Метка: Жайлы мектеп

  • Үш жылда ауылдарда 180 мектеп салынады

    Үш жылда ауылдарда 180 мектеп салынады

    Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде 2027 жылға дейін 180-ге жуық мектеп салу жоспарланған.

    Үкімет басшысы қазір ауыл мектебі – тек білім ордасы ғана емес, жергілікті халық үшін мәдениет ошағына, рухани орталыққа айналғанын, Мемлекет басшысы ауыл мектептерін дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

    Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қоса алғанда, ауылдарда 42 мектеп пайдалануға берілді.

    «Соңғы үш жылда ауылдарда 2,5 мыңға жуық мектеп жаңғыртылды. Оқыту жағдайларын жақсарту және жайлы орта құру мақсатында 800-ден астам мектепті қайта жаңарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ауыл мектептері үшін 4 мыңнан астам пәндік кабинет сатып алынды. Оқу-ағарту министрлігі жыл соңына дейін өңірлерге мектептерді қайта жаңартудың бірыңғай талаптарын ұсынуы керек. Онда білім ошақтарын күрделі жөндеу ғана емес, пәндік сыныптармен жабдықтау мәселесі де қаралуға тиіс», – деді О.Бектенов Үкімет отырысында.

    Ауылға білікті педагогтерді тарту мақсатында лауазымдық жалақыға 25% мөлшерінде қосымша ақы көзделген.

    Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде педагогтерге көтерме жәрдемақы төленеді, сондай-ақ тұрғын үй сатып алуға немесе салуға тиімді несиелер беріледі.

  • Жайлы мектеп: 2025 жылы  217 мектеп пайдалануға беріледі

    Жайлы мектеп: 2025 жылы 217 мектеп пайдалануға беріледі

    «Жайлы мектеп» жобасы аясында 217 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл жоспар 2025 жылдың соңына дейін жүзеге асыуы тиіс. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауынада айтты.

    «Еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру ісінде орта білім беру жүйесі өте маңызды рөл атқарады. Менің тапсырмаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Осы өте маңызды жұмысты «Самұрық-Қазына» қоры қадағалап отыр. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаға белсене атсалысуға тиіс. Депутаттар да ортақ істен шет қалмайды деп ойлаймын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент Үкімет жайлы мектептерді арнайы басқару жүйесін енгізуді ойластыруы керек екенін жеткізді.

    «Сонымен бірге, еліміздегі 1300 мектепке күрделі жөндеу жүргізу қажет. Үкімет әкімдермен бірге оны қаржыландыру көздерін анықтап, соның ішінде демеушілерден де қаражат тартып, 3 жыл ішінде бұл мектептерді толық жаңартуы керек.Мемлекет кепілді төлемдер үшін қыруар қаражат бөледі. Оның ішінде жекеменшік мектептерге берілетін қаржы да бар. Мысалы, 250 мыңнан астам бала оқитын жекеменшік мектептерге биылдың өзінде бюджеттен 134 миллиард теңге бөлінді. Ата-аналар мемлекеттің жеке меншік мектептерге нақты көмек беріп жатқанын білуге тиіс. Осыған орай әр балаға норматив бойынша бөлінген қаражат көрсетіліп тұруы қажет. Сонда азаматтарымыз әлеуметтік бағдарламаларға бөлініп жатқан қаржы туралы шынайы ақпараттан хабардар болады», — деп толықтырды Мемлекет басшысы.