Метка: Жаттықтырушы

  • 26 жастағы алматылық айықтырғышқа қамалғаннан кейін инсульттан қайтыс болды

    26 жастағы алматылық айықтырғышқа қамалғаннан кейін инсульттан қайтыс болды

    Алматыда 26 жастағы ер адам денсаулығы күрт нашарлаған сәтте медициналық мекемеге емес, айықтырғышқа жеткізілген. Біраз күннен кейін ол миына қан құйылу салдарынан қайтыс болды. Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланып, марқұмның жақындары растады, деп хабарлайды Sona.kz Stan.kz- ке сілтеме жасап.

    Желі мәліметінше, жас жігіт жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Жарыстан кейін тамақтану үшін қоғамдық тамақтану орнына кірген. Сол жерде оның жағдайы нашарлап, жүрегі айнып құса бастаған. Алайда қызметкерлер оны мас деп ойлап, жедел жәрдем шақырмаған.

    Туыстарының айтуынша, ол инсульт алған. Бірақ мекеме әкімшілігі полицияға хабар беріп, ер адамды айықтырғышқа жеткізген. Жақындарына ешқандай ақпарат берілмеген.

    Отбасы мүшелерінің сөзінше, ер адам түн бойы медициналық көмексіз жатқан, салдарынан жағдайы одан әрі нашарлаған. Келесі күні туыстары оны өздері ауруханаға апарған. Дәрігерлер миына қан құйылғанын анықтап, шұғыл ота жасаған. Науқас комаға түсіп, сегіз күннен кейін көз жұмды.

    Марқұмның туыстары дер кезінде көрсетілген көмек оның өмірін сақтап қалуы мүмкін еді деп санайды және жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.

    Оқиғаға қатысты журналист қалалық Полиция департаментіне ресми сауал жолдады. Жауап күтілуде.

  • Жаттықтырушы Алексей Ли допинг жанжалына байланысты өмір бойына шеттетілді

    Жаттықтырушы Алексей Ли допинг жанжалына байланысты өмір бойына шеттетілді

    Жаттықтырушы Алексей Ли ауыр атлетикадағы допинг жанжалына байланысты өмір бойына дисквалификацияланды.

    Халықаралық тестілеу агенттігі бұған дейін қазақстандық жаттықтырушыны спорттық қызметтен уақытша шеттеткен болатын. Бұл басты себебі – біздің титулды ауыр атлеттеріміз: Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Нижат Рагимовқа қатысты допинг жанжалдары.

    ITA ұлттық құраманың 63 жастағы тәлімгерін өмір бойына дисквалификациялау туралы шешім қабылдады, ауыр атлетика Федерациясы ақпаратты растады.

    Сонымен қатар, Виктор Ни, Алексей Геннадьевичтің інісі, жұмыстан шеттетілуі мүмкін. Ол бойынша әлі ресми шешім жоқ. Командада ол жылдар бойы аға жаттықтырушы қызметін атқарып келді.

  • Қостанайда жымқырған жаттықтырушы 5,9 млн теңге иемденді

    Қостанайда жымқырған жаттықтырушы 5,9 млн теңге иемденді

    Қостанай облысында «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» КММ балалар мен жасөспірімдер командаларының шорт-трек жаттықтырушысы бюджет қаражатын 2022 жылдан бері жымқырған деп күдіктелуде.

    2022 жылдың қазанынан 2024 жылдың қаңтарына дейін жаттықтырушы шығындарды өсіріп, жалған аванстық есептер жасаған. Сонымен қатар, спорттық жиындар мен жарыстарға қатыспаған спортшыларды тізімге қосып, түскен ақшаны иемденген. Ұрланған қаражат сомасы 5,9 млн теңгені құрады.

    «Кейіннен ұрланған ақшаны депозиттік шотқа аударып, заңды айналымға енгізді және ай сайынғы 9,6% мөлшерлемемен сыйақы алып отырды», – делінген хабарламада.

    Пайыздық сыйақы түріндегі табыс сомасы 613,1 мың теңгені құрады.

    Жемқорлықты тергеу бюросының мәліметінше, айыпталушының әрекеті ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігі және 218-бабының 1-бөлігі бойынша сараланады. Бұл мүлікті тәркілеу, белгілі бір лауазымдарды атқаруға 6 жылға дейін тыйым салу және 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.