Екібастұз қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз алкоголь өнімін дайындайтын астыртын цех жойылды. Тәртіп сақшылары жасырын өндірісті өз үйінде ұйымдастырған қала тұрғынын құрықтады.
Тінту шаралары кезінде полиция қызметкерлері спирттік өнімдерді құюға арналған жабдықтарды, бос ыдыстар мен сатуға дайындалған күмәнді сұйықтықтарды тәркіледі. Алдын ала мәлімет бойынша, өнімдер ешқандай санитарлық нормаларды сақтамастан және рұқсат құжаттарынсыз дайындалған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Полицейлер заңсыз өнімнің қай жерлерде сатылғанын және келтірілген шығын көлемін анықтауда.
Метка: жасырын цех
-

Екібастұзда заңсыз ішімдік шығаратын жасырын цех әшкере болды
-

Шымкентте «3 в 1» кофесінің жасырын цехі жабылды
Шымкент қаласында құқық қорғау органдары заңсыз «3 в 1» кофеін өндіретін жасырын цехті анықтады. Өндіріс қарапайым гаражда жүргізіліп, санитарлық талаптар сақталмаған, ал шикізат сапасы күмән тудырған, деп хабарлайды Sona.kz Криминальный Казакстанға сілтеме жасап.
Дайын өнім бөтелкелерге бөтен тауар белгісімен оралған және қаладағы шағын дүкендер арқылы сатылған. Тексеру барысында цех жабылып, 4 мыңнан астам MacCoffee «3 в 1» орамасы мен өндіріс жабдықтары тәркіленді.
Әділет министрлігінің хабарлауынша, контрафакт кофе тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Өндірісті ұйымдастырған адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотқа жіберілді.
Құқық қорғау органдары азаматтарды азық-түлік өнімдерін сатып алғанда абай болуға, олардың заңдылығын және сапасын тексеруге шақырады.