Метка: Жаппай улану

  • Арқалықтағы жаппай улану себебі анықталды — сальмонелла қызметкерлерден табылды

    Арқалықтағы жаппай улану себебі анықталды — сальмонелла қызметкерлерден табылды

    Арқалықта 86 адам жаппай уланған оқиға бойынша эпидемиологиялық зерттеу аяқталды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    20–23 қазан аралығында Арқалық, Жангелдин және Қостанай қалаларындағы жұқпалы аурулар бөлімшелеріне 86 адам ішек инфекциясы белгілерімен жүгінген. Олардың басым бөлігі жергілікті мейрамханада өткен отбасылық шараға қатысқан немесе сол жерден әкелінген тағамды тұтынған.

    «Барлығы 83 адам ауруханаға жатқызылды, 82-сі сауығып шықты. Бір науқас дәрігерлер бақылауында. Лабораториялық зерттеу нәтижесінде Salmonella enteritidis бактериясы анықталды», — деді департамент мамандары.

    Тексеру барысында мекемеде санитарлық нормалардың өрескел бұзылғаны анықталып, нысанның қызметі уақытша тоқтатылды. Зерттеу кезінде алынған 40 сынаманың жетеуінен ішек таяқшасы табылған.

    Сонымен қатар, қызметкерлердің екеуінен де Salmonella enteritidis бактериясы анықталып, олардың инфекция тасымалдаушысы болуы мүмкін екені айтылды.

    Қазір кафе жабық, барлық кемшіліктер жойылған соң ғана қайта ашылуы мүмкін. Материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Егер қылмыстық құрам анықталса, іс сотқа жіберіледі, ал болмаған жағдайда иелеріне әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

  • Жамбыл облысында балабақшада 10 бала уланды

    Жамбыл облысында балабақшада 10 бала уланды

    Олардың тоғызынан жіті ішек инфекциясы анықталса, бір баладан энтеровирусты инфекция тіркелді. Қазіргі уақытта бір бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты.

    Оқиғаға байланысты облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Мамандар балабақшадағы санитарлық жағдайды тексеріп, улану себебін анықтауда. Ауруханалар қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы зертханалық сынамалар алып, қорытындысын күтуде.

    Бұл оқиға мектепке дейінгі мекемелердегі санитарлық қауіпсіздік мәселесін қайта көтерді. Балалардың денсаулығына қауіп төндірмеу үшін ата-аналар мен қоғам өкілдері қатаң бақылау қажеттігін айтуда.

  • Оқушылар уланған қытай снектерін сатуға тыйым салды

    Оқушылар уланған қытай снектерін сатуға тыйым салды

    Ақтөбе облысында мектеп оқушыларының жаппай улану фактісіне байланысты шығу тегі күмәнді Қытай тәттісі сатылымнан алынды. 

    Денсаулық сақтау министрлігінің cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысындағы мектеп оқушыларының шығу тегі күмәнді өнімдерден жаппай улану фактісі бойынша осы өнімдер сатылатын дүкендерге мониторинг жүргізген. Мониторинг барысында 1,5 мыңнан астам дүкен қамтылған.

    «Кеден одағының техникалық регламенттерін сақтау тұрғысынан зертханалық зерттеулер үшін шығу тегі күмәнді импорттық өнімдердің (снектер) 14 үлгісі сатып алынды. Зерттеу нәтижелері бойынша осындай өнімдердің құрамында дәм күшейткіштер (тағамдық қоспалар) бар екені анықталды: натрий глутаматы (Е621), натрий гуанилаты (Е627), натрий инозинаты (Е631), оларды өндірісте қолдану техникалық регламент талаптарында белгіленбеген. СЭБК атап өткендей, дәм күшейткіштері бар өнімдерді шамадан тыс тұтыну семіздікке әкеліп соқтырады, сонымен қатар аллергия, ас қорыту бұзылыстары, күйдіргі тудыруы мүмкін», деп хабарлады ДСМ.

    Еске салайық, бұған дейін мониторинг барысында тағамдарды таңбалауда өнімнің атауы, сандық құрамы, тағамдық және энергетикалық құндылығы, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының, импорттаушы ұйымның орналасқан жері, ГМО туралы мәліметтер жоқ екені анықталғанын хабарлаған едік. Ал Ақтөбе облысында осы тәттіден 23 оқушы уланып, ауруханаға түскен еді.

  • Жаппай улану:мектеп асханасының 7 қызметкерінен жұқпалы ауру анықталды

    Жаппай улану:мектеп асханасының 7 қызметкерінен жұқпалы ауру анықталды

    Маңғыстауда оқушылар жаппай тамақтан уланған мектеп асханасының 7 қызметкерінен жұқпалы ауру анықталды.

    Еске салайық, өткен аптада Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылында №8 жалпы білім беру мектебінің 466 оқушысы тағамнан уланып қалған еді.

    https://sona.kz/kk/mangystawlyq-43-oqwshy-awrwhanadan-shyqty-5278/ 100-ге жуық бала ауруханада емделіп, үйлеріне шықты. Мамандар асханадағы дайын тамақ өнімдерінен, су және асхана қызметкерлерінен бактериологиялық тексеруге сынамалар алған. Нәтижесінде картоп езбесі, құс етінен әзірленген котлет және соус пен компоттан патогенді бактериялар анықталған.

    Ыдыстардан ішек таяқшалары табылды. Сондай-ақ 6 адамның стафилокок жұқтырғаны, ыдыс жуушы әрі оқушыларға ас таратқан қызметкердің дизентерия бактериясын тасымалдаушы екені белгілі болды. Бұған қоса, 4 қызметкердің медициналық құжаты жалған болып шықты. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.