдайым үлгі болып келгенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастар өзара құрмет пен түрлі саладағы нәтижелі ынтымақтастыққа негізделгенін айтты.

    Өз кезегінде Император Нарухито Қазақстан Президентінің бұл сапары екі ел арасындағы байланыстар тарихындағы маңызды кезеңге айналып, оларды жаңа сапалық деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

    Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Алдағы уақытта Мемлекет басшысы Жапония басшылығымен келіссөздер өткізеді. Ақорданың мәліметінше, сапар қорытындысында бірқатар келісімдерге қол қойылып, Жапония тарапынан Қазақстанға 3,7 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салу көзделіп отыр.

  • Камчаткадағы зілзаладан кейін Жапония жағалауына бірнеше кит шығып қалды

    Камчаткадағы зілзаладан кейін Жапония жағалауына бірнеше кит шығып қалды

    Камчатка маңындағы 8,8 магнитудалық зілзаладан кейін Жапонияның кейбір өңірлерінде жағалауға бірнеше кит шығып қалған. Sona.kz хабарлағандай, бұл туралы Kazinform мәлімдеді.

    Цунами қаупі Тынық мұхиты аймағындағы бірнеше елге таралған:
    • АҚШ пен Канада – Гавай мен Калифорнияда 3 метрге дейінгі толқындар күтілуде, әуежайлар жабылып, тұрғындар эвакуацияланып жатыр.
    • Қытай, Филиппин, Индонезия – жағалауда 1 метрге дейінгі толқындар болуы мүмкін.
    • Жаңа Зеландия – теңіз суы деңгейінің көтерілу қаупі бар.

    Жапонияның Мияги префектурасында рейстер тоқтатылып, кейбір аймақтарда эвакуация жүріп жатыр.

  • Жапонияда жойқын жер сілкінісі болды

    Жапонияда жойқын жер сілкінісі болды

    Жапонияның оңтүстік-батыс бөлігінде магнитудасы 6,9 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Зілзаладан соң өңірде цунами қаупі туралы ескерту жарияланды, – деп хабарлады NHK

    Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 21:19-дан (Астана уақыты бойынша сағат 17:19) кейін болған. Осыған байланысты Кюсю аралындағы Миядзаки префектурасында, сондай-ақ Жапонияның оңтүстігіндегі Коти префектурасында ескерту жарияланды.

    Жер сілкінісінен соң шамамен 30 минут ішінде биіктігі бір метр болатын алғашқы цунами толқыны жағалауға жетті.

    Жергілікті билік цунами қаупі туралы ескертуді дүйсенбі күні кешкісін алып тастады, бірақ тұрғындарды теңізден және жағалаудан аулақ болуға шақырып жатыр. Себебі екінші және үшінші толқындар алғашқы толқыннан биік болуы мүмкін деп болжанып отыр.

    Синоптиктердің айтуынша, осы ауданда дәл осындай күшті жер сілкіністері болса, жартастардың құлауы және тастардың домалауы тұрғындарға қауіп төндіруі мүмкін.

    Жапонияның көп бөлігі Тынық мұхитының отты сақинасында орналасқан. Сондықтан бұл аймақ қарқынды сейсмикалық және вулкандық белсенділігімен танымал.

  • Жапония қазақстандық компанияға қарсы санкция жариялады

    Жапония қазақстандық компанияға қарсы санкция жариялады

    Жапония Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қосымша санкциялар енгізуді мақұлдады. Жапондық шектеулер қазақстандық бір компанияға да әсер етті.  Бұл туралы Жапония министрлер кабинетінің отырысында белгілі болды.

    Экспорттауға тыйым салынған тауарлар тізіміне 335 позиция қосылды. Олардың ішінде кран қозғалтқыштарына арналған бөлшектер, басқа да арнайы жабдықтар мен шағын мотоциклдер бар, бұл Ресейдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруы мүмкін. Сондай-ақ, химиялық қару жасауға пайдаланылуы мүмкін капсаицин сияқты химиялық заттарға да экспорттық тыйым салынды.

    Бұл тауарларды экспорттауға тыйым 23 қаңтардан бастап күшіне енеді.

    Үкіметтің шешімінде санкцияларды айналып өтуге ықпал етті деп күдікке ілінген алты елдің 31 ұйымына экспорттауға тыйым салу қарастырылған. Бұл ұйымдар Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Қытай, Қырғызстан, Таиланд және Түркия елдерінде орналасқан.

    Санкция салынған ұйымдардың атаулары есепте көрсетілмеген. Осыған байланысты қосымша ақпарат алу үшін Қазақстанның Индустрия және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сұрау жіберілді.

