Кубалықтар көшеге шығып, электр қуатын тез қалпына келтіруді талап етті. Халық өткен жұмадан бері әлі жарықсыз отыр. Елдегі 8 электр станциясының біреуі істен шыққаннан кейін, 10 миллионнан астам халқы бар мемлекет аумағында жарық өшті. Жағдайды «Оскар дауылы» ушықтыра түскен. Ағаштар құлап, электр желілері үзілді. Кубалықтарды азық-түлік, жанармай мен дәрі-дәрмек тапшылығы тығырыққа тіреп отыр. Ал елдің электр станцияларының жұмысы шетелден импортталатын отынға тәуелді.
Метка: жарық
-

Астанада бірнеше көшенің тұрғындары жарықсыз қалды
«Сағат 15:06-да Алматы ауданында технологиялық ақау орын алып, салдарынан Мыңжылдық аллеясы мен Тәуелсіздік даңғылы, Қордай, А. Байтұрсынов көшелерінің тұтынушылары жарықсыз қалды», — деп мәлімдеді Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазір жарық қосымша қуат көзі арқылы берілген.
«Сағат 15:32-де қосымша қуат көзіне ауыстырылды. Қазіргі уақытта аталған мәселенің себебін анықтау мен жою бойынша жұмыстар жүргізілуде»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
