Метка: ЖӘРДЕМАҚЫ

  • 1991–2021 жылдары қаза тапқан құқық қорғау қызметкерлерінің отбасыларына жәрдемақы тағайындалады

    1991–2021 жылдары қаза тапқан құқық қорғау қызметкерлерінің отбасыларына жәрдемақы тағайындалады

    Қазақстанда 1991–2021 жылдар аралығында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына қатысты маңызды әлеуметтік шешім қабылданды. Бұл туралы Мәжілістің бір жылдық жұмысын қорытындылау барысында палата төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап..

    Оның айтуынша, депутаттар әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталған заңнамалық түзетулерді қабылдап, бұрын жәрдемақы алу құқығынан тыс қалған азаматтарды әлеуметтік қамту мәселесін шешкен.

    «Қызметтік борышын өтеу кезінде асыраушысынан айырылған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына қолдау көрсету – әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру жолындағы маңызды қадам. 1991–2021 жылдар аралығында асыраушысы қайтыс болған 500-ден астам отбасыға ай сайынғы жәрдемақы төлеу мәселесі шешімін тапты», – деді Ерлан Қошанов.

    Аталған өзгерістер әлеуметтік саладағы заңнамалық бастамалар аясында қабылданған. Бұған дейін бұл санаттағы отбасылар қолданыстағы нормаларға сәйкес мемлекеттік қолдаудан тыс қалған болатын.

    Айта кетейік, бүгін Мәжіліс төрағасы депутаттардың бір жыл ішінде атқарған жұмысының қорытындысын жариялады.

  • 2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылар өседі: есептеу мысалдары

    2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылар өседі: есептеу мысалдары

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі, сондай-ақ базалық және ынтымақты зейнетақылар 10 пайызға индексацияланады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Тиісті шара 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда Ұлттық банктің болжамды инфляциясын ескере отырып қарастырылған, деп хабарлайды  Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Жаңа көрсеткіштерге сәйкес, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені құрайды, бұл күнкөріс деңгейінің 70 пайызына тең. Базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері 110 пайыздан 118 пайызға дейін өсіп, 60 005 теңгеге жетеді.

    Министрлік есептеу мысалын келтірді. 2019 жылы зейнетке шыққан, жасы 70-тегі зейнеткер 2025 жылы жалпы 171 588 теңге алған, оның ішінде 50 851 теңге  базалық, 120 737 теңге  ынтымақты зейнетақы. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап оның жалпы зейнетақысы 192 816 теңгеге дейін өседі: базалық зейнетақы  60 005 теңге, ынтымақты зейнетақы  132 811 теңге. Аталған сомаға БЖЗҚ-дан төленетін қаражат кірмейді.

    Сонымен қатар мемлекеттік жәрдемақылар да ұлғаяды. Бірінші, екінші және үшінші бала дүниеге келгенде төленетін біржолғы жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін өседі. Төртінші және одан кейінгі балаларға төленетін жәрдемақы 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін ұлғаяды.

    Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар да индексацияланады. Төрт баласы бар отбасылар үшін төлем 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге дейін, ал он баласы бар отбасылар үшін 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін өседі.

    Мүгедектігі бар азаматтарға төленетін жәрдемақылар да 10 пайызға артады. I топтағы мүгедектер үшін  111 872 теңге, II топ үшін  89 498 теңге, III топ үшін  61 021 теңге болады.

    Сондай-ақ еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер де көбейтіледі. Бұл төлемдердің мөлшері соңғы екі жылдағы орташа табысқа және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты есептеледі.

  • Қазақстанда бала тууына және күтіміне берілетін жәрдемақылардың мөлшері белгілі болды

    Қазақстанда бала тууына және күтіміне берілетін жәрдемақылардың мөлшері белгілі болды

    2025 жылы Қазақстанда бала тууына және бір жарым жасқа дейінгі күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақыларды 535,4 мың адам алған. Жалпы төлем көлемі 749 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz- ке сілтеме жасап.