    Сонымен қатар, тыйым салынған активтер тізіміне Ресейден 11 жеке тұлға, 29 ұйым және 3 банк қосылды. Активтерді бұғаттау бір ресейлік емес жеке тұлға мен бір банкке де қатысты болады.

    Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсимаса Хаяши баспасөз мәслихатында Жапонияның Украина төңірегіндегі жағдайды реттеуге халықаралық қауымдастықпен, оның ішінде жеті ірі экономика (G7) елдерімен ынтымақтаса отырып, халықаралық күш-жігерге өз үлесін қоса беретінін мәлімдеді.

  • «Nissan» компаниясы 9 мың жұмысшысын қысқартады

    «Nissan» компаниясы 9 мың жұмысшысын қысқартады

    Жапонияның үшінші ірі автоконцерні – «Nissan» 9 мың жұмыс орнын қысқарту жоспарын жариялады. Автокөлік өнеркәсібінде шамамен 6 миллион адам жұмыс істейді.

    Компания әлем бойынша 9 мың қызметкерін қысқартады. Бұл жалпы штаттың шамамен 7 пайызы. Автоконцерн басшылығы мұндай шешімді Қытай мен АҚШ-та өнімге деген сұраныстың төмендеуіне байланысты қабылдады.

    Сонымен қатар компания өндірістік қуатын 20%-ға азайтуды және Mitsubishi Motors компаниясындағы үлесінің бір бөлігін сатуды жоспарлап отыр. Компанияның бас директоры Макото Учида дағдарысқа байланысты осы айдан бастап өзінің жалақысын 50%-ға азайтатынын мәлімдеді.

  • Жапония Үкіметі толық отставкаға кетті

    Жапония Үкіметі толық отставкаға кетті

    Бірнеше сағат бұрын Жапония премьер-министрі Фумио Кисида мен оның үкіметі толық отставкаға кетті. Парламент министрлер кабинетінің жаңа басшысын бүгін сайлайды. Айта кетсек, Кисида билікке 2021 жылы келді. Ал өткен аптада Кисиданың орнын басуы мүмкін адамның есімі белгілі болды. Ол — 67 жастағы Сигэру Исиба. Исиба жұма күні Либералдық-демократиялық партия басшылығына өткен сайлауда жеңіске жетті. Тағы бір мәлімет: жапон парламентінің төменгі палатасы қазанның 9-да таратылады. Ал осы айдың 27-де елде халпыхалықтық сайлау өтуі керек.

  • Жапонияда үкімет отставкаға кетті

    Жапонияда үкімет отставкаға кетті

    Жапонияда үкімет толық құрамда отставкаға кетті, деп жазады Kyodo агенттігі. Бұл алдыңғы премьер-министрдің өкілеттіктерінің аяқталуымен байланысты болып отыр. Енді ел парламенті үкіметтің жаңа басшысын таңдау бойынша дауыс беруге дайындалып жатыр.

    Жапония премьер-министрі парламентте партиялық фракциялар ұсынған көпшілік дауыстар негізінде таңдалады. Әдетте кандидат парламенттегі көп орынға ие партияның жетекшісі болады. Бұл жағдайда жетекші либералды-демократиялық партия (ЛДП) коалициялық серіктес «Комейто» партиясымен бірге екі палатада да көпшілікті ұстайды.

    Кейінгі мәліметтерге сәйкес, елдің жаңа премьер-министрі Шигеру Исиба болады. Ол өткен аптада ЛДП басшысының сайлауында жеңіске жетті, бұл оны автоматты түрде премьер-министрге үміткер етті. Ол сейсенбіде Жапония императоры Нарухито бекітетін жаңа үкіметті құрады.

  • Жапонияда ер адам өлім жазасын күтіп түрмеде 56 жыл отырған

    Жапонияда ер адам өлім жазасын күтіп түрмеде 56 жыл отырған

    Жапонияда 88 жастағы ер адам өлім жазасын күтіп түрмеде 56 жыл отырған. Бірақ өткен тәулікте сот Ивао Хакамаданы ақтап шығарды. Себебі ол 1966 жылы тұтас бір отбасыны өлтірді деген айып жалған болып шықты. Айта кетсек, бұл — әлемдегі үкімнің орындалуын күткен ең ұзақ мерзім. Адвокаттарының айтуынша, ондаған жылдар бойы ең ауыр жазаны күткен Хакамада психикалық ауруға шалдыққан. Сондықтан қария кешегі сот тыңдалымына қатыса алмады.