Метка: Жасанды интелллект

  • Жасанды интеллект шенеуніктердің жұмысын жеңілдетуі мүмкін

    Жасанды интеллект шенеуніктердің жұмысын жеңілдетуі мүмкін

    Шенеуніктер атқаратын жұмыстың бір бөлігін болашақта жасанды интелект орындауы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смышляева айтты.

    «Қараңыздар, қазір әлемде әртүрлі тәсіл бар. ЖИ-агенттері, олар белгілі бір деңгейде өз бетінше шешім қабылдай алады, сосын ассистенттер бар. Аталған жағдайда мемлекеттік аппарат жұмысының бір бөлігін, яғни күнделікті қайталанатын жұмысты жасанды интелект алмастыра алады. Осылайша бұдан да маңызды міндеттерге уақыт қалдырады», – деді Смышляева Мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

    Алайда депутат ЖИ мемлекеттік аппарат штатына қалай әсер ететінін айта алмады.

    «Жұмыс орындары күрт қысқарады немесе ұлғаяды деп айта алмаймын. Күнде қайталанатын жұмыстан босататыны рас, өнімділік пен жылдамдықты арттырады, аналитика Big Data негізінде жасанды интеллект жүйесінде қалады», – деді депутат.

    Айта кетері, бүгін  Мәжілісте «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы таныстырылды.

  • Қазақстанда ЖИ бойынша білім беру бағдарламалары әзірленеді

    Қазақстанда ЖИ бойынша білім беру бағдарламалары әзірленеді

    Үкімет отырысында премьер-министр Жасанды интеллектіні дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен Жасанды интеллект туралы жаңа заң аясында цифрлық трансформациялау және тиісті шешімдерді енгізу жұмыстарын күшейту үшін бірқатар тапсырма берді.

    Халықтың жасанды интеллект саласындағы жаңалықтардан хабардарлығының төмендігін ескере отырып, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қолданыстағы цифрлық шешімдерді одан әрі жетілдіру және оларды пайдалану туралы жұртшылықты ақпараттандыру міндеті қойылды.

    Сонымен қатар премьер-министр Цифрлық даму министрлігіне өңір әкімдерімен бірге келесі жылы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін жасанды интеллект құралдарына оқыту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Ғылым және жоғары білім министрлігі жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстарын дайындауы керек.

  • Әлібек Сайланбаев – Жасанды интеллект комитеті төрағасының орынбасары

    Әлібек Сайланбаев – Жасанды интеллект комитеті төрағасының орынбасары

    2023 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Әлібек Сайланбаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. 

    Әлібек Сайланбаев Назарбаев Университеті мен Сауд Арабиясындағы King Abdullah University of Science and Technology оқу орындарында білім алған. Ол тағайындалғанға дейін Wand Synthesis AI INC компаниясында машиналық оқыту жөніндегі маман ретінде жұмыс істеп, жасанды интеллект саласындағы озық жобалармен айналысты.