    Жыл басынан бері бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы 312,2 мың азаматқа тағайындалды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 56,4 млрд теңге бөлінді. Қараша айында ғана 26,1 мың отбасы 4,8 млрд теңге көлемінде төлем алды. Жәрдемақы алу құқығы Қазақстан азаматтарына, қандастарға және елде тұрақты тұратын шетелдіктерге беріледі.

    Жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалар санына байланысты. Бірінші, екінші және үшінші балаға — 38 АЕК (149 416 теңге), төртінші және одан кейінгі балаларға  63 АЕК (247 716 теңге) төленеді.

    Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын азаматтар үшін бала бір жарым жасқа толғанға дейін күтім жәрдемақысы қарастырылған. 2025 жылдың басынан бері бұл төлемді орта есеппен 125 мың адам алған, жалпы сомасы  40,2 млрд теңге. Ай сайынғы төлем мөлшері 22 648 теңгеден 34 995 теңгеге дейін.

    Ал жұмыс істейтін ата-аналар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілік пен босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлем алады. Жыл басынан бері мұндай төлем 187,2 мың адамға тағайындалып, 260 млрд теңге төленген. Орташа төлем мөлшері — 1,43 млн теңге.

    Сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бала күтімі бойынша ай сайынғы төлем беріледі. Оның мөлшері соңғы екі жылдағы орташа табыстың 40%-ын құрайды. 11 айда бұл көмекті 223,2 мың адам алып, төлем көлемі 392 млрд теңгеден асты.

  • 200 млн теңгеден астам зиян: жәрдемақыны заңсыз рәсімдеу схемасы анықталды

    200 млн теңгеден астам зиян: жәрдемақыны заңсыз рәсімдеу схемасы анықталды

    Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Павлодар облысы бойынша департаменті жүкті әйелдерге әлеуметтік төлемдерді заңсыз рәсімдеуге бағытталған схеманы анықтады, деп хабарлайды Sona.kz afm.rk-ға сілтеме жасап.

    Тергеу материалдарына сәйкес, Мемлекеттік әлеуметтік төлемдер орталығының (МӘТЦ) бөлім басшысы кәсіби білімін пайдаланып, өз схемаcын іске асыру үшін жақын туысын — бухгалтерді тартқан. Бухгалтер бірнеше жеке кәсіпкердің электронды цифрлық қолтаңбаларына қол жеткізе алған.

    Ол кәсіпкерлердің рұқсатынсыз жалған еңбек шарттарын, қабылдау туралы бұйрықтарды, есеп айырысу ведомостарын және өзге де құжаттарды рәсімдеген. Қосымша бірнеше танысы жалдап алынып, олар жүкті әйелдерді тауып, рәсімдеудің заңды екеніне сендірумен айналысқан.

    Жалған мәліметтер негізінде уәкілетті органдар әлеуметтік төлемдер тағайындаған. Алынған қаражат күдіктілер арасында бөлініп отырған.

    Агенттіктің мәліметінше, 13 жеке кәсіпкердің атынан 50-ден астам жүкті әйелге 6 млн теңгеге дейін асыра көрсетілген жәрдемақы төленген. Мемлекетке келген шығын 200 млн теңгеден асты.

    Сот санкциясымен күдіктілердің үш автокөлігіне тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.

    Ведомство тергеудің өзге деректері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайтынын атап өтті.

  • Мүгедектік пен асыраушысынан айырылу жәрдемақысы өсті

    Мүгедектік пен асыраушысынан айырылу жәрдемақысы өсті

    2025 жылы бөлінген қаржы:
    • Мемлекеттік жәрдемақылар – 107,8 млрд тг
    • Әлеуметтік сақтандыру қоры – 14,8 млрд тг

    Алушылар саны:
    • Мүгедектік бойынша – 539,9 мың адам
    • Асыраушысынан айырылу бойынша – 194,5 мың адам

    Жәрдемақы мөлшері:
    • I топ – 101 702 тг
    • II топ – 81 362 тг
    • III топ – 55 474 тг
    • Орташа төлем: 70-72 мың тг

    2025 жылдан бастап төлемдер 6,5%-ға өсті.

  • Әйелдерге 8 наурызға орай 9800 теңгеден беріледі

    Әйелдерге 8 наурызға орай 9800 теңгеден беріледі

    Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII қаулысымен бекітілген елорда бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлемелерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға – 36 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9830 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілетін болады.

    Төлем көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әлеуметтік аз қамтылған аналарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде жүзеге асырылады.

    Айта кетейік, былтыр астаналық көпбалалы әйелдерге 9230 теңгеден берілді.

  • Науқастарға жәрдемақысын бермей қойған онкологиялық аурухана бастығы жазаланды

    Науқастарға жәрдемақысын бермей қойған онкологиялық аурухана бастығы жазаланды

    Алматыда жәрдемақы алмай қалған онкологиялық науқастардың құқықтары қорғалды. Алматыда онкологиялық науқастарды әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырған емхана басшылары жауапқа тартылды.

    Алматы прокуратурасының мәліметінше, онкологиямен ауыратын науқастар жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырылған.

      – Қала прокуратурасы онкологиямен ауратын науқастарға мүгедектікті рәсімдемей, кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырған бірнеше емхананы анықтап, оның жолын кесті, – деп хабарлады прокуратурадан.

    Қадағалау актісі бойынша қалалық емханалардың 9 басшысы тәртіптік жауапқа тартылды, 8 пациентке І-топ мүгедектігі берілді.

  • Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті

    Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті

    2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып ұлғайтылды.

    Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 %-на дейін, ең жоғары – 120 %-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.

    Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.

    Мысалы, 2019 жылы зейнеткерлікке шыққан 69 жастағы зейнеткердің 2024 жылы бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшері 156 856 теңгені құрады, оның ішінде базалық зейнетақы төлемі – 45 578 теңге, ынтымақты зейнетақы – 111 278 теңге. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап өсімді ескере отырып, осы зейнеткер үшін зейнетақының жалпы сомасы 171 588 теңгеге дейін ұлғайды, оның ішінде базалық зейнетақы – 50 851 теңгені, ынтымақты зейнетақы – 120 737 теңгені құрады. Аталған сомаларға БЖЗҚ-дағы төлемдер кірмейтінін атап өту маңызды.

    2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың ұлғаюының бірнеше үлгісі:

    • 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 296 теңгеден 149 416 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда берілетін жәрдемақы – 232 596 теңгеден 247 716 теңгеге дейін ұлғайды;
    • мөлшері балалар санына байланысты берілетін көпбалалы отбасыларға арналған  жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 59 183 теңгеден 63 030 теңгеге дейін, 10 баласы бар отбасылар үшін – 147 680 теңгеден 157 280 теңгеге дейін артты;
    • I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 95 496 теңгеден 101 702 теңгеге дейін, II топ – 76 397 теңгеден 81 362 теңгеге дейін, III топ – 52 089 теңгеден 55 474 теңгеге дейін өсті.

    Сондай-ақ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер мөлшері 6,5 %-ға артты. Аталған төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.

  • Жәрдемақы, зейнетақы мен айыппұлдардың мөлшері артады

    Жәрдемақы, зейнетақы мен айыппұлдардың мөлшері артады

    Елімізде келесі жылдан бастап жәрдемақы, зейнетақы мен айыппұлдардың мөлшері көтеріледі. Өйткені 2025 жылдың 1-қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш көлемі 3600 емес, 3900 теңге болады. Бұл туралы үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасында жазылған. Яғни айлық есіптік көрсеткіш көтерілсе, жәрдемақы мен айыппұлдардың мөлшері де артады деген сөз. Мәселен мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандарға және жұмыссыздарға төленетін ақы 6,5 пайызға көтеріледі. Ал зейнетақы көлемі 8,5 процентке артпақ.